«ҚФФ ұсынысын қарастырар едік»: «Бавария» шабуылшысы Қазақстан құрамасында ойнауы мүмкін

23 марта, 13:37

«ҚФФ ұсынысын қарастырар едік»: «Бавария» шабуылшысы Қазақстан құрамасында ойнауы мүмкін

Фото: Артур Деграф

«Бавария» жанкүйерлері жарқ етіп шыққан Леннарт Карлдың ойынына сүйсініп жатқанда, қосалқы құрамда тағы бір талант өсіп келеді – 19 жастағы Артур Деграф. Вингер «Бавария» қақпасына дубль жасап, соның арқасында мюнхендік клубқа қосылды, ал маусымның алғашқы бөлігінде бес нәтижелі әрекетпен көзге түсті.

ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Артурдың әкесі Эдуард:

  • шабуылшының не себепті Қазақстан атынан ойнай алатынын түсіндірді;
  • қызығушылық танытқан өзге клубтарды атады;
  • АҚШ-та Сон Хын Мин ойнайтын командаға қарсы өткен ойыны жайлы айтып берді.

– Түп-тамырыңыз туралы айтып беріңіз.

– Мен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Карбушевка ауылында (қазіргі атауы – Көктас) дүниеге келдім, ал жұбайым Абай облысындағы Чарск қаласының тумасы. Өзіміз – 30-жылдары депортацияланған, бірақ болмыс-бітімін сақтап қалған поволжьелік немістерміз: әрдайым дәстүрімізді ұстанып, шыққан тегімізді ұмытпай өстік.
90-жылдары ата-анамызға тарихи отанына оралу мүмкіндігі туды, олар осы мүмкіндікті пайдаланды. Ол кезде мен әлі жас едім. Алдымен Германияның оңтүстігіне қоныстандық, кейін шығысына – Лейпцигтің маңына көштік. Ал Артур Биберах қаласында дүниеге келді.


– Бұл Лорис Кариус футбол жолын бастаған қала ма?

– Тек ол ғана емес. Танымал түлектердің қатарында кеңестік жанкүйерлерге таныс Эдгар Гесс бар. Ол 80-жылдары «Пахтакор» сапында ойнады, кейін «Алма-Атаны» және «Биберахты» жаттықтырды.
Осы маңайда «Баварияның» бұрынғы қорғаушысы Хольгер Бадштубер дүниеге келген – ол менің бұрынғы бастығымның жиені. Ал небәрі 20 шақырым жерде Марио Гомес футболдағы алғашқы қадамдарын жасаған.

– Биберах тұрмыстық жағынан қандай қала?

– Бұл – индустриялық қала: халқы 35 мың болғанымен, 32 мың жұмыс орны бар. Мұнда жер қазу және құрылыс техникасын шығаратын әйгілі Liebherr компаниясы қызметін бастаған.
Мен өзім VOLLMER фирмасында жұмыс істеймін. Бұл компания ағаш және металл өңдеу саласындағы кесу құралдарына арналған жабдық өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі саналады.
Спорттық инфрақұрылым жақсы дамыған – стадионнан бөлек, жасанды төсеніші бар үш алаң және арнайы жаттығу алаңдары бар.

– Артур футболға қашан және қалай қызыға бастады?

– Үш жасынан-ақ доппен жақсы ойнайтыны байқалды. Мен іссапарда жүргенде, ұлым анасы, ата-әжесі және достарымен бірге жаттықты. Төрт жасында Артур өңірлік футбол орталығына қабылданды, ол жерде кіші жастағы балаларды біздің күйеу баламыз жаттықтыратын.
Тоғыз жасқа дейін ол «Биберахта» өзінен бір жас үлкен балалармен бірге ойнады, кейінірек «Равенсбургке» ауысты – бұл деңгейі жоғары клуб еді. Мұндай мүмкіндік қаралым арқылы туды.

– Артурдың жасөспірімдер арасындағы мансабы қалай жалғасты?

– «Равенсбургтегі» кезеңінің соңына қарай клуб басшылығы U16 командасын ашуға шешім қабылдады. Бірақ ол жаңадан құрылғандықтан, төменгі лигада ойнауға тура келді. Сондықтан «50 шақырым жол жүріп, сондай төмен деңгейдегі матчтарға қатысудың қажеті бар ма?» деген сұрақ туды.
U17 құрамасында орын берілмеген соң, біз бұрыннан қызығушылық танытқан «Ульмге» хабарластық. Олардың қызметкерлері Артурды аймақтық құрамадағы ойындарынан білетін. Коронавирус кезеңінің қиындығына қарамастан, оны тез қабылдады.

Факт: жылына бір рет Германия футбол одағы (DFB) 16 федералдық өңірдің үздік футболшылары арасында жарыс өткізеді.

– 2024/25 жылғы маусымда ол 14 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанды. Мұндай нәтижеге не себеп болды?

– Негізі, «Ульм» U16 сапында жүргенде-ақ Артур өте көп гол соғатын, сондықтан оны U17 командасының жаттығуларына қосатын. Ол тез бейімделіп, DFB аясындағы WFV турнирлеріне қатысты. Сол кезде бізге «Гамбург» те хабарласқан, бірақ «Ульм» трансферге кедергі келтірді. Ал U19 құрамасында оның мүмкіндігіне шын сенген бапкер болды. Әрине, осының бәрі нәтижеге әсер етті деп ойлаймын.
Жыл соңында жігіттер «Штутгартқа» қарсы Кубок финалында ойнап, пенальти сериясында жеңіске жетті (8:7). Командаластары мен бапкерлер штабы Артурдың ашылуына көп көмектесті. Тек жарақат кедергі болды.

– «Бавария» оны өздеріне қарсы кездесудегі жарқын ойынынан кейін шақырды деген рас па?

– Маусымдағы екі ойында да Артур «Баварияға» екі гол соқты, бірақ алғашқы байланыс одан сәл бұрын орнаған. Сонымен қатар «Фрайбург» та қызығушылық танытты. Оның «Равенсбургпен» ерекше байланысы бар, сондықтан Артур олардың да назарында бұрыннан жүрген. Ол клубқа да ұлым үш гол соқты.

– БАҚ-та трансферге Кристоф Фройндтың қатысы бар делінеді. Сіздер онымен қалай байланыс жасадыңыздар?

– Шын мәнінде бәрі басқаша болды. «Бавариямен» алғашқы матчтан кейін Артурдың қазіргі агенті хабарласып, келіссөздерге айтарлықтай ықпал етті. Сол агентке мюнхендіктердің скаутинг қызметінің басшысы Флориан Цан хабарласып, кездесуді өзі ұйымдастырды. Ол кездесуде клубтың ұлыма қызығушылығы барын айтты. Ал келісім құжаттарын Кристоф Фройнд емес, Йохен Заур реттеді.

Факт: 2019 жылға дейін 44 жастағы Цан «Челсиде» скаут болып жұмыс істеген. Ал 53 жастағы Заур – «Вольфсбургтің» бұрынғы спорт директоры әрі «РБ Зальцбургтің» басқарма төрағасы.

«Ульм» Артурды командада сақтап қалуды ойлады, бірақ клубтың екінші дивизионда қалуы екіталай еді. Тағы бір маңызды фактор – ұлым әрдайым «Баварияға» жанкүйер болды. Маған «Боруссия» (Дортмунд) ұнаса, ол бала кезінен мюнхендіктердің ойынын бақылап өсті.
Біз бірден негізгі құрамға өтуді мақсат тұтпаймыз, себебі мұның кез-келген футболшыға бұйыра бермейтінін түсінеміз. Мұндай серпіліс тек Карл секілді ерекше футболшыларға тән. Ал инфрақұрылымы мен бапкерлік тәсілінің арқасында «Бавария» жасөспірімдер футболынан ересектер футболына өтуді жеңілдетеді.

– Қосалқы командадағы екінші ойынында Артур «Бухбахқа» қарсы екі гол соқты (6:3). Сол сәтте не сезіндіңіз?

– Әрине, ата-ана ретінде қатты қуандым. Шабуылда ойнаған соң, гол соғу – оның тікелей міндеті. Артур небәрі 19 минутта мергендік қабілетін көрсетті. Мен стадионда болмасам да, ұлым үшін үлкен мақтаныш сезімін бастан кешірдім.

– Қыркүйекте ол негізгі құраммен бірге жаттықты. Алған әсері қандай болды?

– Ол сезімін көп айта бермейді, бірақ бұл тәжірибенің пайдалы болғанын жеткізді. Жұлдызды футболшылар жастарға жылы қабақ танытыпты: бәрін көрсетіп, түсіндіріп, жасқанып қалмауына көмектескен екен.

– Қаңтарда Артур АҚШ-та болды.

– «Бавария» басшылығы бірнеше жыл бойы АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап жүрген. Биыл олар Сан-Диегоға барып қайтты. Команда он күндік тур барысында «Лос-Анджелеске» қарсы матч өткізді.

Цитата: «Екі ойында да баға жетпес тәжірибе алдым және сенім артқаны үшін бапкерге алғыс айтамын – мұншалықты көп ойын тәжірибесі кез-келген футболшыға бұйыра бермейді. АҚШ-тың топ футболшыларының жанында өзімді сынап көру бақытына ие болдым», – деді Артур Деграф.

– Жергілікті бапкерлер оның болашағы жайлы не дейді?

– Маусым басталар алдында болған әңгімеде олар ұлымның келешегі туралы көзқарастарын айтты, ал Артур маусымға арналған жеке мақсаттарын айқындады. Сол кезде біз оның командадағы ең жылдам ойыншы екенін және Skills.Lab жүйесінде жақсы көрсеткіштер көрсеткенін білдік.
Бұл – алтыбұрышты зал түріндегі жоғары технологиялық жаттығу құралы. Футболшының айналасында бес үлкен экран орналасқан. Оларда қуатты проекторлар арқылы шынайы ойын жағдайлары көрсетіледі: қарсыластар, әріптестер, жанкүйерлер және матчтың түрлі сценарийлері бейнеленеді.

Факт: Артурдың әкесінің жиені Деннис Шитц – «Дармштадт 98» жастар командасының бұрынғы қорғаушысы.

– Ұлттық құрамадағы мансабына қатысты жоспары қандай?

– Әр адам ұлттық құрамада ойнауды армандайды, сондықтан соңғы кезде ұлым бұл туралы жиі айта бастады. Мысалы, «Равенсбургте» ол қақпашы Давид Кляйнмен бірге ойнады. Ол Германияның жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізіміне бірнеше рет енген, бұл Артурды да жігерлендіреді. Бізге DFB тарапынан әзірге ешкім хабарласқан жоқ.

– Артур Қазақстан туралы не біледі?

– Мен жұмыс бабымен елге барып тұрамын, түрлі естелік заттар әкелемін. Сондықтан отбасымызда Қазақстан тақырыбы жиі қозғалады. Бұл – ата-бабамыз үй салған, біздің туған жеріміз. Біз балаларға шыққан тегімізді, мектептегі кездерімізді, жақсы естеліктерді айтып отырамыз.
Ол кезде Көктас ауылында футбол алаңы болмаған – балалар қыста жылқы ұстайтын қорада ойнайтын. Кейде оларға көркейіп кеткен Астананың суреттерін көрсетемін. Қазір ол әсем әрі заманауи қалаға айналған.

– «Қайраттың» және Дастан Сәтпаевтың жетістіктерін бақылап жүрсіздер ме?

– Біз Қазақстан чемпионатын толық қадағаламаймыз, бірақ Артурдың інілерімен бірге «Қайраттың» екі ойынын көрдік. Шынымды айтсам, ол теледидар қосқаннан гөрі өзі ойнағанды жөн көреді, тіпті Бундеслиганы да қатты көргісі келмейді (күледі).
Қарағанды облысының тумасы ретінде мен «Шахтердің» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққанын білемін.

– Спортта қос азаматтыққа тыйым салу – үлкен мәселе ме?

– Бұл сұраққа жауап беру қиын, оны құзырлы адамдар шешуі керек. Мұнда да «жақтаушылар» мен «қарсы тарап» бар. Артурдың жағдайында қос азаматтықтың болғаны өте ыңғайлы болар еді, себебі неміс төлқұжатынан ешкім бас тартпайды. Сондықтан бұл жөнінде үш қайтара ойланған дұрыс. Ал заңды сыйлау қажет.

– Елестетейік, бұл заң өзгертілді делік. Онда Артурмен бірге Қазақстан атынан ойнау мүмкіндігін қарастырар ма едіңіздер?

– Мен осы елде туып-өстім, сондықтан жауабым – иә. Әр ойыншы өзінің тікелей қатысы бар құраманың сапында өнер көрсеткісі келеді. Сондықтан Артур да солай жауап береді деп сенемін. Біз бұл мәселені әлі егжей-тегжейлі талқылаған жоқпыз, бірақ үш жыл бұрын Қазақстанның Еуропа чемпионатына шығуын шын жүректен қаладық.

Читайте также

Вчера, 21:18

Японский легионер КПЛ: быстро согласился на предложение клуба Месси

Вчера, 19:07

Лидер «Тобола» – о герое «Баварии»: Упамекано мне как брат, я горжусь им

Вчера, 16:53

Претендент в сборную Казахстана: «Бавария» заслуженно победила «Реал» – скоро я за нее сыграю

Вчера, 15:02

Ветеран «Жальгириса» – о Чебурине: был успешен в Литве, будет и в «Атырау»

Вчера, 13:20

Новая Формула-1: что изменилось в 2026 году

Вчера, 12:07

«Бетис» — «Брага»: хозяева пройдут в полуфинал

Главные новости

КПЛ   16 апреля, 21:18

Японский легионер КПЛ: быстро согласился на предложение клуба Месси

1
Разное   16 апреля, 19:07

Лидер «Тобола» – о герое «Баварии»: Упамекано мне как брат, я горжусь им

2
Разное   16 апреля, 16:53

Претендент в сборную Казахстана: «Бавария» заслуженно победила «Реал» – скоро я за нее сыграю

3
КПЛ   16 апреля, 15:02

Ветеран «Жальгириса» – о Чебурине: был успешен в Литве, будет и в «Атырау»

4
Разное   16 апреля, 13:20

Новая Формула-1: что изменилось в 2026 году

5
КПЛ   16 апреля, 10:33

Агент легионера «Астаны»: был интерес из Италии, но Кажуколовас счастлив в КПЛ

6
Все новости

Турнирная таблица

Казахстан. Премьер-лига
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Кайрат Кайрат
5
3
2
0
6
11
2
Елимай Елимай
5
3
2
0
5
11
3
Окжетпес Окжетпес
5
3
2
0
4
11
4
Ордабасы Ордабасы
5
2
3
0
4
9
5
Кызылжар Кызылжар
5
2
2
1
4
8
6
Астана Астана
5
2
2
1
1
8
7
Улытау Улытау
5
2
2
1
1
8
8
Атырау Атырау
5
1
4
0
2
7
9
Актобе Актобе
5
2
1
2
0
7
10
Иртыш Иртыш
5
1
3
1
0
6
11
Жетысу Жетысу
5
1
2
2
-3
5
12
Кайсар Кайсар
5
0
3
2
-4
3
13
Женис Женис
5
0
3
2
-6
3
14
Алтай Алтай
5
0
2
3
-3
2
15
Тобол Тобол
5
0
2
3
-6
2
16
Каспий Каспий
5
0
1
4
-5
1
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Арсенал Арсенал
32
21
7
4
38
70
2
Манчестер Сити Манчестер Сити
31
19
7
5
35
64
3
Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед
32
15
10
7
12
55
4
Астон Вилла Астон Вилла
32
16
7
9
5
55
5
Ливерпуль Ливерпуль
32
15
7
10
10
52
6
Челси Челси
32
13
9
10
12
48
7
Брентфорд Брентфорд
32
13
8
11
4
47
8
Эвертон Эвертон
32
13
8
11
2
47
9
Брайтон Брайтон
32
12
10
10
6
46
10
Сандерленд Сандерленд
32
12
10
10
-3
46
11
Борнмут Борнмут
32
10
15
7
-1
45
12
Фулхэм Фулхэм
32
13
5
14
-3
44
13
Кристал Пэлас Кристал Пэлас
31
11
9
11
-1
42
14
Ньюкасл Юнайтед Ньюкасл Юнайтед
32
12
6
14
-2
42
15
Лидс Лидс
32
8
12
12
-10
36
16
Ноттингем Форест Ноттингем Форест
32
8
9
15
-12
33
17
Вест Хэм Вест Хэм
32
8
8
16
-17
32
18
Тоттенхэм Тоттенхэм
32
7
9
16
-11
30
19
Бёрнли Бёрнли
32
4
8
20
-30
20
20
Вулверхэмптон Вулверхэмптон
32
3
8
21
-34
17
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Барселона Барселона
31
26
1
4
54
79
2
Реал Мадрид Реал Мадрид
31
22
4
5
36
70
3
Вильярреал Вильярреал
31
19
4
8
20
61
4
Атлетико Мадрид Атлетико Мадрид
31
17
6
8
19
57
5
Бетис Бетис
31
11
13
7
7
46
6
Сельта Сельта
31
11
11
9
4
44
7
Реал Сосьедад Реал Сосьедад
31
11
9
11
1
42
8
Хетафе Хетафе
31
12
5
14
-5
41
9
Осасуна Осасуна
31
10
9
12
-1
39
10
Эспаньол Эспаньол
31
10
8
13
-11
38
11
Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао
31
11
5
15
-12
38
12
Жирона Жирона
31
9
11
11
-12
38
13
Райо Вальекано Райо Вальекано
31
8
11
12
-9
35
14
Валенсия Валенсия
31
9
8
14
-12
35
15
Мальорка Мальорка
31
9
7
15
-9
34
16
Севилья Севилья
31
9
7
15
-12
34
17
Алавес Алавес
31
8
9
14
-11
33
18
Эльче Эльче
31
7
11
13
-8
32
19
Леванте Леванте
31
7
8
16
-15
29
20
Реал Овьедо Реал Овьедо
31
6
9
16
-24
27
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Бавария Бавария
29
24
4
1
78
76
2
Боруссия Дортмунд Боруссия Дортмунд
29
19
7
3
31
64
3
Штутгарт Штутгарт
29
17
5
7
22
56
4
РБ Лейпциг РБ Лейпциг
29
17
5
7
20
56
5
Байер 04 Байер 04
29
15
7
7
20
52
6
Хоффенхайм Хоффенхайм
29
15
6
8
14
51
7
Айнтрахт Франкфурт Айнтрахт Франкфурт
29
11
9
9
0
42
8
Фрайбург Фрайбург
29
11
7
11
-5
40
9
Майнц Майнц
29
8
9
12
-9
33
10
Аугсбург Аугсбург
29
9
6
14
-17
33
11
Унион Берлин Унион Берлин
29
8
8
13
-17
32
12
Гамбург Гамбург
29
7
10
12
-13
31
13
Кёльн Кёльн
29
7
9
13
-7
30
14
Боруссия М Боруссия М
29
7
9
13
-14
30
15
Вердер Вердер
29
7
7
15
-20
28
16
Санкт-Паули Санкт-Паули
29
6
7
16
-25
25
17
Вольфсбург Вольфсбург
29
5
6
18
-26
21
18
Хейденхайм Хейденхайм
29
4
7
18
-32
19
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Интер Милан Интер Милан
32
24
3
5
46
75
2
Наполи Наполи
32
20
6
6
17
66
3
Милан Милан
32
18
9
5
20
63
4
Ювентус Ювентус
32
17
9
6
26
60
5
Комо Комо
32
16
10
6
30
58
6
Рома Рома
32
18
3
11
17
57
7
Аталанта Аталанта
32
14
11
7
16
53
8
Болонья Болонья
32
14
6
12
5
48
9
Лацио Лацио
32
11
11
10
2
44
10
Удинезе Удинезе
32
12
7
13
-4
43
11
Сассуоло Сассуоло
32
12
6
14
-4
42
12
Торино Торино
32
11
6
15
-17
39
13
Дженоа Дженоа
32
9
9
14
-7
36
14
Парма Парма
32
8
12
12
-17
36
15
Фиорентина Фиорентина
32
8
11
13
-7
35
16
Кальяри Кальяри
32
8
9
15
-11
33
17
Кремонезе Кремонезе
32
6
9
17
-21
27
18
Лечче Лечче
32
7
6
19
-24
27
19
Верона Верона
32
3
9
20
-32
18
20
Пиза Пиза
32
2
12
18
-35
18
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
ПСЖ ПСЖ
27
20
3
4
38
63
2
Ланс Ланс
28
19
2
7
27
59
3
Лилль Лилль
29
16
5
8
15
53
4
Марсель Марсель
29
16
4
9
20
52
5
Лион Лион
29
15
6
8
14
51
6
Ренн Ренн
29
14
8
7
8
50
7
Монако Монако
29
15
4
10
7
49
8
Страсбур Страсбур
28
12
7
9
12
43
9
Лорьян Лорьян
29
9
11
9
-6
38
10
Тулуза Тулуза
29
10
7
12
0
37
11
Брест Брест
28
10
6
12
-6
36
12
Париж Париж
29
8
11
10
-8
35
13
Анже Анже
29
9
6
14
-14
33
14
Гавр Гавр
29
6
11
12
-13
29
15
Ницца Ницца
29
7
7
15
-22
28
16
Осер Осер
29
5
9
15
-14
24
17
Нант Нант
28
4
7
17
-21
19
18
Метц Метц
29
3
6
20
-37
15