Мұғалім болып, Еуроға дейін жетті: Маркку Канерва – Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына басты үміткер
1 июля, 16:23
Фото: Маркку Канерва
2026 жылдың 22 маусымында Талғат Байсуфинов өз еркімен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Келесі күні-ақ БАҚ бос орынға басты үміткерді атады: ол 62 жастағы фин маманы Маркку Канерва. Бұл адамның тарихы – фин футболының аңызына айналған қарапайым мектеп мұғалімі туралы. ASnews.kz бұл хикаяны егжей-тегжейлі баяндайды.
«Бенфиканы» жеңгені үшін қолпашталған мұғалім
Маркку Тапио Канерва Хельсинкиде дүниеге келген. Бала кезінде оған «Риве» деген лақап ат қойылған – ауладағы балалар оның ойын мәнерін бразилиялық Ривелиномен салыстыратын, уақыт өте келе бұл есім қысқарып кетті. Ол 10 жасында Олимпиадалық стадионда ХИК клубының матчына болбой (доп әкелуші бала) ретінде тап болғанға дейін өзін кәсіби футболшы ретінде елестетпеген. Дәл сонда ол бір күні осы аренада өзі ойнайтынына серт береді.
Канерваның мұғалімдік мансабы кездейсоқ басталды. Жиырма жас шамасында ол бастауыш сыныптардың уақытша мұғалімі болып жұмысқа орналасады. 1985-1986 оқу жылы шешуші болды, ол декреттегі ұстаздың орнына бірінші сыныпқа жетекшілік етті. Мектеп директоры оның жұмысын жоғары бағалап, педагог мамандығына түсуге кеңес береді. 1986 жылы Канерва Хельсинки университетіне түсіп, ХИК сапында жоғары деңгейде де ойнап жүрді. Кештері матчтарға кететіндіктен, студенттік кештерге уақыт мүлдем қалмайтын. Ол өзінің дипломдық жұмысын төртінші сынып оқушыларына футбол техникасын үйрету әдістерінің тиімділігіне арнаған.
Маркку бастауыш сынып мұғалімі тұрақты лауазымын 1993 жылы алды және футбол ойнаумен қатар, жылдар бойы Хааги мектебінде спорттық сыныптарға жетекшілік етті. Сол кездің ең жарқын сәті 1998 жылы болды – ХИК Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, португалиялық «Бенфиканы» (2:0) сенсациялық түрде жеңді. Матч алдында Португалия телеарнасы мектепке келіп, «доп теуіп жүрген мұғалім» туралы репортаж түсіріп кеткен. Португалияда «Бенфиканың» «әуесқойлар командасынан» жеңілгені туралы шулы тақырыптар шықты, бірақ ол уақытта Канерва фин клубындағы басқа негізгі жұмысы бар жалғыз ойыншы болатын.
Ол футболшы мансабын дәл осы тарихи 1998 жылы аяқтап, туған ХИК клубында 13 маусым өткізді.
Неліктен мектептен кетті?
Фин үшін 2004 жыл бетбұрыс кезеңі болды, оған Финляндия жастар құрамасының (U-21) бас бапкері лауазымы ұсынылды. Канерва алдымен өзінің алтыншы сыныбын соңына дейін оқытып бітіруді жөн көрді, тек көктемгі семестр аяқталғаннан кейін ғана демалыс алып, федерациямен келісімшарт ұзартылғаннан кейін ғана толығымен бапкерлік жұмысқа ауысты. Бұл ауысу бірден болған жоқ: 2001-2002 жылдары ол ХИК-тің екінші бапкері болып жұмыс істеу үшін демалыс алып, кейін мектепке қайта оралып, тағы бір жарым жыл сабақ берген.
Жалпы алғанда, ол он жылға жуық мұғалім болып жұмыс істеді. Канерва бұл тәжірибенің ізсіз кетпегеніне сенімді:
«Екі жағдайда да әңгіме үйрету үрдісін бағыттай білу туралы болып отыр. Мұғалімге де, бапкерге де өз шәкірттерінің тұлғасын танып, әрқайсысына ең тиімді оқыту әдісін таңдау керек. Сондай-ақ, әркімге өз дамуы үшін жауапкершілік жүктеу қажет», – деді ол.
Бапкер ешқашан ақша үшін ешқайда бармағанын, өзіне ұнайтын және мағынасы бар іспен айналысқанды жөн көретінін мойындады.
Тарихи Еуро-2020-ға барар жол
2004 жылдан 2010 жылға дейін Канерва Финляндия жастар құрамасын басқарып, 2009 жылы тарихта тұңғыш рет оны жастар арасындағы Еуропа чемпионатына алып шықты, бұл үшін ол елдің үздік бапкері деп танылды. 2017 жылға дейін ол негізгі құраманың штабында ассистент болып жұмыс істеді, екі рет бас бапкердің міндетін уақытша атқарды, ал 2016 жылдың желтоқсанында ол үш жылдық келісімшартпен толыққанды басшы болып бекітілді.
2019 жылдың қарашасында Канерва нағыз сенсация жасады: ол Финляндия құрамасын тарихта тұңғыш рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне алып шықты, іріктеу тобында тек Италияға ғана жол берді. Фин журналистері бұл кезеңді революция деп атады. Бапкер құрамды түбегейлі жаңартты, ал Еуроға шыққаннан кейін оны жұрт қолмен көтерді. Ол команданы қатып қалған тактикалық жүйеге бағындырмай, қолда бар ойыншылардың қауқарына қарай ойын өрнегін құрды. Жарқын мысал: іріктеу кезеңінде дәл осы тәсілдің арқасында жұлдызы жанған шабуылшы Теему Пукки.

Маман өзінің философиясын былай сипаттады:
«Команда мен үшін әрбір мүшесі өз күшті жақтарын таба алатын қауіпсіз отбасы сияқты. Әркімнің тек ойыншы ретінде ғана емес, тұлға ретінде де дами алуы маңызды».
Құлдырау, жұмыстан кету және Қазақстан құрамасына тағайындалуы туралы қауесеттер
2024 жылдың маусымында федерация Канервамен келісімшартты ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіне дейін ұзартты. Алайда, кейін құлдырау басталды: ұлттар лигасының 2024/25 маусымында Финляндия 2:13 жалпы доп айырмашылығымен барлық алты матчта жеңіліп, федерация бапкермен келісімшартты бұзды. Журналистер бұл құлдырауды мотиватор-бапкерлердің ірі жеңістерден кейін жиі жанып кететіндігімен түсіндірді. Содан бері фин маманы жұмыссыз отыр.
ӘЧ-2022 іріктеуі кезінде оның командасы Қазақстан құрамасын екі рет жеңді (соның ішінде қонақта 2:0 есебімен). Дәл сол кезде жергілікті журналист одан бір күні Қазақстан құрамасын басқарғысы келеді ме деп сұрағанда – бапкер жауаптан сыпайы түрде қашқан болатын.
Ықтимал тағайындау туралы не айтылуда?
Финнің Kymppipaikka басылымы Қазақстан тарапынан қызығушылықтың болуы таңқаларлық емес екенін атап өтті: Канерваның жетістіктері Финляндиядан тыс жерлерде де жақсы есте қалған. Маманды біздің құрама үшін ең түсінікті нұсқа деп атайды – ол құрамда топ-ойыншылар болмаса да, түсінікті ойын құрылымын тез енгізіп, нәтиже шығара алатын бапкер.
Ал «Риве» әзірге бұл ақпараттан алшақ жүруді жөн көреді:
«Менімен ешкім байланысқан жоқ. Бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін».
Сонымен қатар, ол мансабын жалғастырудың әртүрлі нұсқаларын жоққа шығармайды, бірақ басты басымдық ретінде еуропалық клубтық футболдағы жұмысты атайды. Маман бапкерлік кәсіпте 65 жаста зейнетке шығу міндетті емес екенін, өйткені бапкердің де, ойыншының де құндылығы жаспен өлшенбейтінін баса айтты.
Читайте также
Главные новости
Работал учителем и дошел до Евро: Маркку Канерва – главный кандидат на пост тренера сборной Казахстана
3Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Елимай
Астана
Улытау
Актобе
Атырау
Жетысу
Женис
Кайсар
Кызылжар
Тобол
Каспий
Иртыш
Алтай
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов