«Ақтөбенің» экс-қақпашысы – Сосаның «Қайратқа» қарсы ойындағы қателігі туралы: жауапкершілікпен әрекет ету керек
16 марта, 21:47
Фото: Лукас Африко («Қайрат») және Даниэль Соса («Ақтөбе»)
«Ақтөбенің» экс-қақпашысы Самат Отарбаев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-2026 екінші турындағы «ақ-қызылдардың» «Қайратқа» қарсы ойынына (0:1) баға берді.
«Ойынның тек екінші таймын көре алдым. Матч соңында кәдімгідей тартыс болды, Заруцкийдің қақпасына біраз шабуылдар мен соққылар жасалды. Анарбековтің қақпасына да қысым түсті. Бірақ Дастан бәрібір де өзінікін дәлелдеді. «Ақтөбеге» жанкүйерлік етсем де, Дастан ойынның нүктесін қойды. Ол алаңға тыңнан қосылды, допты Сосадан тартып алып, гол соқты. Соса Дастанға қарағанда тәжірибелі, бірақ қателік жіберді – мұндай деңгейдегі осындай сәттерде, әсіресе қысым кезінде үлкен жауапкершілікпен әрекет ету керек. Бұл Сосаның нәтижелі қателігі деуге болады.
Нани шықты, стадионды біраз шайқады. 20 минут ойнаса да, деңгейі бөлек екені көрінді. Әрине, бұрынғыдай емес, бірақ оның топ-деңгейі сезіліп тұр. Бір-екі рет допты жоғалтты, бірақ басқа жағынан алғанда, Нанидің аты – Нани. Бәрі оның шығуын күткен шығар. Тіпті менің достарым да осы ойынға билет іздеп, таба алмай жатты. Жанкүйерлердің көбісі Наниді көруге барған болар. Ойын өте қызық болды. Менің ойымша, есеп заңды – екінші таймда «Қайрат» өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Рафаэль Уразбахтин Сәтпаевты уақытында шығарды, ал Дастан өз деңгейін дәлелдеді. Заруцкий де өзін жақсы қырынан көрсетіп, біраз соққыны қайтарды. Оның да мотивациясы жоғары болғаны түсінікті», – деді Отарбаев.
Еске салайық, Алматыда өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 76-минутқа дейін таблода нөлдік теңдік сақталды. Ойын тағдырын 64-минутта алаңға шыққан Дастан Сәтпаев шешті. 12 минуттан соң ол Даниэль Сосадан допты тартып алып, бұрынғы командаласы Александр Заруцкийден айласын асырды.
«Қайрат» алты ұпай жинап, ҚПЛ-2026 турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Келесі турда (21 наурыз) алматылықтар «Жетісуға» қарсы ойнайды, ал «Ақтөбе» (үш ұпай) өз алаңында «Елімайды» қабылдайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда 36 жастағы Отарбаев ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының жасөспірімдер командаларында қақпашылар бапкері қызметін атқарады.
Читайте также
Главные новости
Бывший вратарь «Актобе» – об ошибке Сосы с «Кайратом»: нужно действовать ответственнее
4Турнирная таблица
Актобе
Астана
Кызылжар
Кайрат
Иртыш
Ордабасы
Елимай
Женис
Кайсар
Окжетпес
Атырау
Улытау
Каспий
Алтай
Тобол
Жетысу
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Кристал Пэлас
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Атлетико Мадрид
Вильярреал
Бетис
Сельта
Эспаньол
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Жирона
Валенсия
Севилья
Райо Вальекано
Мальорка
Алавес
Эльче
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Гамбург
Боруссия М
Майнц
Кёльн
Вердер
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Болонья
Сассуоло
Лацио
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Лечче
Фиорентина
Кремонезе
Пиза
Верона
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Монако
Ренн
Лилль
Страсбур
Лорьян
Брест
Тулуза
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов