«Бәрі таныс арқылы шешіледі»: Каямба «Атырауды» балағаттап, стадион мен шенеуніктер туралы айтты
20 декабря, 16:42
Фото: Жоэль Каямба
2025 жылғы маусым «Атырау» үшін қиын болды. Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турында жеңіске жеткеніне қарамастан, команда маусым бойы 13-ші орын үшін күресіп, төрт рет бапкер ауыстыруға мәжбүр болды. Ал қазір «мұнайшылар» шетелдік ойыншыларына қазан айындағы жалақыларын және бонустарын төлей алмай отыр.
ASnews.kz сайтына берген сұхбатында клубтың бұрынғы вингері Жоэль Каямба мына мәселелерге тоқталды:
- Сәтсіздіктерге Дидар Сыдықбек кінәлі ме?
- Жаңа директор Қуандық Жақиялиев қаншалықты жақсы жұмыс істеп жатыр?
- Қазақ футболында қандай мәселелер бар?
- Жалақысын алмағаны үшін ФИФА-ға шағым түсіре ме?
– Сыдықбек сіздің командаға келуіңізден алдын бас менеджер болып тағайындалды. Сол кезде клубтағы атмосфера қандай болды?
– Басында бәрі жақсы еді. Біз ҚПЛ-да қалу үшін күрескенімізбен, командада абыр-сабыр болған жоқ. Сонымен қатар, Жуковский көп көмектесті – ол тек футбол тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар көшбасшы ретінде де білікті маман. Ол әрқашан: «Біздің уақытымыз міндетті түрде келеді. Біз лигада қаламыз» деп айтатын.
Ойыншылар чемпионаттың екінші жартысында реванш жасайтын уақыт келді деп ойлады.
– Сол кезде «Атырауда» қаржылық қиындықтар болды ма?
– Жоқ, ешқандай қиындық болмаған. Ол жаққа барардан бұрын достарымның бірі: «Егер екі рет жеңіске жетпесеңдер, олар ақша төлеуді тоқтатады. Бұл команда күйреп жатыр», - деген еді. Дегенмен, клуб жеңілістерден кейін де бізге уақытында ақша төлеп отырды. Егер олай жасамаса, ойыншылардың мотивациясы жоғалатынын түсінген шығар.

– Демек, Дидар уәдесінде тұрды ма?
– Оның кезінде бәрі уақытында жасалды. Менің ойымша, Сыдықбек өз қалтасынан да ақша төлеп отырды. Мен олардың жағдай жақсарып келе жатқан кезде оны қызметінен неліктен алып тастағанын түсінбеймін.
Факт: Ресми нұсқа бойынша, «Тараздың» қазіргі директоры клубтан өз еркімен кетті.
– Бірдеңе дұрыс емес екенін қашан сездіңіз?
– Мұны былай түсіндірейік: «Атырау» – қарапайым команда, бірақ ол Қазақстанның ең бай қаласында орналасқан. Мен бұған дейін де сол жерде ойнағанмын, сондықтан клубтың барлық қыр-сырын білемін. Бірақ Дидар кеткеннен кейін клубқа не болғанын көрсеңіздер ғой. Жағдай нашарлай бастады.
Бонустарды бергеннен кейін басшылық ақшаны қайтаруды талап етті. Негізінде, сіз бонус алуға лайық болатындай уақыт ойнайсыз, бірақ ол басқа біреуге кетеді. Қаражатты қайта бөлу. Мұндайды қай жерден көрдіңіз?
Жарайды, бұған көз жұма қарайық, бірақ олар Премьер-лигадағы орынды сақтап қалсақ, жалақыны екі есе көп төлейтінін айтып, ақыр соңында сөздерінде тұрмады.
– «Атыраудың» өкілдері жалақының кешігуін қалай түсіндірді? Жағдайдың нашар екенін мойындады ма?
– Басшылық «Елімайға» қарсы финалдық ойынға (2:3) дейін есеп айырысуға уәде берді, бірақ ешкім ештеңе алған жоқ. Екінші жағынан, біз бұл мәселеге емес, тек ойынға назар аудардық. Кейіннен клуб маусымның аяқталуын атап өту үшін кеш өткізді: біз Астанаға аман-есен жеттік, демалып алдық, бірақ ешқандай ақша түскен жоқ. Содан кейін «Атырауда»: «Бүгін жұма болып қалды. Есеп айырысуды дүйсенбіде қалдырайық» деген әңгіме басталды. Дүйсенбі болды тағы да уәде орындалған жоқ.
Басшылық шетелдіктердің еліне ұшып кететін ақшасын да төлемеген. Мен: «Бұл не болды, жігіттер?» деп ойладым. Толық жауапкершілікпен айта аламын, мен бұл командаға оралғаныма өкінемін
Факт: Конголық ойыншы Ливияның «Абу Салим» командасына ауыспас бұрын 2024 жылдан 2025 жылға дейін «Атырау» сапында ойнады. «Ақтөбеге» қарсы ойында (1:1) гол соғып, «Астананың» бапкері Григорий Бабаянмен жанжалдасып қалған болатын.

Олар менің басымды әбден с**іп бітті. Мен ойнаған жоқпын және жарақат салдарынан қатты қиналдым. Дәрігер мен массажистке ешқандай шағымым жоқ. Олар қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ физиотерапевт жоқ. Жарақат алдыңыз ба? Біткен жерің осы. Анандай сұмдық синтетикалық алаңда жүгіріп жүргендіктен, жарақат алатының айдан анық. Тез қалыпқа келу мүмкін емес.
Парижге көңілді оралуымның жалғыз себебі – ҚПЛ-дағы орнымызды сақтап қалғанымыз. Көптеген матчтарда ойнай алмасам да, «Атыраудың» бірінші лигада ойнағанын көру жүректі ауыртар еді. Ал жанкүйерлердің бізді қолдағаны... Бұл адамдар футболды шынымен жақсы көреді және олардың клуб ішінде не болып жатқанын білмейтіні өкінішті
Дидар кеткен бойда бәрі күйреді. Қазіргі басшылықтың бұл спорт түріне ешқандай қатысы жоқ. Олар бұрынғы боксшылар мен MMA спортшыларын басшылық лауазымдарға тағайындаудың хас шебері. Жыл сайын осы тірлік қайталана береді.
– Еуропада бұрынғы дене шынықтыру мұғалімінің директор болып тағайындалғанын елестете аласыз ба?
– Шын мәнінде, егер олардың футбол саласындағы тәжірибесі болса ештеңе етпейді. Ал футболдан хабары жоқ адам трансферлерді қалай жасайды? Футбол дейтін тұтас саланы қалай түсінеді? Әркімнің өз орны бар, бірақ Қазақстанда бұл қағида жұмыс істемейді. Мұнда бәрі билікке байланысты өзгеріп отырады. Егер сіздің ағаңыз немесе құдаңыз жоғарыда отырса, адаспайсыз.
Егер мемлекет клубтарға ақша беруді тоқтатса, бәрі өзгерер еді, өйткені ол кезде әрбір шенеунік инвестицияны жеке өзі салатын болады. «Қайратқа» қараңызшы – олар бүкіл Еуропаға үлгі болған клубтың бірі. Олардың иесі ақшасын ақылмен жұмсайды, ал ол үшін бұл бизнес. Сондықтан мен Боранбаевтың командасы жыл сайын Чемпиондар лигасында ойнауға лайық деп санаймын.
Егер Премьер-лигадағы әр клуб «Қайрат» сияқты жұмыс жасаса, басшылықтан аты жоқ, заты жоқ адамдарды көрмейміз, себебі ол кезде әрбір адам клуб үшін жұмыс істейтін болады. Ал қазір олар мемлекеттің ақшасын пайдаланып, ойыншылардың алдында қарызға батып жатыр.

— Жақиялиевті қалай сипаттар едіңіз?
— Барлық мәселе сол адамда. Сыдықбек ең болмағанда «маған бонусты қайтарып беріңдер» деп айтқан жоқ. Оның орнына ол чемпионаттағы орын үшін күрескен жақсы команда құрды. Жақиялиев саусағын да қозғалтпады.
— Онымен жеке диалог болған жоқ па?
— Жоқ. Ол қателескенін мойындамайды. Қазақстаннан кетіп, үш күннен кейін мен осы менеджерге хат жаздым, бірақ ол бұған мән бермеді. Құрметсіздік таныту – ең жиіркенішті нәрсе. Бізге: «жігіттер, біз қазір қиын кезеңді бастан кешіріп жатырмыз» деп айта алар еді. Бірақ оған бәрібір.
Мен тіпті Жақиялиевке алдағы уақытта сұхбат беріп, бар былығын әшкерелейтінімді айттым. Ал ол тіпті бұған жауап бермеді.
— Жуковский мұндай жағдайда қалай әрекет етеді?
— Жақында ол басшылықпен тікелей сөйлесу үшін Минсктен Атырауға ұшып кетті. Леонидовичтің бір жарым жылдық келісімшарты болғанымен, клуб шетелдік ойыншыларға жалақысын төлемесе, ол мұнда қалуды жоспарламайды. Себебі 2025 жылы шетелдік ойыншылар команданың тірегі болды.

Бақытымызға орай, Жуковский шыдамды адам. Ол ашуланып, ақылға сыймайтын қадамдар жасамайды. Керісінше: «жігіттер, ауызбіршілікті сақтайық және мықты болыңыздар. Бұл Қазақстан, кейде мұндай жағдайлар болып тұрады», – деп тыныштандырды. Сөйтсек, «Тұран» клубы да онымен есептеспеген екен.
Кездесуден кейін бапкер қолынан келгеннің бәрін жасағанын ашық мойындады, бірақ «Атырау» ештеңеге кепілдік бермейді. Егер қай ойыншыда мансабын жалғастырудың басқа нұсқасы болса, өз еркімен кете алады, себебі Жуковский енді мұндай жауапкершілікті өз мойнына ала алмайды.
— Сіз ФИФА-ға шағымданасыз ба?
— Әрине, мен бұл туралы ойланып, агентіммен кеңесіп жатырмын. Бұл екі ай бойы осы жағдайға шыдап келе жатқан басқа жігіттерге де қатысты. Мені осы уақытқа дейін тоқтатқан жалғыз нәрсе - Виталийдің сөзі.
– «Мұнайшы» стадионындағы синтетикалық алаңның сапасын қалай бағалайсыз?
– Атырауға алғаш рет барған кезімде өз көзіме сенбеген едім. Бұл алаңда ойнау мүмкін емес. Жарақат алудан қорқып, жылдамдықты арттырғыңыз да келмейді. Бұл кәсіби футбол екенін ескерсек, федерацияның мұндай стадионда матчтар өткізуге рұқсат бергені таңқаларлық жағдай.
Жыл сайын жағдай нашарлап барады, сондықтан барған сайын ойлана бересіз: мұндай бай қалада шағын, бірақ лайықты арена салуға немесе кем дегенде жабынды ауыстыруға болмай ма?
Факт: Атырау – еліміздегі ең бай аймақтардың бірі. 2026 жылы республикалық бюджетке 262 миллиард теңгеден астам қаражат әкелген: бұл жағынан тек Алматы мен Астанаға ғана жол береді.
– Инфрақұрылым мәселесінен басқа, «Атырау» биыл спорттық және қаржылық қиындықтарға тап болды. Сіздің ойыңызша, осы мәселелердің түпкілікті себебі неде?
– Бұл жағдай басшылықтың немқұрайлылығынан орын алуда. Егер олардың жаны ашыса, шара қолданар еді. Бізді жаттығу кезінде бақылайтын жанкүйерлерге жаным ашиды.
Атырау әкімінің спорт жанкүйері емес екенін және футболға мән бермейтінін естідім. Ол мықты демеуші тарта алар еді, бірақ мұнай астанасында тұрса да, олай жасамайды.

– Басшылыққа айтар сөзіңіз бар ма?
– Біз оларға ақша төлеуге жеткілікті түрде уақыт бердік. ФИФА жағдайды бақылауына алып, трансферлік тыйым салса жақсы болар еді. Әдетте, осы уақытта командалар жаңа маусымға дайындала бастайды, бірақ «Атырауға» қараңызшы – олар бірде-бір жаңа ойыншы алған жоқ.
«Атырау» манипуляция жасауды жақсы көреді: «Жаңа президент туралы пост жариялайды», «Жуковскийдің қалатынын айтады». Бірақ бұл Дидардың бас бапкермен он сегіз айлық келісімшартқа отырғанының арқасы. Бұл жаңа директордың ісі емес, жанкүйерлер мұны білуі керек.
Жігіттер, сендерде керемет, өзін-өзі қамтамасыз ететін аймақ бар. Сондықтан оған жан бітіріңдер! Павлодар немесе Шымкентен үлгі алып, бүкіл Қазақстан футболына пайда әкеліңдер. Жергілікті жанкүйерлер бұдан да жақсыға лайық. Ал енді мен шетелдегі біреуге «Атырауда» ойнағанымды айтсам, олар: «сен сонда нашар футболшысың ба?» дейді. Мұндай команданың бар екенін ешкім білмейді және бұл таңқаларлық жағдай.
Клубтағы адамдар сатқындар, енді олар жаңа маусым басталғанда, айырмашылықты байқайтын болады. Сені өлімнен құтқарған адамды лақтырып кетесіңдер ме? Бұл үшін жауап бересіңдер.
Читайте также
Главные новости
Экс-форвард АПЛ — о Крисе Коулмане: найдет подход к казахстанским футболистам
1«В Казахстане решают связи»: Каямба – матом об «Атырау», чиновниках и стадионах КПЛ
3Турнирная таблица
Кайрат
Астана
Тобол
Елимай
Актобе
Женис
Ордабасы
Окжетпес
Кызылжар
Улытау
Кайсар
Жетысу
Атырау
Туран
Арсенал
Манчестер Сити
Астон Вилла
Челси
Кристал Пэлас
Манчестер Юнайтед
Ливерпуль
Сандерленд
Эвертон
Брайтон
Тоттенхэм
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Фулхэм
Брентфорд
Ноттингем Форест
Лидс
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Эспаньол
Бетис
Атлетик Бильбао
Сельта
Севилья
Хетафе
Эльче
Алавес
Райо Вальекано
Мальорка
Реал Сосьедад
Осасуна
Валенсия
Жирона
Реал Овьедо
Леванте
Бавария
РБ Лейпциг
Боруссия Дортмунд
Байер 04
Хоффенхайм
Штутгарт
Айнтрахт Франкфурт
Унион Берлин
Фрайбург
Кёльн
Боруссия М
Вердер
Вольфсбург
Гамбург
Аугсбург
Санкт-Паули
Хейденхайм
Майнц
Интер Милан
Милан
Наполи
Рома
Ювентус
Болонья
Комо
Лацио
Сассуоло
Удинезе
Кремонезе
Аталанта
Торино
Лечче
Кальяри
Дженоа
Парма
Верона
Пиза
Фиорентина
Ланс
ПСЖ
Марсель
Лилль
Лион
Ренн
Страсбур
Тулуза
Монако
Анже
Брест
Лорьян
Ницца
Париж
Гавр
Осер
Нант
Метц
Әлишер Аманжол