Огай – ҚФФ-дағы бапкерлер мәселесі жайлы: жергілікті мамандар жұмыс істеуі керек
16 августа, 12:01
Фото: Дмитрий Огай
ҚПЛ-дағы бірқатар клубтардың бұрынғы бас бапкері Дмитрий Огай BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасында шетелдік бапкерлердің жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін бұл мәселені ұлттық құраманың бұрынғы баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен көтерген болатын.
Маманның айтуынша, көптеген елдерде жастар құрамаларын жергілікті жас жаттықтырушылар баптайды. Қазақстан да осылай жасауы керек.
«Жастар командаларында әдетте жас мамандар жұмыс істейді. Мен Ермұхамед Мәуленнің пікірімен келісемін – жергілікті жаттықтырушылар жұмыс істеуі керек. Менің білуімше, кейбір қазақстандық жас мамандарға жастар құрамаларында жұмыс істеу ұсынылған, бірақ олар бас тартты. Неге олай жасағанын түсінемін», – деді Огай.
Ол ҚФФ техникалық директоры Геннадий Скуртулға ерекше тоқталды.
«Мен Скуртулды жақсы білемін. Қазақстан ішінен осындай УЕФА Pro лицензиясы және УЕФА нұсқаушысы деген лицензиясы бар маманды тауып берейік. Мұны алу үшін Еуропада оқу керек. Қазақстанда ондай лицензия ешкімде жоқ. Скуртул – сауатты маман. «Барселонадан» жаттықтырушылар келеді деп ойлайсыз ба? Мамандарымызды осында, өз елімізде оқыту керек», – деді ол.
Огай барлық шетелдіктерге емес, тек қазақстандық футболға пайда әкеле алмайтын мамандарға қарсы екенін баса айтты.
«Мен деңгейі төмен шетелдіктерге қарсымын. 90-жылдары Қазақстанның барлық жастар мен жасөспірімдер құрамаларын ресейліктер жаттықтырды. Ол кезде жағдай тым қатты шиеленісіп кетті», – деп қосты бапкер.
Маман отандық лигалар тақырыбын да назардан тыс қалдырған жоқ. Оның ойынша, бірінші лигада тек қазақстандық жаттықтырушылар жұмыс істеуі керек.
«Қазақстандықтар бірінші лигада жұмыс істеуі керек. Бір-екі жыл бұрын ҚФФ «егер адам басына 7 миллион теңгеден кететін болса, неге біз Pro лицензиясы бар жаттықтырушыларды дайындап жатырмыз?» деп мәселе көтерген еді. Сонда олар оқып болып, үйде отыруы керек пе? Қазіргі кезде жаттықтырушылар таныс арқылы жұмыс істейді. Агенттер өздерінің жаттықтырушыларын әкеледі, ал олар өз ойыншыларын әкеліп, олардың барлығын басқарып отырады. Бұл барлық клубтарда болып жатқан жағдай. Жас жаттықтырушыларға жаным ашиды – бұл жүйеден бас тартса, кейін ешқайда жұмысқа орналаса алмайды», – деді Огай.
Оның пайымдауынша, агенттің ықпал етуі Қазақстан футболындағы басты мәселелердің бірі болып қала береді.
«Бұдан арылмасақ, футболымыз құлдырап кетеді. Агенттер тек өздерінің, табыс әкелетін ойыншыларын әкеледі. Көп командада осылай болып жатыр. Чемпионаттың ортасында 10 адамның бір командадан кетіп, екінші командаға кеткенін көрдіңіз бе? Бұл жай ғана күлкілі», – деп түйіндеді маман.
Огай бұған дейін ҚФФ-ның «Жетісуға» техникалық жеңіліс бергеніне қатысты пікір білдірген еді.
Читайте также
Главные новости
Эксперт — о матче «Селтик»–«Кайрат»: у шотландцев нет опорника и бомбардира
2Турнирная таблица
Астана
Кайрат
Тобол
Актобе
Елимай
Окжетпес
Женис
Ордабасы
Жетысу
Кызылжар
Кайсар
Туран
Улытау
Атырау
Манчестер Сити
Сандерленд
Тоттенхэм
Ливерпуль
Ноттингем Форест
Арсенал
Лидс
Брайтон
Фулхэм
Астон Вилла
Челси
Кристал Пэлас
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Манчестер Юнайтед
Борнмут
Брентфорд
Бёрнли
Вест Хэм
Вулверхэмптон
Барселона
Райо Вальекано
Хетафе
Вильярреал
Атлетик Бильбао
Алавес
Эспаньол
Эльче
Бетис
Реал Сосьедад
Валенсия
Осасуна
Реал Мадрид
Севилья
Атлетико Мадрид
Леванте
Жирона
Сельта
Реал Овьедо
Мальорка
Кёльн
Хейденхайм
Байер 04
Бавария
Боруссия Дортмунд
Боруссия М
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Санкт-Паули
Майнц
Гамбург
РБ Лейпциг
Фрайбург
Хоффенхайм
Унион Берлин
Штутгарт
Вольфсбург
Вердер
Милан
Фиорентина
Рома
Аталанта
Болонья
Кальяри
Комо
Дженоа
Верона
Интер Милан
Ювентус
Лацио
Парма
Пиза
Сассуоло
Наполи
Торино
Удинезе
Кремонезе
Лечче
Монако
Осер
Анже
Лион
ПСЖ
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лилль
Брест
Лорьян
Метц
Нант
Ницца
Марсель
Париж
Ланс
Гавр
Әлім Динасылов