Чесноков – шешен, Тапалов – орыс ұлтынан ба? Сіз түп-тамырын білмейтін қазақстандық футболшылар

24 апреля, 16:55

Чесноков – шешен, Тапалов – орыс ұлтынан ба? Сіз түп-тамырын білмейтін қазақстандық футболшылар

Бүгінде Қазақстанда 122 этнос өкілі тұрады. Оның үстіне аралас некелер саны артып келеді: 2024 жылы олардың үлесі 17 жыл бұрынғы деңгейге қайта оралып, 18,2%-ды құрады. КПЛ-да осындай отбасылардан шыққан футболшылар жиі кездеседі.

ASnews.kz авторы Давид Есимбеков пен Елисей Горшуновтың мемлекеттік тілді қалай меңгергенін және Еркін Тапаловтың әкесінің аты неге Олег екенін баяндайды.

Кәріс ізі

«Каспийдің» жартылай қорғаушысы Есимбеков Сон Хын Минмен бір командада ойнай алар еді. Есімі көне семиттік, фамилиясы түркілік болғанымен, әкесі кәріс ұлтынан шыққан. Дегенмен футболшы қазақ тілін жақсы меңгергенін атап өтті.

«Анам – қазақ, бірінші сыныптан бастап мектепті бітіргенге дейін қазақ тілінде оқыдым», – деді Давид ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.

Биылғы маусымда 21 жастағы «Жетісу» түлегі чемпионатта алты матч өткізді. Ресейдің «Черноморец» және «Жеңіс» клубтарындағы қысқа кезеңнен кейін өз орнын табуға тырысып жүр. Ол U-19 құрамасының капитаны ретінде Францияға қарсы матчта (0:7) алаңға шықты, қарсыластар сапында Дезире Дуэ мен Матис Тель өнер көрсетті.

«Ақтөбе» дирижері Георгий Жуковтың да шығысазиялық мәдениетпен байланысы бар: «Анам – кәріс. Оның жанұясы баяғыдан Қазақстанда тұрады, бірақ біз орысша сөйлейміз», – деген еді бұрын Бельгия азаматтығында болған ойыншы.

Сондай-ақ Еуропаның топ-5 лигаларына жақын жүрген жас футболшылардың арасында да кәріс ұлтымен байланысты 16 жастағы Шыңғыс Әликеев («Бенфика») және 15 жастағы Әлижан Юн («Эльче») бар. Соңғысы көпбалалы отбасынан шыққан, оның бойында орыс және қазақ қандары да аралас.

Менхенгладбахқа біздің футболшылар бара ма?

2021 жылғы халық санағы Германия ұлтының Қазақстандағы үлесін 1,2% (226 мың адам) деп көрсетті. Солардың арасында да талантты футболшылар бар.

«Спортинг» жастар құрамасына қарсы ойында дубль авторы атанған (2:3) Азамат Тұяқбаев Таразда дүниеге келген: «Әкем – қазақ, сондықтан мен де қазақпын. Көшеде біз қазақша сөйлейтінбіз», – дейді «Қайраттың» жартылай қорғаушысы. Қызығы, ол журналистер сұрақты орысша қойса да, қазақша жауап береді.

Оған неміс ұлтты анасынан берілген еуропалық келбет кейде адамдарды жаңылыстырады. Болашақта оның тағдыры Бундеслига клубымен байланысуы мүмкін: бейресми мәліметке сәйкес, күзде «РБ Лейпциг» пен «Боруссия» (Менхенгладбах) оны Еуро U-19 турнирінде бақылаған. Сол турнирде ол Ирландияға қарсы гол соғып (1:0), Кипрмен ойында нәтижелі пас берді (1:1).

Сәуірде «Тұран» клубын 24 жастағы Шыңғыс Флюк күшейтті. Ол «Окжетпесте» өзін толық көрсете алмаса да, бірінші лигадағы 73 ойында 35 нәтижелі әрекетпен көзге түсті.

«Құжат бойынша мен анам сияқты неміспін. Бірақ ол әрқашан: Қазақстанда тұрсаң – тілді білуің керек дейтін. Өзімді қазақпын деп санаймын», – деді ол ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.

Таулар мен құмдар

ЧЛ іріктеу кезеңіндегі «Селтикке» қарсы матчта (0:0) Александр Заруцкий жарақат алып, бұл жағдай тарихи мәнге ие болды. Қазақстан жанкүйерлері ұлттық құраманың жаңа қақпашысы Темірлан Анарбековты тани бастады – ол қарымта ойында (3:2, пенальти сериясы) қаһарман атанды.

Ал 32 жастағы Заруцкий «Қайрат» сапында «Реалға» (0:5) және «Интерге» (1:2) қарсы ойындарға қатысқан жоқ.

Биыл «Ақтөбеге» ауысқан қақпашының әкесі – бұрынғы кәсіби футболшы, Кавказдағы ықпалды тұлға. Ол «Спартактың» (Нальчик) бас директоры және жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы.

Солтүстік Кавказбен тығыз байланысы бар тағы бір ойыншы – Ислам Чесноков. Шотландияның «Хартс» клубында доп тебетін вингердің биологиялық әкесі – шешен, сондықтан «Ахматтың» оған қызығушылық танытқаны түсінікті жағдай.

«Алтайдың» жас көшбасшысы Сэйф Попов өз шығу тегін ашып айтпайды, бірақ оның әкесінің аты – Мохамед. Болжам бойынша, Бішкекте дүниеге келген араб. Ал «Қайсар» қорғаушысы Амир Мохаммад – Дағыстандағы аз ғана ауған диаспорасының өкілі.

«Рубиннің» жолы болмаған жұлдыздары

Украиналық Александр Нойок Қазақстанға жақсылап орнығып алды. 2023 жылдан бері ол «Қызылжар» мен «Атырау» сапында 90 матч өткізіп, соңғысымен Кубок финалына дейін жетіп, «Ақтөбеге» жол берді.

Оның айтуынша, қазақ менталитеті өзіне жақын: анасы – қырым татары, мұсылман, ал әкесі – православ украин.

«Бізде ешқашан ұлттық немесе тілдік негізде қақтығыс болған емес. Әртүрлі мәдениет бір отбасыда үйлесім таба алады», – деді ол.

Татар тамыры бар ойыншылар қатарында Сұлтан Бусурманов, Роман Асранкулов және Руслан Валиуллин бар. Соңғысы қазір еркін агент мәртебесінде жүр.

Роман Муртазаев – татардың немересі, бірақ құжат бойынша орыс әрі христиан. «Жан дүниемде мен қазақпын», – деп әзілдеген еді «Елімай» ойыншысы.

Ерекше футболшылар

«Ақтөбенің» шабуылшысы Артур Шушеначев – хакас халқының өкілі (әлемде бар болғаны 75 мың адам). Салыстыру үшін, тек Алматының өзінде ұйғырлар саны одан 30 мыңға көп.

Ал Еркін Тапаловтың әкесінің аты неге Олег? Жауабы қарапайым:

«Әкем Ресейде туған, ол жерде аты Олег деп жазылған, ал шын аты – Қадыр. Отанына оралған соң құжатты өзгертпеген», – дейді «Қайрат» қорғаушысы.

Роман Чирков («Қызылжар»), Елисей Горшунов («Алтай») және Марат Быстров («Жеңіс») қазақтар үшін жиен болып саналады. «Қайрат» түлегі Арсен Буранчиев – Бішкектен шыққан қырғыз.

Бұл деректер ешкімді бөлектеу үшін емес, керісінше Қазақстанның бай генофоны мен түрлі этностардың тату өмір сүре алатынын көрсетеді. Оның үстіне, аралас некелер медицина тұрғысынан да пайдалы:

«Аралас некеден туған балалардың денсаулығы мықтырақ болады – олар екі ата-анасының генетикалық артықшылықтарын алады», – деп қорытындылады биология ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Генетика және физиология институтының жетекшісі Лейла Джансугурова.

Бұл қасиеттер футбол алаңында да кәдеге жарауы мүмкін.

Читайте также

Сегодня, 21:07

«Реал Бетис»—«Реал Мадрид»: гости едут за победой

Сегодня, 18:44

Экс-легионер «Кайрата» – о чилийце в «Кайсаре»: Джонс должен забыть о давлении

Сегодня, 16:46

Чесноков – чеченец, а Тапалов – русский? Казахстанские футболисты, о корнях которых вы не знали

Сегодня, 14:26

Ветеран «Жальгириса» – о Чебурине: был успешен в Литве, будет и в «Атырау»

Сегодня, 10:20

Нападающий клуба Ла Лиги – о звезде «Астаны»: Абраев – техничный игрок

Сегодня, 08:23

Оспанов ушел, помощник – нет: что ждет замруководителя «Актобе»

Главные новости

КПЛ   24 апреля, 18:44

Экс-легионер «Кайрата» – о чилийце в «Кайсаре»: Джонс должен забыть о давлении

1
КПЛ   24 апреля, 16:46

Чесноков – чеченец, а Тапалов – русский? Казахстанские футболисты, о корнях которых вы не знали

2
КПЛ   24 апреля, 14:26

Ветеран «Жальгириса» – о Чебурине: был успешен в Литве, будет и в «Атырау»

3
КПЛ   24 апреля, 10:20

Нападающий клуба Ла Лиги – о звезде «Астаны»: Абраев – техничный игрок

4
КПЛ   24 апреля, 08:23

Оспанов ушел, помощник – нет: что ждет замруководителя «Актобе»

5
Разное   23 апреля, 18:12

Казахстанский тренер получил назначение в китайском клубе

6
Все новости

Турнирная таблица

Казахстан. Премьер-лига
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Кайрат Кайрат
6
4
2
0
8
14
2
Ордабасы Ордабасы
6
3
3
0
5
12
3
Елимай Елимай
6
3
3
0
5
12
4
Кызылжар Кызылжар
6
3
2
1
5
11
5
Окжетпес Окжетпес
6
3
2
1
3
11
6
Улытау Улытау
6
3
2
1
2
11
7
Астана Астана
6
2
3
1
1
9
8
Жетысу Жетысу
6
2
2
2
-2
8
9
Атырау Атырау
6
1
4
1
1
7
10
Актобе Актобе
6
2
1
3
-1
7
11
Иртыш Иртыш
6
1
3
2
-1
6
12
Женис Женис
6
1
3
2
-5
6
13
Кайсар Кайсар
6
0
4
2
-4
4
14
Алтай Алтай
6
0
3
3
-3
3
15
Тобол Тобол
6
0
2
4
-7
2
16
Каспий Каспий
6
0
1
5
-7
1
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Арсенал Арсенал
32
21
7
4
38
70
2
Манчестер Сити Манчестер Сити
31
19
7
5
35
64
3
Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед
33
16
10
7
13
58
4
Астон Вилла Астон Вилла
32
16
7
9
5
55
5
Ливерпуль Ливерпуль
32
15
7
10
10
52
6
Челси Челси
33
13
9
11
11
48
7
Брентфорд Брентфорд
33
13
9
11
4
48
8
Борнмут Борнмут
33
11
15
7
0
48
9
Брайтон Брайтон
33
12
11
10
6
47
10
Эвертон Эвертон
32
13
8
11
2
47
11
Сандерленд Сандерленд
32
12
10
10
-3
46
12
Фулхэм Фулхэм
33
13
6
14
-3
45
13
Кристал Пэлас Кристал Пэлас
31
11
9
11
-1
42
14
Ньюкасл Юнайтед Ньюкасл Юнайтед
33
12
6
15
-3
42
15
Лидс Лидс
33
9
12
12
-7
39
16
Ноттингем Форест Ноттингем Форест
32
8
9
15
-12
33
17
Вест Хэм Вест Хэм
32
8
8
16
-17
32
18
Тоттенхэм Тоттенхэм
33
7
10
16
-11
31
19
Бёрнли Бёрнли
32
4
8
20
-30
20
20
Вулверхэмптон Вулверхэмптон
33
3
8
22
-37
17
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Барселона Барселона
31
26
1
4
54
79
2
Реал Мадрид Реал Мадрид
31
22
4
5
36
70
3
Вильярреал Вильярреал
31
19
4
8
20
61
4
Атлетико Мадрид Атлетико Мадрид
31
17
6
8
19
57
5
Бетис Бетис
31
11
13
7
7
46
6
Сельта Сельта
31
11
11
9
4
44
7
Реал Сосьедад Реал Сосьедад
31
11
9
11
1
42
8
Хетафе Хетафе
31
12
5
14
-5
41
9
Осасуна Осасуна
31
10
9
12
-1
39
10
Эспаньол Эспаньол
31
10
8
13
-11
38
11
Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао
31
11
5
15
-12
38
12
Жирона Жирона
31
9
11
11
-12
38
13
Райо Вальекано Райо Вальекано
31
8
11
12
-9
35
14
Валенсия Валенсия
31
9
8
14
-12
35
15
Мальорка Мальорка
31
9
7
15
-9
34
16
Севилья Севилья
31
9
7
15
-12
34
17
Алавес Алавес
31
8
9
14
-11
33
18
Эльче Эльче
31
7
11
13
-8
32
19
Леванте Леванте
31
7
8
16
-15
29
20
Реал Овьедо Реал Овьедо
31
6
9
16
-24
27
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Бавария Бавария
29
24
4
1
78
76
2
Боруссия Дортмунд Боруссия Дортмунд
30
19
7
4
30
64
3
РБ Лейпциг РБ Лейпциг
30
18
5
7
22
59
4
Штутгарт Штутгарт
29
17
5
7
22
56
5
Хоффенхайм Хоффенхайм
30
16
6
8
15
54
6
Байер 04 Байер 04
30
15
7
8
19
52
7
Айнтрахт Франкфурт Айнтрахт Франкфурт
30
11
9
10
-2
42
8
Фрайбург Фрайбург
29
11
7
11
-5
40
9
Аугсбург Аугсбург
30
10
6
14
-16
36
10
Майнц Майнц
29
8
9
12
-9
33
11
Унион Берлин Унион Берлин
30
8
8
14
-18
32
12
Кёльн Кёльн
30
7
10
13
-7
31
13
Гамбург Гамбург
30
7
10
13
-15
31
14
Вердер Вердер
30
8
7
15
-18
31
15
Боруссия М Боруссия М
29
7
9
13
-14
30
16
Санкт-Паули Санкт-Паули
30
6
8
16
-25
26
17
Вольфсбург Вольфсбург
30
6
6
18
-25
24
18
Хейденхайм Хейденхайм
29
4
7
18
-32
19
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Интер Милан Интер Милан
33
25
3
5
49
78
2
Наполи Наполи
33
20
6
7
15
66
3
Милан Милан
32
18
9
5
20
63
4
Ювентус Ювентус
32
17
9
6
26
60
5
Комо Комо
33
16
10
7
29
58
6
Рома Рома
33
18
4
11
17
58
7
Аталанта Аталанта
33
14
12
7
16
54
8
Болонья Болонья
32
14
6
12
5
48
9
Лацио Лацио
33
12
11
10
4
47
10
Сассуоло Сассуоло
33
13
6
14
-3
45
11
Удинезе Удинезе
33
12
7
14
-5
43
12
Торино Торино
32
11
6
15
-17
39
13
Парма Парма
33
9
12
12
-16
39
14
Дженоа Дженоа
32
9
9
14
-7
36
15
Фиорентина Фиорентина
32
8
11
13
-7
35
16
Кальяри Кальяри
33
8
9
16
-14
33
17
Кремонезе Кремонезе
32
6
9
17
-21
27
18
Лечче Лечче
32
7
6
19
-24
27
19
Верона Верона
32
3
9
20
-32
18
20
Пиза Пиза
32
2
12
18
-35
18
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
ПСЖ ПСЖ
27
20
3
4
38
63
2
Ланс Ланс
29
20
2
7
28
62
3
Лилль Лилль
30
16
6
8
15
54
4
Марсель Марсель
30
16
4
10
18
52
5
Лион Лион
29
15
6
8
14
51
6
Ренн Ренн
29
14
8
7
8
50
7
Монако Монако
29
15
4
10
7
49
8
Страсбур Страсбур
28
12
7
9
12
43
9
Лорьян Лорьян
30
10
11
9
-4
41
10
Тулуза Тулуза
30
10
7
13
-1
37
11
Брест Брест
28
10
6
12
-6
36
12
Париж Париж
29
8
11
10
-8
35
13
Анже Анже
30
9
7
14
-14
34
14
Гавр Гавр
30
6
12
12
-13
30
15
Ницца Ницца
30
7
8
15
-22
29
16
Осер Осер
29
5
9
15
-14
24
17
Нант Нант
28
4
7
17
-21
19
18
Метц Метц
29
3
6
20
-37
15