«Ордабасының» бас бапкері – трансферлер туралы: тағы бір ойыншы алуды жоспарлап отырмыз
16 марта, 22:47
Фото: Андрей Мартин
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин «Жеңіске» қарсы ойыннан кейін (2:0) баспасөз мәслихатында легионерлердің бейімделуін бағалап, клубтың трансфер нарығындағы алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Килама да, Аманович те – тәжірибелі ойыншылар. Біз оларды қорғанысымыздың сапасын арттыру үшін белгілі бір мақсатпен алдық. Оған қоса, Аманович бірнеше позицияда: қорғаныста да, тіреуіш аймақта да ойнай алады. Бұл жақсы трансферлер болды, жігіттер ұжымға тамаша әрі тез сіңісіп кетті, бұл командалық рухты жоғары деңгейде сақтау үшін өте маңызды.
Трансферлік терезе жабылғанша бізді одан әрі күшейте түсу үшін уақытты пайдалануды жоспарлап отырмыз. Басшылықтың құрамды күшейтуге қатысты нақты ниеті бар. Егер іске асып жатса – керемет болар еді.
Ал Сергей Малыйға келер болсақ, ол әрдайым өз деңгейінде ойнайды. Онда сәтсіз ойындар іс жүзінде жоқ. Ол ішкі біріншілік үшін өте тұрақты әрі сапалы футболшы, оның ұлттық құрамаға шақыртылуы да тегін емес. Ол командаға үнемі қажет нәрсені береді: артқы шептегі тұрақтылықты және қорғаныста да, шабуылда да әуедегі тартыстардағы жеңісті. Бұйырса, Сергейдің дені сау болып, командаға пайдасын тигізе берсін», – деді Мартин.
Еске салайық, ҚПЛ-2026 екінші турының матчы «Астана Арена» стадионында өтіп, шымкенттіктердің 2:0 есебі тіркелген жеңісімен аяқталды. Ойын тағдыры екінші таймда шешілді: алаңға тыңнан шыққан Жасұлан Әмір алдымен Сұлтанбек Астановқа нәтижелі пас берсе, кейін қарсыласынан допты тартып алып, өзі де гол соқты.
Айта кетейік, 26 жастағы камерундық орталық қорғаушы Ги-Марселин Килама мен македониялық қорғаушы Алекса Аманович «Ордабасы» сапында алғаш рет толық матч өткізді. Павлодарлық «Ертіске» қарсы (2:2) бірінші турда қос легионер де тек қосалқы құрамнан алаңға шыққан болатын. Екі ойынның қорытындысы бойынша «Ордабасының» еншісінде төрт ұпай бар, ал «Жеңіс» бір ұпаймен қалды.
Читайте также
Главные новости
Бывший вратарь «Актобе» – об ошибке Сосы с «Кайратом»: нужно действовать ответственнее
4Турнирная таблица
Актобе
Астана
Кызылжар
Кайрат
Иртыш
Ордабасы
Елимай
Женис
Кайсар
Окжетпес
Атырау
Улытау
Каспий
Алтай
Тобол
Жетысу
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Кристал Пэлас
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Атлетико Мадрид
Вильярреал
Бетис
Сельта
Эспаньол
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Жирона
Валенсия
Севилья
Райо Вальекано
Мальорка
Алавес
Эльче
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Гамбург
Боруссия М
Майнц
Кёльн
Вердер
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Болонья
Сассуоло
Лацио
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Лечче
Фиорентина
Кремонезе
Пиза
Верона
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Монако
Ренн
Лилль
Страсбур
Лорьян
Брест
Тулуза
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Бекзат Сахиб