Талғат Байсуфинов: ұлттық құрамадан бас тарта алмадым
9 октября, 16:52

Фото: Талғат Байсуфинов
Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов баспасөз мәслихатында Лихтенштейнмен болатын матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«29 қыркүйек күні маған ҚФФ-дан қоңырау шалып, жағдайды түсіндіріп, ұсыныс жасады. Мұндай қиын жағдайда, ұсыныстан бас тарту мүмкін болмады. 30 қыркүйек күні команда қонақүйге жиналып, ертесіне жаттығу жиыны басталатын болды. Менде бір ғана күн уақыт болды. Бапкерлік штабқа өзіме таныс Иван Азовский мен Марат Еслямовты шақырдым. Әли Әлиевті де қалдыруын сұрадым. Өйткені циклды сол бапкермен бастады. Ханәлиұлы ойын жүйесін, ойыншылардың әлеуетін жақсы біледі. 1 қазаннан бастап дайындалдық. Ертеңгі ойынға дайынбыз деген ойдамын.
Өкінішке орай, Дастан Сәтпаев жарақат алып қалды. Ол «Қайратпен» ҚПЛ-да, ЧЛ-да ойнап жатыр. Жас жігіт болғандықтан, оңан бұл жүктеме қиынға соқты. Ұлттық құрамаға келіп, тексерістен өтіп, кеше үйіне қайтардық. Сергей Малыйдың да жарақаты бар. Ол Лихтенштейнмен болатын матчқа қатыспайды. Бірақ 13 қазан күні Солтүстік Македонияға қарсы өтетін ойынға дайын болады.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Лихтенштейн ойыны 10 қазанда «Астана Арена» стадионында өтеді.
Читайте также
Главные новости
Экс-директор «Кайрата» — о поражении Андорре: отцепили от сборных тренеров нашей академии
2Турнирная таблица













































































































