Чебурин Литвада ең көп жалақы алған бапкер атанды: ол Қазақстан құрамасын тізгіндеуі мүмкін
16 сентября, 14:28

Фото: Владимир Чебурин
Владимир Чебурин 2025 жылы Литва футболында ең көп жалақы алған бапкер атанды, деп хабарлайды ASnews.kz (BorodAbata).
БАҚ беттерінде 60 жастағы маман Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне үміткерлердің бірі деген ақпарат тарауда.
Бейресми деректер бойынша, бапкер айына 13-15 мың еуро (9,5 миллион теңге) табыс тапқан. Бұл А-Лигасындағы ең жоғары жалақы – кез келген жаттықтырушыдан және футболшыдан көп.
Салыстыру үшін айта кетейік: Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Әли Әлиевтің бір айлық жалақысы 7 миллион теңгені құраған.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ұлттық құрама үш матч өткізуі керек: Лихтенштейн (10 қазан), Солтүстік Македония (13 қазан) және Бельгияға қарсы (15 қараша).
Чебурин жақында ғана «Жальгиристен» кеткен болатын. Төрт жыл ішінде ол клубты үш рет чемпион қылып, екі рет ел кубогын жеңіп алды.
Читайте также
Главные новости
Экс-игрок «Жениса» — о футболе в Казахстане: он более физический, чем в Португалии
1Португальский экс-игрок КПЛ: «Спортинг» фаворит, но легкой игры не будет
3Турнирная таблица













































































































