«Әлем чемпионатын армандаймын»: «Левантедегі» Нұрғали – Ла Лигадағы дебюті және Сәтпаев туралы

29 декабря, 22:14

«Әлем чемпионатын армандаймын»: «Левантедегі» Нұрғали – Ла Лигадағы дебюті және Сәтпаев туралы

Фото: Алдияр Нұрғали

Дастан Сәтпаев Еуропаның ТОП-5 лигасында ойнаған алғашқы қазақ атағына қол жеткізе алмауы мүмкін. Желтоқсан айында 17 жастағы Алдияр Нұрғали «Леванте» клубының дублімен келісімшартқа отырды. Оның бабы мен команданың Ла Лигадағы жағдайын ескерсек, негізгі құрамдағы дебют жақын арада орын алуы ғажап емес.

ASnews.kz сайтына берген сұхбатында дарынды вингер:

  • Испания грандтарына қарсы ойнау мүмкіндігі мен сол клубтардан түскен қызығушылық жайлы айтты;
  • «Астана» мен «Қайратта» өткізген уақытын еске алды;
  • Нидерландқа қарсы матчтан алған әсерімен бөлісті.

– Алдияр, жаңа келісімшартпен құттықтаймыз. Енді «Левантенің» екінші командасында көрінесіз бе?

– Мен резервтік командаға қыркүйек айында басталатын жаңа маусымнан бастап қосыламын. Сол жерден негізгі құрамда дебют жасауға болады. Бұл «3+2» жүйесі бойынша жасалған келісімшарт, мұндағы бірінші жыл – өтпелі кезең. Басында өзім қалағандай көп ойнамауым мүмкін екенін түсінемін. Командадан командаға секіріп өту оңай емес. Бәсекелестерім – 2004 жылы туғандар, ал мен – 2008 жылғымын, бірақ бәрі өзіме байланысты.

– Сен үшін қандай жағдай жасап берді?

– Басшылық егер өзімді жақсы көрсетсем, ересектер командасымен жаттығуға қосамыз деп уәде берді. Оларды сендіру үшін менде үш жыл бар. Егер әлсіз болып көрінсем немесе келісімді ұзартқылары келмесе, мен клубтан тегін кете аламын.

– Клуб ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынғанына қарағанда, бапкерлер штабы сізге қатты сенетін сияқты ма?

– «Левантеден» алғашқы ұсыныс мамырда түсті, бірақ менің агенттерім одан бас тартты. Кейін тағы екі-үш ұсыныс болды, сөйтіп соңында келістік. «Валенсия» және «Вильярреалдан» әртүрлі нұсқалар болды, бірақ ол жақта мен тек U-19 – қазіргі жас тобымда ойнар едім. Демек, мұнда менің бойымнан шынымен бірдеңе байқаған шығар.

– Жасөспірімдік мансабыңызды қайда бастадыңыз және Испанияға қалай тап болдыңыз?

– Алты жасымда үйде бос жатпасын деп анам мені футболға берді. Бұл кәдімгі ақылы үйірме еді. Бір жылдан кейін бапкер – Станислав Басмановтың әкесі – ата-анама: «неге «Астананың» футбол орталығына барып көрмейсіздер?» деді. Сөйтіп біз қаралымға бардық. Мені тез қабылдады, жеті жасымнан бастап сол жерде жаттықтым.

2021 жылғы ел чемпионатында «Астана» сапында төрт тур ойнап, сұрмергендер тізімінде екінші болып тұрдым. Сол кезде мені «Қайрат» шақырды. Білетін адамдармен ақылдасып, ауысуға шешім қабылдадық – Алматыда даму әлдеқайда оңай еді. Бұл жолы қаралымсыз-ақ алды: ұшып келгеннен кейін 30 минуттан соң экскурсия жасамастан, бірден матчқа қатысуымды сұрады.
– Аяқ-киімің өзіңмен бірге ме?
– Жоқ.
– Жарайды. Ата-анаң әкеліп береді.
Мен тез киініп, екінші таймда ойынға араластым. Біз 2:3 есебімен ұтылдық, бірақ мен дебютімде гол соқтым. Дастан қолының сынуына байланысты көмектесе алмады, сондықтан бапкер риза болмады: «Сәтпаевсыз бұл мүлдем басқа команда. Алдияр жаңа ғана келді, соның өзінде көзге түсті. Егер осылай жалғастырсаңдар, ол сендерді құрамнан ығыстырып шығарады» деген еді.

Факт: Нұрғали, Сәтпаев және Қалиев – бұрынғы сыныптастар.

Академияға біртіндеп үйренісіп, базада тұрдым. Осылайша екі жыл өтті: Ресейге халықаралық жарыстарға бардым, Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы және сұрмергені атандым. Ал QJ League іске қосылуына бір жыл қалғанда Шыңғыс Испанияға көшіп кетті.

– Ойыңызда тағы қандай нұсқалар болды?

– Шынымды айтсам, Астанада тұрған кезімде ата-анама: «Испанияға барайықшы? Ол жақта дамуға деген мүмкіндік жоғары» деп жиі айтатынмын. Оларды енді көндіре бергенде, «Қайраттың» ұсынысы пайда болды. Бірақ Алматыда да маған көп нәрсе үйретті: онда үлкен бәсекелестік және керемет жаттығулар бар.
Шыңғыс шетелде бағын сынап көруді Дастанға да ұсынды. Біз үшеуміз бірге ұшуымыз керек еді, туыстарымыз мұны көп талқылады. Маған виза жасап жатқанда, Дастан келісімшартқа қол қойып, қалып қойды.

– «Қайрат» басшылығы мұны қалай қабылдады?

– Директорлар клубты ауыстырудың қажеті жоқ деп сендірді. Мен олардың пікіріне құлақ астым, бірақ сонымен бірге кейбір бапкерлер: «баруға мүмкіндік бар ма – бар. Әйтпесе өмір бойы өкінесің», – деді. Қазақстанға қайтып оралуға әрқашан да үлгеремін.

– Таңдауыңыз неге «Хисторикске» түсті?

– 2023 жылдың тамызында мен Шыңғыстың артынан «Левантенің» жаттығу жиынына бардым, ол жерде қазақстандықтар мен ресейліктер аз емес еді. Жаттығып, ойнап көрген соң түсіндім – онда айтарлықтай ерекше нәрсе жоқ. Бұл коммерцияға негізделген ұйым, шындығын айтқанда, балалардан жай ғана ақша сорып алатын жер.
Мен үш аптадан соң кетіп қалдым, өйткені болашақты бұл жолмен құра алмайсың. Әдетте бұл лагерьде 100% күш салып ойнамайтын бай әкелердің балалары тұратын. Ал ай сайынғы төлемақы шамамен екі мың еуро болды.
Жолдастық кездесулерде бірнеше гол соғуға мүмкіндік туды, сөйтіп басқа клубтарды қарай бастадым: «Сан-Хосе», «Патакона», «Альборае». Аталмыш клубтар әртүрлі сылтаумен менен бас тартты: «бізде орын жоқ», «лицензиямен көмектесе алмаймыз», «құжаттар жетіспейді»... Нәтижесінде көмекшінің ұсынысымен «Хисторикске» бардым.

– Ол жақтағы жаттығу әдістері таң қалдырды ма?

– «Қайратта» көргендеріммен салыстырғанда, есімнен танып қалдым. Алдымда мектептегідей кәдімгі алаң тұрды. Бір сәтте Испанияға бекер ұшып келдім бе деп қамықтым. «С» тобымен бір-екі жаттығу өткіздім – бәрі әлсіз. Кейін бапкерге барып, «А» тобымен жаттығуды сұрадым.
Бұл команданың футболшылары біршама жақсырақ болды, мен онда сегіз ай ойнадым. Біз күші жағынан екінші дивизион болып саналатын лигада ойнадық, бірақ бірінші дивизионнан да шақыртулар түсе бастады. Мен «Левантені» күттім.

Факт: «Леванте» 2008 жылы туған балалар арасындағы чемпионатқа 2009 жылғы команданы тіркеді. Онда Нұрғали сегіз ойында жеті гол соқты.

– Өзіңізді қай клубтың түлегімін деп санайсыз: «Астана» ма, әлде «Қайрат» па?

– Шыны керек, нақты жауап бере алмаймын – екеуі де маған көп нәрсе берді. Қай командада қанша уақыт болғаным маңызды емес. Не үйренгенім маңызды. «Астанаға» да, «Қайратқа» да өте ризамын және олардың бапкерлерімен, ойыншыларымен әлі де байланыстамын. Өзімді Қазақстан футболының түлегімін деген дұрысырақ болар.

– Бұл командаларда қандай талантты футболшылармен жолықтыңыз?

– «Қайрат» кезінен бастап менің ең жақын досым Дастан болды және солай болып қала береді де. Қайда барсақ та, үнемі бірге тұратынбыз. Исмаил Бекболатпен жақын араласамыз – жақында Нидерландта да бір бөлмеде тұрдық. Тағы Абылай Төлеухан мен Аламгир Смақовты атап өтер едім, жалпы мен әркіммен тіл табысып кете беремін.
«Астанада» Нұрмүбарак Жақсылықпен жақсы араластым: ол маған жиі голдық пас беретін. Мақсат Абраевпен және QJ League-тің маусымдағы үздік жартылай қорғаушысы деп танылған Даниял Назаровпен ойнадым.

– «Леванте» U-19 командасымен чемпионат кестесінде екінші орынға көтерілдіңіздер. Басты қарсылас деп кімді санайсыз және бұл дивизионда ойнау қаншалықты қиын?

– Басты бәсекелес – бірінші орында келе жатқан «Валенсия». Егер біздің команда жекелей алғанда мықты болса, олар ұйымдасқан футбол көрсетеді. Ықшам және үйлесімді ойнайды. Мен маңызды ойынға (1:1) қатыса алмадым, өйткені Еуро-2026 іріктеуінде ойнап жаттым, бірақ маған айтқандай, ойын тартысты болған. Олар тек 80-минутта есепті теңестірген.
Қазір біз «Валенсиядан» алты ұпайға қалып келеміз, қуып жету қиын болады – әлсіз клубтарға қарсы сүрініп қалдық. «Ситиді» жеңіп (2:1), УЕФА Жастар лигасының үздік 5-тігіне кірген «Вильярреалды» да ұмытпайық. Ал 18 қаңтарда Король кубогындағы жорығымызды бастаймыз, онда «Реал», «Барселона», «Атлетико» және басқа грандтар да ойнайды. Керемет өнер көрсетуге ниеттіміз.

– Тіл кедергісін жеңдіңіз бе? Өмір сүру қиын емес пе?

– Алғашқы бір жарым, екі жылда психологиялық тұрғыдан ауыр болды, өйткені жанымда отбасым да, достарым да болмады. Қазақстандық достарымның қыдырып, уақытты бірге өткізіп жатқанын көріп мұңаятынмын, бірақ алаңда бәрі ұмытылады. Ойда тек: «сен футболшы болуың керек – назар аударма» деген сөз болды. Соңғы кездері испанша қысылмай сөйлеймін. Мұнда міндетті білім туралы аттестат алдым.

– Салимның әкесі сіз ол үшін үлкен аға сияқтысыз деді. Валенсияда қазақстандықтар бір-бірін қалай қолдайтынын айта кетсеңіз.

– Бізде қосымша жаттығатын және демалыс күндері бой жазатын ортамыз бар: Шыңғыс, Салим, Эльдар, Сұлтан, Нағи, Айдар, Ибрагим... Кейбірінің аналары бізге үй тамағының қаншалықты жетіспейтінін түсініп, дәмді тағамдар ұсынады. Мен оларға көмегі үшін ризамын.
Салиммен танысуымыз қызық болды. Әкем екеуміз көшеде доп теуіп жүргенбіз, бір кезде «Қайраттың» киіміндегі баланы байқап қалдық. Бір-бірімізге қарап: «бұл бізге қазір елестеген жоқ па?» дедік. Әкем айқайлап: «інім, бері кел!» деді.
Мен Алматыда көпшілік мақтаған 2010 жылғы бала бар екенін, оның да Испанияға ұшып кеткенін еске түсірдім. Былай сұрадым:
– Сенің атың Салим емес пе осы?
– Иә.
Оның көңілі бірден көтерілді, өйткені ол да достарсыз жүрген еді, оның үстіне кішкентай болды. Осылайша жақын араласып кеттік. Бүгінде Салимның менен үлгі алып, футболдан бастап не кию керектігіне дейін түрлі сұрақтар қоятынына қуаныштымын. Ол шынымен де менің ініме айналып кетті.

Факт: Биыл шілдеде «Вильярреал» Салим Хасановты «Левантеден» сатып алды. Сондай-ақ оған «Валенсия» да қызығушылық танытқан.

– Беларустық вундеркинд Егор Молчанмен кездестіңіз бе?

– Иә, ол бізге «Левантеге» келді. Сөйтсек, біз Егормен Минскідегі Даму кубогында кездескен екенбіз, ал «қайраттық» жігіттер оны Ресейде көрген. Бұл жолы ол киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, ағылшынша сөйлей бастады.
– Қайдан боласың?
– Беларусь.
– Демек, орыс тілдісің ғой?
– Иә.
Испаниядағы мен Егорға үнемі көмектестім. Ол жаттығуын аяқтап, үйіне қайтты.

Дерек: Минскілік «Динамоның» жартылай қорғаушысы Егор Молчан – Беларусь футболындағы болашағынан зор үміт күттіретін футболшылардың бірі. Испаниядағы тәжірибе үшін Молчан ЦСКА-дан бас тартты. Оны «РБ Лейпциг» те бақылап отыр.

– «Левантенің» Ла Лигадағы матчтарына барып тұрасыз ба? «Эх, шіркін, қапталға мені шығарса ғой...» деген ойлар бола ма?

– Менің алдағы екі-үш жылға қойылған мақсатым – негізгі құрамда дебют жасау. Біз Дастан екеуміз кішкентайымыздан бір-бірімізбен бәсекелесіп келеміз, сондықтан қалыс қалу ойымда жоқ. Қатар жүріп, Қазақстан құрамасына бірге пайда әкелгіміз келеді. Неге Әлем чемпионатына шықпасқа? Қазақтардың неге қабілетті екенін көрсетпеске?

– Үлгі тұтатын шабуылшыңыз бар ма?

– Мен «Челсиге» жанкүйермін, сондықтан сүйікті футболшым әрқашан да Эден Азар болды. Мен оны көп бақыладым. Одан кейін – Неймар және Криштиану Роналду. Олардың хайлайттарын (үздік сәттерін) көріп, жаңа нәрсе үйренуге тырыстым.

– Transfermarkt жазуынша, бойыңыз – 167 см. Бұл қаншалықты рас ақпарат?

– Қазір 179 см.

– Еуро-2026 негізгі іріктеу кезеңінде үш ойын өткіздіңіздер. Қай сәт ең қиын, ал қайсысы жарқын әрі драмалық болды?

– Бұл циклге бапкерлер штабы жоспарды нақты таңдады. Ұшпас бұрын бізге: қай жерде міндетті түрде жеңу керек, қай жерде нәтижеге ойнауға болады, ал қай матчта параллель нәтижені тексеру керектігін белгілеп берді. Нидерланд сөзсіз фаворит екенін түсіндік, сондықтан басты ойын Ирландияға қарсы болды (1:0).
Мен не болса да жеңгенімізге қуаныштымын, өйткені оларда «Челси» мен «Малага» тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. Нидерландпен (1:2) де жаман ойнамадық: тең есепті жұлып әкетуге немесе тіпті жеңуге де болатын еді, бірақ мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағынан жолымыз болмады. Тапқан пенальтиден соғылған гол – ең жағымды сәт.

– Кіші Клюйверттің деңгейін сезіндіңіз бе?

– Шейн дәл сол біз жеке дайындалған вингерге өкшесімен голдық пас берді. Оларға қарсы екі-екіден қорғандық. Бірақ мен Клюйвертпен ойнау мүмкін емес деп айтпас едім – тым асыра бағалаудың қажеті жоқ.

– Элиталық раундта Украина, Румыния және Солтүстік Ирландияға қарсы мүмкіндіктерді қалай бағалайсыз?

– Біз ешкімнен қорықпаймыз және бәсекелесуге дайынбыз. Біздің мақсат – жай ғана плей-оффқа шығу.

– Сәл мұңды тақырыпқа көшсек: Кирилл Кекер есіңізде қалай қалды?

– Кекер мырзамен мен «Қайратта» боллбой болып жүрген кезден бастап таныспыз. Ол кезде Кирилл Сергеевич негізгі команданы жаттықтыратын. Ал жеке өзін бірінші жиында таныдым. Ол маған суық қарайтындай болып көрінді, бірақ кейін қатты жақын болып кеттік: мен оның маман және адам ретіндегі қасиеттерін көрдім, ол менікін көрді. Кекер маған сенді және Нидерландқа қарсы толық ойнауға мүмкіндік берді. Ол білікті маман болды және Қазақстан футболына көп нәрсе бере алар еді.

– Қазақстан құрамасымен байланысты ең үлкен арманыңыз қандай?

– Отандық футболдың деңгейін көтеру. Қазақстанды ешкім мойындамайтыны шаршатты. Тіпті Испанияда мені қытай дейді, сондықтан біз туралы білгендерін қалаймын. Әлем немесе Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуды армандаймын. Реалист болайық: әзірге трофей туралы сөз жоқ, бірақ қолымыздан келгеннің бәрін жасау керек.

– Испанияда нәсілшілдік көрінісін сезіндіңіз бе?

– Иә. Қазақстаннанмын десең: «ол қандай ел өзі?» деп жауап береді. Бірақ мен қорлайтын сөздерге мән бермеймін және ренжімеймін – жай ғана өз ісіммен айналысамын.

– 2026 жылға мақсат қандай?

– U-19-бен маусымды мамырға дейін аяқтап, Король кубогына қатысу. Ол жақта топ-клубтармен кездесеміз деп үміттенемін. Ал тамызда маусым алдындағы дайындыққа кірісіп, мүмкін болса «Левантенің» ересек тобында жаттығу. Сол жаққа дубльден өтуге тырысамын.

Читайте также

Сегодня, 17:17

Бауыржан Исламхан – о будущем в «Астане»: предложений не поступало

Сегодня, 15:14

«Мечтаю о чемпионате мира»: Нургали из «Леванте» – о дебюте в Ла Лиге, Сатпаеве и «Астане»

Сегодня, 13:04

Исламхан оценил переход Сатпаева в «Челси»: у меня не было предложений из Англии

Сегодня, 12:19

«Окжетпес» выкупит крупная компания: есть подробности

Сегодня, 11:56

«Арсенал»—«Астон Вилла»: ожидаем победу лидера чемпионата

Сегодня, 10:51

Забивавший «Кайрату» в ЛЧ воспитанник «Спортинга» может перейти в «Кайсар»

Главные новости

КПЛ   30 декабря, 17:17

Бауыржан Исламхан – о будущем в «Астане»: предложений не поступало

1
Сборная   30 декабря, 15:14

«Мечтаю о чемпионате мира»: Нургали из «Леванте» – о дебюте в Ла Лиге, Сатпаеве и «Астане»

2
Сборная   30 декабря, 13:04

Исламхан оценил переход Сатпаева в «Челси»: у меня не было предложений из Англии

3
КПЛ   30 декабря, 12:19

«Окжетпес» выкупит крупная компания: есть подробности

4
КПЛ   30 декабря, 10:51

Забивавший «Кайрату» в ЛЧ воспитанник «Спортинга» может перейти в «Кайсар»

5
КПЛ   30 декабря, 08:06

Олигарх из списка Forbes отказался от второго топ-клуба КПЛ

6
Все новости

Турнирная таблица

Казахстан. Премьер-лига
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Кайрат Кайрат
26
18
5
3
34
59
2
Астана Астана
26
17
6
3
36
57
3
Тобол Тобол
26
16
6
4
20
54
4
Елимай Елимай
26
14
6
6
16
48
5
Актобе Актобе
26
13
4
9
10
43
6
Женис Женис
26
8
12
6
7
36
7
Ордабасы Ордабасы
26
9
8
9
9
35
8
Окжетпес Окжетпес
26
10
5
11
-6
35
9
Кызылжар Кызылжар
26
6
9
11
-7
27
10
Улытау Улытау
26
5
8
13
-21
23
11
Кайсар Кайсар
26
3
13
10
-18
22
12
Жетысу Жетысу
26
4
9
13
-24
21
13
Атырау Атырау
26
4
7
15
-23
19
14
Туран Туран
26
4
4
18
-33
16
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Арсенал Арсенал
17
12
3
2
21
39
2
Манчестер Сити Манчестер Сити
17
12
1
4
25
37
3
Астон Вилла Астон Вилла
17
11
3
3
9
36
4
Челси Челси
17
8
5
4
12
29
5
Ливерпуль Ливерпуль
17
9
2
6
3
29
6
Сандерленд Сандерленд
17
7
6
4
2
27
7
Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед
17
7
5
5
3
26
8
Кристал Пэлас Кристал Пэлас
17
7
5
5
2
26
9
Брайтон Брайтон
17
6
6
5
2
24
10
Эвертон Эвертон
17
7
3
7
-2
24
11
Ньюкасл Юнайтед Ньюкасл Юнайтед
17
6
5
6
1
23
12
Брентфорд Брентфорд
17
7
2
8
-1
23
13
Тоттенхэм Тоттенхэм
17
6
4
7
3
22
14
Борнмут Борнмут
17
5
7
5
-3
22
15
Фулхэм Фулхэм
16
6
2
8
-3
20
16
Лидс Лидс
17
5
4
8
-7
19
17
Ноттингем Форест Ноттингем Форест
16
5
3
8
-8
18
18
Вест Хэм Вест Хэм
17
3
4
10
-16
13
19
Бёрнли Бёрнли
17
3
2
12
-15
11
20
Вулверхэмптон Вулверхэмптон
17
0
2
15
-28
2
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Барселона Барселона
18
15
1
2
31
46
2
Реал Мадрид Реал Мадрид
18
13
3
2
20
42
3
Атлетико Мадрид Атлетико Мадрид
18
11
4
3
17
37
4
Вильярреал Вильярреал
16
11
2
3
16
35
5
Эспаньол Эспаньол
16
9
3
4
4
30
6
Бетис Бетис
17
7
7
3
10
28
7
Сельта Сельта
17
5
8
4
1
23
8
Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао
17
7
2
8
-7
23
9
Эльче Эльче
17
5
7
5
3
22
10
Севилья Севилья
17
6
2
9
-2
20
11
Хетафе Хетафе
17
6
2
9
-9
20
12
Осасуна Осасуна
17
5
3
9
-3
18
13
Мальорка Мальорка
17
4
6
7
-5
18
14
Алавес Алавес
17
5
3
9
-6
18
15
Райо Вальекано Райо Вальекано
17
4
6
7
-7
18
16
Реал Сосьедад Реал Сосьедад
17
4
5
8
-4
17
17
Валенсия Валенсия
17
3
7
7
-10
16
18
Жирона Жирона
17
3
6
8
-18
15
19
Реал Овьедо Реал Овьедо
17
2
5
10
-19
11
20
Леванте Леванте
16
2
4
10
-12
10
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Бавария Бавария
15
13
2
0
44
41
2
Боруссия Дортмунд Боруссия Дортмунд
15
9
5
1
14
32
3
Байер 04 Байер 04
15
9
2
4
13
29
4
РБ Лейпциг РБ Лейпциг
15
9
2
4
11
29
5
Хоффенхайм Хоффенхайм
15
8
3
4
9
27
6
Штутгарт Штутгарт
15
8
2
5
3
26
7
Айнтрахт Франкфурт Айнтрахт Франкфурт
15
7
4
4
0
25
8
Унион Берлин Унион Берлин
15
6
3
6
-3
21
9
Фрайбург Фрайбург
15
5
5
5
-1
20
10
Вердер Вердер
15
4
5
6
-10
17
11
Кёльн Кёльн
15
4
4
7
-2
16
12
Боруссия М Боруссия М
15
4
4
7
-6
16
13
Гамбург Гамбург
15
4
4
7
-9
16
14
Вольфсбург Вольфсбург
15
4
3
8
-5
15
15
Аугсбург Аугсбург
15
4
2
9
-11
14
16
Санкт-Паули Санкт-Паули
15
3
3
9
-13
12
17
Хейденхайм Хейденхайм
15
3
2
10
-21
11
18
Майнц Майнц
15
1
5
9
-13
8
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Интер Милан Интер Милан
15
11
0
4
20
33
2
Милан Милан
15
9
5
1
11
32
3
Наполи Наполи
15
10
1
4
9
31
4
Рома Рома
16
10
0
6
7
30
5
Ювентус Ювентус
16
8
5
3
6
29
6
Болонья Болонья
15
7
4
4
10
25
7
Комо Комо
15
6
6
3
7
24
8
Лацио Лацио
16
6
5
5
6
23
9
Аталанта Аталанта
16
5
7
4
2
22
10
Сассуоло Сассуоло
16
6
3
7
1
21
11
Кремонезе Кремонезе
16
5
6
5
0
21
12
Удинезе Удинезе
16
6
3
7
-10
21
13
Торино Торино
16
5
5
6
-10
20
14
Лечче Лечче
15
4
4
7
-8
16
15
Кальяри Кальяри
16
3
6
7
-6
15
16
Дженоа Дженоа
16
3
5
8
-8
14
17
Парма Парма
15
3
5
7
-8
14
18
Верона Верона
15
2
6
7
-9
12
19
Пиза Пиза
16
1
8
7
-10
11
20
Фиорентина Фиорентина
16
1
6
9
-10
9
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Ланс Ланс
16
12
1
3
15
37
2
ПСЖ ПСЖ
16
11
3
2
21
36
3
Марсель Марсель
16
10
2
4
21
32
4
Лилль Лилль
16
10
2
4
13
32
5
Лион Лион
16
8
3
5
6
27
6
Ренн Ренн
16
7
6
3
3
27
7
Страсбур Страсбур
16
7
2
7
5
23
8
Тулуза Тулуза
16
6
5
5
5
23
9
Монако Монако
16
7
2
7
-1
23
10
Анже Анже
16
6
4
6
-1
22
11
Брест Брест
16
5
4
7
-6
19
12
Лорьян Лорьян
16
4
6
6
-9
18
13
Ницца Ницца
16
5
2
9
-10
17
14
Париж Париж
16
4
4
8
-8
16
15
Гавр Гавр
16
3
6
7
-9
15
16
Осер Осер
16
3
3
10
-11
12
17
Нант Нант
16
2
5
9
-14
11
18
Метц Метц
16
3
2
11
-20
11