«Тағы екі жаңа ойыншы күтеміз, ал Сенхаджи бізді күшейтеді»: Ромащенко – «Тобылдың» қазіргі бабы туралы
13 июня, 21:31
Фото: Мирослав Ромащенко
«Тобылдың» бас бапкері Мирослав Ромащенко ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңгеннен кейін командадағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Бүгін жаңа тактикамен ойнады ма?
«Біз үш орталық қорғаушымен ойнаған жоқпыз. Төрт қорғаушыдан тұратын жүйені қолдандық, Ндиайе сол қапталда өнер көрсетті. Көптеген жарақаттарға байланысты, сондай-ақ Асранқұлов пен Марочкиннің жақында ғана қатарға қосылғанына байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық.
Бірінші таймда одан Жагоров секілді белсенді ойын талап етілген жоқ. Себебі Жагоров оң қапталда өте мобильді ойын көрсетті. Кейін ойын тең дәрежеде өрбіді. Алдағы уақытта тактикалық мүмкіндігіміз арта түседі деп сенемін, өйткені Сенхаджиден бөлек тағы екі футболшы келеді деп күтіп отырмыз», – деді Ромащенко.
Француз қорғаушысы туралы
«Бүгін Райан тек дебют жасап қана қойған жоқ, сонымен қатар туған күнін де атап өтіп жатыр. Оны осы мерекесімен құттықтаймыз. Мен бұл ойыншыны Ресей чемпионатынан жақсы танимын. Ол негізінен оң жақ орталық қорғаушы ретінде ойнайды. Сондықтан оның клубқа келгеніне қуаныштымын. Райан – жылдам, шапшаң, агрессивті футболшы және командамызды күшейте алады».
Көшбасшыларының бірінен айырылды
«Жасұлан Жұмашевтің осындай ауыр жарақат алғаны өкінішті. Оның бұғанасы зақымданғандықтан, шамамен бір жарым айға дейін алаңға шыға алмайды. Оған тезірек сауығып, сабыр сақтауын тілеймін».
Гвинея құрамасының жартылай қорғаушысы қайда?
«Алдыңғы матчта («Атыраумен» өткен 1:1 ойынында) Сиссе бұлшықетін жарақаттап алды. Содан бері оңалту процессінен өтіп жатыр. Енбі ғана топтық жаттығуларға қатыса бастады», – деді беларусьтік маман.
ҚПЛ-дің 13-туры аясында «Тобыл» «Қызылжарды» Урош Милованович пен Александр Зуевтің голдарының арқасында 2:0 есебімен жеңді. Бұл Мирослав Ромащенко шәкірттерінің мамыр айының басынан бергі («Ертісті» 1:0 есебімен жеңгеннен кейінгі) алғашқы жеңісі ретінде тіркелді.
Сондай-ақ қостанайлық клуб 29 жастағы орталық қорғаушы Райан Сенхаджимен келісімшартқа отырды. Футболшы бұған дейін Ресейдің «Факел» және Әзербайжанның «Сумгаит» клубтарында доп тепкен.
Читайте также
Главные новости
Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Елимай
Астана
Улытау
Актобе
Женис
Кызылжар
Атырау
Жетысу
Кайсар
Иртыш
Алтай
Тобол
Каспий
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц