«Шымкент таңғалдырды»: «Ордабасы» қорғаушысы – «Портудың» қызығушылығы, АПЛ мен Қазақстан туралы
28 апреля, 17:01
Фото: Ги-Марселен Килама
Ақпан айында «Ордабасы» Камерун құрамасының ойыншымен келісім-шартқа отырды – бұл ҚПЛ-да сирек кездесетін жағдай. Ги-Марселен Килама түріктің «Хатайспор» клубының негізгі қорғаушысы болған, ал қазір шымкенттіктердің жеңіліссіз сериясын жалғастыруға көмектесіп жүр.
ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 26 жастағы африкалық ойыншы:
- Түрік және қазақ футболын салыстырды;
- Топ-клубқа өтпей қалған трансферін еске алды;
- «МЮ» және «Брайтон» ойыншыларымен қарым-қатынасы туралы айтып берді.
– Ги, Қазақстанға тағы да қош келдіңіз. Түркияның екінші дивизионымен салыстырғанда айырмашылықты сезіндіңіз бе? Үйреніп кеттіңіз бе?
– Шыны керек, айырмашылықтар бар. ҚПЛ-да ойын кейде тікелей шабуылға негізделген, қатаң жекпе-жектер көп және бейімделуді талап ететін жағдайлар (әсіресе ұзақ ұшулар мен климат) жеткілікті. Түркияның бірінші лигасында тактикалық құрылым сәл көбірек, командалар өте жинақы. Мен мұнда өсуімді жалғастыру үшін келдім. Әріптестеріме келетін болсақ – иә, байланыс орнатып жатырмын, бірақ асықпай, берік қарым-қатынас құрғанды жөн көремін.
– Биыл «Ордабасы» жанкүйерлерді көбірек тартуда: әртістерді шақырып, стадионда автокөлік ойнатып жатыр. Осындай ажиотажды күттіңіз бе?
– Шынында, Шымкенттегі атмосфера меңі таңғалдырды. Мұнда ерекше аура бар – алаңда қолдауды сезінесің. Мұндай бастамалар клубтың жанкүйерлермен жақындасқысы келетінін көрсетеді. Мансабымда мұндайды әлі көрген емеспін.
– «Ньорға» ауысқанға дейін «Порту» клубына қосылу мүмкіндігіңіз болғаны рас па?
– Футболдағы келіссөздер – үйреншікті жағдай. Иә, бірнеше жыл бұрын «Портумен» келісімшарт жасасуым мүмкін еді, бірақ сәті түспеді. Жақында басқа командалар тарапынан, соның ішінде жоғарғы дивизиондағы «Газиантептен» қызығушылық болды. Бірақ менің бар ойым тек «Ордабасыда».
Дерек: Килама – 2026 жылғы Премьер-лиганың ең қымбат ойыншылары тізімінде төртінші орында (1 млн еуро). Одан жоғары тек Дастан Сатпаев (3 млн), Иван Башич пен Пабло Альварес (екеуі де 1,2 млн).

– 2019 жылы сіз жас Йоан Виссаға қарсы, кейінірек Мауро Икардиге қарсы ойнадыңыз. Мұндай шабуылшыларға қарсы тұру қандай екен?
– Ондай қарсыластармен ойнау – деңгейді көтеретін құнды тәжірибе. Мұндай дуэльдерде қателесуге құқығың жоқ. Висса мен Икарди – өте ақылды футболшылар, сондықтан тәртіпті сақтау маңызды болды.
– Қауесеттерге қарағанда, осы қыста ҚПЛ-ға Венсан Абубакар келуі мүмкін еді. Сіздің ойыңызша, танысыңыз 34 жасында чемпионатты күшейте ала ма?
– Мен онымен тек Камерун құрамасында ғана емес, «Хатайспорда» да бірге болдым. Абубакар – тәжірибесі мол, қуатты және ең бастысы, гол сезу түйсігі жоғары әмбебап форвард. Тіпті 34 жасында да ол алаңда да, киім ауыстыратын бөлмеде де пайдалы болар еді. Венсан Премьер-лигаға жаңа реңк беретініне сенімдімін. Ол әлі де өзіне жоғары талап қояды.
Дерек: БАҚ ақпараты бойынша, «Бешикташтың» экс-сұрмергенінің кандидатурасын «Қайрат» пен «Ақтөбе» қарастырған. Оның есебінде Чемпиондар лигасында соғылған 14 гол бар.
– Ұлттық құрамада сіз Брайан Мбемо, Андре Онана, Карлос Балеба сияқты жұлдыздармен араласасыз... Олар өмірде қандай?
– Таңғалатын шығарсыз, бірақ олар өмірде өте қарапайым жігіттер. Клубтарының деңгейі мен шеберліктеріне қарамастан, ұжыммен әрқашан ашық араласады және басқалар сияқты тер төгеді. Әрине, шеберліктері өсіп жатыр, бірақ рухы жағынан Брайан, Андре және Карлос баяғы 5-10 жыл бұрынғы қалпында қалғандай.
– Наурыз айында конфедерация Африка ұлттары кубогының финалында Сенегалға Мароккоға қарсы ойында (0:3) техникалық жеңіліс берді. Сіз жақта бұны қалай қабылдады?
– Бұл шешімнің әділдігі туралы айтқанда абай болар едім. Мұнда сөз футболшыларда емес – құзыретті органдар бар, біз соларды құрметтеуіміз керек. Дегенмен, жеңімпаз алаңда анықталуы тиіс екені анық.
– Клубпен бірге неге ұмтыласыз?
– «Ордабасымен» басты мақсатым – бәсекеге қабілетті футбол көрсетіп, жүлделі орындар үшін күресу. Егер біз чемпиондықты жеңіп алсақ немесе еурокубоктарға жолдама алсақ, бұл жақсы маусым болады. Жеке жоспарымда – тұрақтылықты сақтап, әрі қарай өсу.
Читайте также
Главные новости
Кипрский экс-легионер КПЛ – о матче «Кайрата» в ЛЧ: у «Омонии» есть преимущество
1Экс-тренер «Кайрата» – о матче с «Омонией»: шансы равны, главное – не проиграть на Кипре
2Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Астана
Актобе
Улытау
Елимай
Женис
Тобол
Кайсар
Атырау
Жетысу
Каспий
Кызылжар
Алтай
Иртыш
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлишер Аманжол