Салибамен ойнаған және Рибериді еске түсіретін Ндомбази – «Каспий» үшін топ-трансфер
26 марта, 10:44
Фото: Ноа Ндомбази
«Каспий» жаңа маусым алдында айтарлықтай өзгеріс жасады: клуб қатарын 17 ойыншы толықтырды. Идрис Умаев және Леонель Струмия сияқты танымал жаңа ойыншылардың арасында Килиан Мбаппенің жерлесі, «Кривбасстан» келген Ноа Ндомбази ерекше көзге түседі.
ASnews.kz авторы 24 жастағы шабуылшының неліктен мансабын қайта жандандырып, ақтаулықтарды ҚПЛ-да алып қалуы мүмкін екенін түсіндіреді.
Үздіктермен бірге бастады
Шабуылшы Килиан Мбаппе алғашқы қадамдарын жасаған Иль-де-Франс коммунасындағы Бонди қаласында дүниеге келген. Бұл қалашықтың кішкентай болғаны соншалық, халық саны бойынша тіпті Талғардан да қалыс қалады (Талғарда 65 мың, ол жақта 50,5 мың адам). Сондықтан футболшылардың бір-бірін тануы ғажап емес:
«Мен оның жақындарымен расымен де таныспын», – деген еді Ноа Ouest-France басылымына берген сұхбатында.
«Монфермейде» бес жыл ойнағаннан кейін талантты ойыншы скауттардың, оның ішінде «Пари Сен-Жерменнің» назарына ілікті. Сонымен қатар, Ндомбази Франция жасөспірімдер құрамасында Вильям Салиба, Кефрен Тюрам және Бафоде Диакитемен бірге ойнады. Алайда ол «Бордоны» таңдады.
Факт: Қысқы трансферлік кезеңде «Қызылжарға» «Бордоның» тағы бір бұрынғы ойыншысы Этьен Бёгр ауысқан болатын.
Дебюттік маусымында оңақай шабуылшы U-17 санатында үздік сұрмерген атанып, U-19 командасына ауысуға мүмкіндік алды. Бірақ кәсіби келісімшартқа отырудың орнына күтпеген жағдай орын алды: функционер Пабло Лонгория оны «Валенсияға» тартып әкетті.
«Барселонаға» қарсы ойнағысы келді, бірақ «Вильярреалдың» оқушыларына тап болды
Ндомбазидің ептілігі мен техникасы оның басты қаруына айналды. Ойынға қосалқы құрамнан шығып, тың күшпен «жарғанаттарға» жиі ұпай әкелетін: мәселен, үш матчта француз 3+2 нәтижесін көрсетті. Ақтауда да оның осы қасиетіне сенім артылады деп топшылауға негіз бар.
Шабуылшы команданың Сегундаға шығуына үлес қосқанымен, резервте ойнау оның жоспарына сай келмеді. Негізгі құрамға ілігуді армандаған Ноаға «Рода» немесе «Вильярреалдың» үшінші құрамына қарсы ойнауға тура келді:
«Гонсалу Гедеш, Ману Вальехо және Жоффре Кондогбьяның маған қаншалықты зор әсер қалдырғанын ешқашан ұмытпаймын», – деп мойындады Ноа.
Шын мәнінде, жоғарыда аталған футболшылармен тек жаттығу жасаудан әріге аса алмады: Ндомбази швейцариялық «Санкт-Галленмен» келісімге келді.
Факт: Алтын ғасыры артта қалған «Валенсия» соңғы жеті жылда Ла Лигада тоғызыншы орыннан жоғары көтеріле алған жоқ.
«Бордоның» бұрынғы бапкері Жан-Люк Догон былай деп атап өткен еді: «Ноаның менталитеті тамаша: ол үнемі мотивацияға толы кеңестерді мұқият тыңдайды. Бірақ «Валенсияға» ауысуы – тым ерте жасалған, асығыс қадам болды».
«Каспий» үшін тәуекел
«Санкт-Галлендегі» кезеңі шабуылшының соңғы маусымдарда қандай күйде болғанын айқын аңғартады. Әңгіме түсініксіз жарақаттар мен алаңға небәрі 5-25 минутқа шыққаны жайында болып отыр: бұл жағдай «Конкарно» мен «Кривбасста» да қайталанды. Украинадағы 14 матчта Ндомбази бірде-бір рет негізгі құрамда шыққан жоқ, нәтижесінде – 0 гол.
Дегенмен, 2025 жылғы Бірінші лига чемпиондарының жаңа ойыншысы бірнеше қабілетке ие:
«Бұл жігіт – керемет дриблер әрі желаяқ. Жай ғана пас беріңіз, ол қапталдағы бірнеше қарсыласын алдап өтіп, соққы жасайды. Мен Ноаны алып қалғым келгені рас», – деген еді швейцариялықтардың бас бапкері Петер Зайдлер.
Франция жасөспірімдер құрамасының экс-ойыншысын өз отанында атақты Франк Риберимен салыстырған. Пиралы Әлиев шынымен де оны Идрис Умаевпен немесе Богдан Петровичпен қаптал ауыстыра отырып, вингер ретінде пайдалана алады. Тек бір ғана мәселе – оның психологиясы мен физикалық бабын ретке келтіру керек.
Ол тәлім алған мектепті ескерсек, 24 жастағы Ндомбази әлі де командаға пайдасын тигізе алады. Оның үстіне, алаңда Лео Струмия, Давид Есімбеков және Дархан Бердібек сияқты сақтандырып тұратын футболшылар мен ассистенттер тарапынан қолдау бар.
Читайте также
Главные новости
Кипрский экс-легионер КПЛ – о матче «Кайрата» в ЛЧ: у «Омонии» есть преимущество
1Экс-тренер «Кайрата» – о матче с «Омонией»: шансы равны, главное – не проиграть на Кипре
2Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Астана
Актобе
Улытау
Елимай
Женис
Тобол
Кайсар
Атырау
Жетысу
Каспий
Кызылжар
Алтай
Иртыш
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлишер Аманжол