Кирил Кекер өмірден озды – «Қайраттағы» жастарды және тұтас бір буынды тәрбиелеген бапкер
1 декабря, 10:32
Фото: Кирилл Кекер
30 қарашада «Қайрат» ФК академиясының жетекшісі Кирилл Сергеевич Кекер 46 жасында өмірден озды.
Оның қайтыс болуы Қазақстан футбол үшін орны толмас қайғы. Себебі Кекер мырза он жылдан астам уақыт бойы жас ойыншылардың даму жүйесін қалыптастырып, клуб пен ұлттық құрамалардың дамуына үлес қосқан еткен маман.
ASnews.kz тілшісі осы ретте қазақстандық бапкердің еңбек жолына тоқталды.
«Бұл орны толмас қайғы»: «Қайраттың» қоштасу хаты
Клубтың ресми мәлімдемесінде былай делінген:
«Бүгін 46 жасында «Қайрат» ФК Академиясының жетекшісі Кирилл Сергеевич Кекер күтпеген жағдайда өмірден өтті. Бұл — бүкіл клуб үшін орны толмас ауыр қайғы. Он жылдан астам уақыт «Қайрат» жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан адамның қазасы бәрімізді терең күйзелтті».
Кирилл Кекердің еңбек жолы: өмірі, ойыншы және бапкер ретіндегі мансабы
Кирилл Кекер 1979 жылы 22 маусымда Фрунзеде (қазіргі Бішкек) дүниеге келген.
Ұлты – Қырғызстан, позициясы – орталық қорғаушы, бойы – 1,85 м.
Ойыншы ретіндегі мансабы
Қорғаушы Қырғызстан, Қазақстан және Үндістан клубтарында ойнады. Атап айтсақ:
- «Гвардия» Бішкек
- «ITI Bangalore» (Үндістан)
- «Аккес-Голден»
- «Есил-Богатырь»
- «Оқжетпес»
- «Сұңқар»
- «Восток»
Кәсіби мансабында 240 матч өткізіп, 14 гол соқты.
Бапкерлік жолы: Қайрат академиясынан Қазақстан U19 ұлттық құрамасына дейін
Кекер бапкерлік мансабын академиядан бастап еліміздің жасөспірімдер құрамасына дейін жетті.
Негізгі кезеңдер
2014–2020 — «Қайрат» академиясының бапкері, жастармен жұмыс
2020–2021 — «Қайрат-Жастар» клубының бас бапкері
2021–2022 — «Қайрат» клубының бас бапкері
2022 — «Қайрат Мәскеу» клубының бас бапкері
2022–2024 — «Қайрат» командасының Қазақстан Премьер-лигасындағы бас бапкері (60 матч, лигадағы ең үздік xG көрсеткішін тіркеді)
2024 — «Ордабасы» командасының бас бапкері
2025 — «Қайрат» академиясының жетекшісі
2025 — Қазақстан U19 құрамасының бас бапкері
2025 жылы жеткен басты жетістігі
Оның басшылығымен Қазақстан U19 құрамасы Еуро-2026 іріктеу турнирінің алғашқы матчында Ирландияны жеңді. Өз тобында екінші орын алған Кекердің командасы іріктеу турнирінің элиталық кезеңіне өтті, бұл соңғы жылдары жастар футболында тіркелген ең үлкен жетістіктердің бірі болды.
Мұғалім және тәрбиеші: Кирилл Кекердің кезінде дебют жасағандар
Бапкердің ең үлкен жетістіктерінің бірі жас ойыншыларды тәрбиелеу болды, олардың көпшілігі қазір ҚПЛ-да ойнап жүр.
Оның кезінде мына ойыншылар ҚПЛ-да дебют жасады:
- Сейф Попов (18 жас)
- Александр Мрынский (18 жас)
- Ян Труфанов (19 жас)
- Денис Митрофанов (19 жас)
- Әліби Мұхит (19 жас)
- Диас Кушкумбаев (20 жас)
- Әділет Садыбеков (20 жас)
- Лев Кургин (20 жас)
- Рустам Эмиров (21 жас)
- Байжан Мәделхан (21 жас)
Бұл ойыншылар бапкер мұрасының бір бөлігіне айналды – ол жоғарыда аты аталған футболшыларға кәсіби футболдағы алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік берді.
Кекер бапкер ретінде: қатал, әділ және шығармашыл
Клуб Кекердің әрбір ойыншының бойындағы ең жақсы қасиеттерді аша алатын адам болғанын атап көрсетеді:
«Кирилл Сергеевич өз ісіне адал, талапшыл әрі әділ маман еді. Жас ойыншылардың мүмкіндігін ашып, ең маңызды сәттерде қолдау көрсетуді білетін нағыз тәлімгер болатын».
Оның әдістері тәртіпке, заманауи әдіснамаға және еуропалық жаттығу стандарттарына негізделген.
Анықтама
- Кирилл Кекер Қазақстандағы ең прогрессивті жаттықтырушылардың бірі болды.
- Мансабында ол «Қайраттың» әртүрлі командаларында жұмыс істеді және 10 жылдан астам уақыт бойы клубта еңбек етті.
- Қазақстан Премьер-лигасында бас бапкер ретінде 90-нан астам матч өткізді («Қайрат», «Ордабасы»).
- Ол бүгінде клубтар мен ұлттық құрамалардың негізін құрайтын жас футболшылардың тұтас бір буынын тәрбиеледі.
- Ол академияда, кәсіби клубта және ұлттық құрамада бір мезгілде жұмыс істеген санаулы мамандардың бірі.
- 2025 жылы жастар футболындағы басты сенсациялардың бірін тіркеп, Еуро-2026 іріктеу кезеңінде Ирландияны жеңуге себепші болды.
Читайте также
Главные новости
Турнирная таблица
Кайрат
Астана
Тобол
Елимай
Актобе
Женис
Ордабасы
Окжетпес
Кызылжар
Улытау
Кайсар
Жетысу
Атырау
Туран
Арсенал
Челси
Манчестер Сити
Кристал Пэлас
Брайтон
Сандерленд
Борнмут
Тоттенхэм
Астон Вилла
Манчестер Юнайтед
Ливерпуль
Брентфорд
Эвертон
Ньюкасл Юнайтед
Фулхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Лидс
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Эспаньол
Хетафе
Атлетик Бильбао
Севилья
Реал Сосьедад
Сельта
Эльче
Алавес
Райо Вальекано
Валенсия
Мальорка
Осасуна
Жирона
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Байер 04
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Айнтрахт Франкфурт
Хоффенхайм
Вердер
Кёльн
Фрайбург
Боруссия М
Унион Берлин
Аугсбург
Гамбург
Вольфсбург
Санкт-Паули
Майнц
Хейденхайм
Наполи
Интер Милан
Болонья
Рома
Милан
Ювентус
Комо
Сассуоло
Лацио
Удинезе
Кремонезе
Торино
Аталанта
Кальяри
Лечче
Пиза
Парма
Дженоа
Фиорентина
Верона
ПСЖ
Марсель
Ланс
Страсбур
Ренн
Лилль
Лион
Монако
Ницца
Тулуза
Париж
Гавр
Анже
Метц
Брест
Нант
Лорьян
Осер
Әлім Динасылов