«Қазақстан ӘЧ-ге шығу үшін адамдар футболды сүюі керек»: Йонсен – «Қайратпен» өткен матч және алтын үшін талас туралы
27 июля, 10:27
Фото: Бьорн Йонсен
Шымкенттік «Ордабасының» норвегиялық шабуылшысы Бьорн Йонсен ASnews.kz сайтына берген сұхбатында алматылық «Қайраттан» жеңілісіне (1:2) қатысты пікір білдірді, сондай-ақ:
- командасының чемпиондыққа мүмкіндігін бағалады;
- Қазақстандағы футболдың дамуы туралы ой бөлісті.
– Өткен ойынды қалай бағалайсыз? Оң нәтижеге қол жеткізуге не жетпеді?
– Меніңше, бәрін өзіміз де өте жақсы түсініп отырмыз. Бұл ауыр кездесуде бәлкім тең нәтижеге де қол жеткізе алар едік. Жаман ойнаған жоқпыз, бірақ қарсылас жылдам гол соғып, матч тізгінін өз қолына алды. Соңғы минуттарда алматылықтардың «Омонияға» қарсы ойыннан кейін сәл шаршағаны байқалды, содан бізде де жақсы мүмкіндіктер пайда болды. Гол соққаныма қуаныштымын, бірақ нәтиже біз күткендей болмады. Не шара – барға қанағат етеміз.
– Статистикаңызға қарасақ, «Ордабасыға» бейімделуіңіз өте жақсы өтіпті. Командаға сіңісіп кету қаншалықты қиын болды?
– Шынымды айтсам, онсыз да ісі алға басып, жақсы өнер көрсетіп жатқан ұжымға келіп бейімделу соншалықты қиын емес. Жігіттер жақсы ойнайды. Менің міндетім – алаңға шығып, команда үшін өзімнің де маңызды екенімді дәлелдеу, бұл қолымнан келіп жатыр деп үміттенемін.
Иә, әр клубтың ойынында өрлеулер мен құлдыраулар болады, бірақ дәл қазір бабымыздамыз. Бүгін қажетті нәтижеге қол жеткізе алмасақ та, лайықты футбол көрсеттік және «Қайратпен» тең дәрежеде келе жатқанымызды дәлелдедік.
– Чемпиондық үшін басты талас сіздер мен «Қайраттың» арасында өтетін сияқты ма?
– Иә, чемпиондықты екеуіміз сарапқа саламыз. Кейде өз алаңымызда жеңіске жетіп, қонақта ұтылып жатамыз – бұл қалыпты жұмыс процесі. Ең бастысы, қорымызда әлі бір ойын бар, сондықтан келесі кездесулерде өз ұпайымызды алып, әр турнирлік қадамға зейін қоюымыз керек.
– Алматыдағы ойында Шымкенттен келген жанкүйерлердің қарасы өте көп болды. Мұндай атмосфера сіздерге қаншалықты көмектеседі?
– Сапалы қолдау әрқашан көмектеседі, біздің жанкүйерлерімізге өте ырзамын әрі алғыс айтамын. Бірақ бұл тек біз үшін емес, жалпы қазақстандық футбол үшін де тамаша жағдай. Жақында стадиондарға келетін көрермендердің орташа көрсеткішін көрдім: бізде апта сайын орташа есеппен 16 мыңдай көрермен жиналса, «Қайратта» – 18 мыңдай. Бұл – өте жақсы көрсеткіш!
Біз Қазақстанда футболға деген қызығушылықтың артқанын, ал чемпионаттың деңгейі көтерілгенін қалаймыз – бұл болашақта сіздердің ұлттық құрамаларыңызға Әлем чемпионатына шығуға мүмкіндік береді. Ол үшін адамдар футболды сүюі керек.
Футбол – әлемдегі ең әдемі ойын. Мейлі қай клубтың жанкүйері болсын, адамдардың стадионға келіп, қолдау білдіріп жатқанын көру – мен үшін үлкен бақыт. Десе де, арнайы келіп, керемет атмосфера сыйлаған өз жанкүйерлерімізге ерекше алғыс айтамын. Ең бастысы – осы.
ҚПЛ-дың 19-турындағы «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы орталық кездесу Алматының Орталық стадионында өтіп, алаң иелерінің 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
«Қайрат» сапында Марк Гуаль (14') мен Ойва Юккола (87') мергендік танытты. Қонақтар тарапынан 93-минутта Бьорн Йонсен дәл соққымен жауап қайтарды.
Бұл жеңіс «Қайратқа» 45 ұпай жинап, турнирлік кестенің көш басына шығуға мүмкіндік берді. 43 ұпайы бар «Ордабасы» екінші орынға сырғыды, бірақ шымкенттіктердің қорында әлі бір ойын бар.
Еске сала кетейік, шілде айында Йонсен «Ордабасымен» келісімшартқа отырған еді. Мансабында норвегиялық футболшы Норвегия, Нидерланд, Португалия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Шотландия, Болгария және Грузия чемпионаттарында ойнап үлгерді. 2017–2021 жылдар аралығында ол Норвегия ұлттық құрамасы сапында 16 матч өткізіп, бес гол соқты. Жалпы кәсіби деңгейде шабуылшы 381 кездесуге қатысып, 147 гол соққан және 23 нәтижелі пас берген.
Читайте также
Главные новости
Хаби Алонсо в восторге от молодежи «Челси» в Австралии: среди них и Дастан Сатпаев
3Турнирная таблица
Кайрат
Ордабасы
Астана
Актобе
Окжетпес
Елимай
Улытау
Тобол
Женис
Каспий
Кайсар
Кызылжар
Атырау
Жетысу
Алтай
Иртыш
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов