Сарапшы – «Ақтөбенің» жаңа бапкері туралы: Қырғызстан менталитетін түсіне алмады
26 марта, 19:54
Фото: Штефан Таркович
Қырғызстандық спорт журналисі Теңгелбес Мұсаев ASnews.kz порталына берген сұхбатында «Ақтөбеге» тағайындалуға жақын жүрген Штефан Тарковичтің Қырғызстан құрамасындағы жұмыс кезеңіне сараптама жасады.
«Шынымды айтсам, оның Қырғызстанға келуі мен жұмысынан жеке өзім басқа нәтиже күттім. Ол бұл қызметте ұлттық құраманы тоғыз жыл басқарып, Азия кубогына екі рет алып шыққан Александр Крестининді алмастырды. Крестининнің күтпеген жерден қызметтен кетуі «еуропалық» маман шақыру керек деген әңгімелер легінің аясында орын алды.
Меніңше, Тарковичтің келуі бірнеше фактормен байланысты болды: қаржылық мәселе, ұлттық құраманы басқару мүмкіндігі, Азия кубогында өнер көрсету және жаңа белестер. Оны тағайындауға арналған баспасөз мәслихатында мен одан мансабын жалғастырудың тағы қандай нұсқалары болғанын сұрадым. Ол өте дипломатиялық тұрғыда: «болды, бірақ айта алмаймын», – деп жауап берді».
Журналистің айтуынша, бапкердің біліктілігі туралы жақсы пікірлерге қарамастан, Таркович басты турнирде сәтсіздікке ұшырап, командамен байланыс орната алмаған:
«Көпшілік оны жақсы маман ретінде бағалайды. Алайда оның ойыншылармен тіл табыса алмай, өзінің ойы мен көзқарасын дұрыс жеткізе алмағаны анық. Біздің менталитетіміздің ерекшеліктерін түсінбеді, бұған тек тілдік кедергі ғана себеп емес. Менің білуімше, оның уақыты жеткілікті болса да, ойыншылармен жеке әңгімелесуді сирек өткізетін.
Сегіз айдың ішінде команда оның жетекшілігімен 14 матч өткізді. Сәтсіз аяқталған Азия кубогында ешқандай ойын өрнегі байқалмады: оның қандай футбол ойнауға тырысқаны мүлдем түсініксіз болды. Нәтижесі – екі жеңіліс (0:2, 0:2) және Джоэл Коджоның жеке шеберлігі мен Эржан Токотаевтың сейвтерінің арқасында қол жеткізген бір тең ойын (1:1).
Оның үстіне, оған толық еркіндік (карт-бланш) берілді. Команданың оқу-жаттығу жиындары үшін жергілікті чемпионат оңай тоқтатылатын. Сондай-ақ құрамды жасартуға бағытталған күрт қадам жасалды – құрама ардагерлерімен өте тез қоштасты», – деп қорытындылады Мұсаев.
53 жастағы Штефан Тарковичтің жетекшілігімен Қырғызстан құрамасы 18 матч өткізіп, оның бесінде жеңіске жетті, төрт рет тең түсіп, тоғыз рет жеңіліс тапты. Соғылған және жіберіп алған голдар айырмасы – 23:28, ал бір ойында жинаған ұпайдың орташа көрсеткіші (PPM) – небәрі 1.06.
Еске салайық, ASnews.kz порталына словакиялық маманның «Ақтөбе» басшылығымен келіссөздердің шешуші кезеңінде екені және жақын арада қазақстандық клубтың тізгінін ұстауы мүмкін екені белгілі болған еді.
Читайте также
Главные новости
Герой Евро-2020 и провал в Кыргызстане: кто такой Таркович, который может возглавить «Актобе»
1Глеб Макридов: рад находиться в «Атлетико» – здесь играют топовые футболисты
3Турнирная таблица
Астана
Ордабасы
Окжетпес
Кайрат
Елимай
Кызылжар
Улытау
Иртыш
Атырау
Актобе
Алтай
Женис
Кайсар
Жетысу
Каспий
Тобол
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Кристал Пэлас
Лидс
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Эспаньол
Валенсия
Жирона
Райо Вальекано
Севилья
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Хоффенхайм
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Лацио
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Брест
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов