«Чемпиондар лигасында ойнағым келеді»: Жақсылық – Еуропадан қызығушылығы, Түркия және Испания туралы
4 января, 08:38
Фото: Нұрали Жақсылық
Өз буынындағы ең мықты және болашағынан зор үміт күттіретін футболшылардың бірі Нұрали Жақсылық маусымды жақсы өткізіп, өзін Қазақстан Премьер-лигасындағы техникасы мықты және жан-жақты ойыншылардың бірі ретінде көрсетті. Ойын уақыты шектеулі болғанына қарамастан, ол өткен жылы «Астана» сапында 19 матчқа қатысып, бас-аяғы 575 минут ойнап, үш гол мен екі нәтижелі пасты өз атына жазды.
ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Нұрәлі мына мәселелерді қамтып өтті:
- Марин Томасовпен бәсекелестік және «Астанадағы» психологиялық қысым;
- Испаниялық клубқа ауыспай қалуы және шетелен түскен ұсыныстар;
- Қазақстан жастар құрамасындағы рөлі және 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігі;
- Еуропада ойнау жайлы арманы және шетелдік лигаға дайындығы.
— Нұрәлі, осы маусым жайында айтып өтсең. Жеке өзің үшін және команда үшін өткен жылды қалай бағалайсың?
— Әрине, оңай болған жоқ, себебі менің позициямда ҚПЛ-дағы ең үздік ойыншылардың бірі Марин Томасов ойнайды. Бұл маған жаттығуда да, ойындарда да әлдеқайда көп жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Мен өзіме берілген әр минутты максималды түрде пайдалануға тырыстым.
— «Астанаға» чемпиондық пен Конференция лигасының негізгі кезеңіне шығуға не жетпеді деп ойласың?
— Бізге күш жетсіпеді деп ойлаймын. Көп ойындарда біздің күш-қуатымыз тек 70 минутқа жетіп жатты.
— «Астананың» биылғы құрамы мықты болды. Бір командада өте тәжірибелі шетелдік ойыншылармен жаттықтың да, ойнадың. Бәлкім, командаластарыңнан біраз нәрсе үйреніп те қойған шығарсың бір жылдың ішінде?
— Иә, осындай ойыншылармен бір алаңда ойнау тек қана қуаныш сыйлайды. Себебі мен оларға қарап бір деңгейді ұстап жүрдім. Бұл мен үшін үлкен қуаныш.
— Бас бапкер Григорий Бабаянмен қарым-қатынасың қалай? Бір сұхбатында өкшемен ойнағаның үшін сені сынға алған еді. Кейін бапкермен сөйлесіп, осының мән-жайын сұрап көрдің бе?
— Менің ойынымның стилі сондай: тәуекелге баруды жақсы көремін. Алайда сол жағдай үшін мені қосалқы құрамға отырғызып тастаған сәтте бұл мені психологиялық тұрғыда басып тастады. Бірақ қорқынышты ештеңе болған жоқ, мен өз стилімнен тайқымаймын.

— Өз мансабыңды «Тобылда» бастаған едің, ал 2023 жылы «Астанаға» көштің. Елордалықтардың басшылығы саған қалай хабарласты және «Астанамен» қалай келісімшартқа қол қойдың?
— Мен «Тобыл» басшылығынан бір маусымға бірінші лигада «Астананың» жастар командасында ойнап, тәжірибе жинағым келетінін айттым. Ол кезде жасым 18-де еді. Деңгейі жоғары лигада ойнағым келді, бұл үшін қостанайлық клубтың басшылығына алғыс айтамын.
— Жалпы «Тобылдың» академиясына қалай келдің? Футболға қай жаста қызыға бастадың? Сол туралы айтсаң. Алғашқы бапкерің кім болды?
— Мен Қостанайда туылдым, бірақ балалық шағым Торғай мен Арқалықта өтті. Бес жасқа толғанда отбасым белгілі себептермен Астанаға көшіп келді. Ал алты жасымда футболдағы бастапқы қадамдарымды «Астанада» бастадым. Алғашқы бапкерім — Балтабаев Виктор Болатович болды. 13 жасымда сол кезде қостанайлық клубының директоры болған атам Халимжан Сағидоллаұлы Ержанов мені «Тобылға» шақырды. 18 жасқа дейін «Тобылдың» жастар командасында ойнадым, сонымен қатар негізгі құраммен жаттығып жүрдім. Содан кейін «Астанаға» ауыстым.
— Форвард ретінде де, қос қапталда вингер ретінде де ойнай аласың. Өзіңнің сүйікті позицияң қандай?
— Негізі, алаңдағы сүйікті позициям жоқ, өйткені мен сол қапталдағы қорғаушыдан бастап, шабуылшыға дейінгі міндеттерді атқара аралым. Мен үшін ең бастысы — ойнап, командаға пайдамды тигізу.
— 2022 жылы түркиялық «Самсунспор» командасында қаралымнан өттің. Сол жылдың желтоқсанында сен дәл сол командаға барады деген қауесеттер болды. Жалпы осы Түркиядағы тәжірибе туралы айтсаң?
— Ол жерде мен 10 күндік оқу-жаттығу жиынында болдым. Сол кезде маған жетіспегені – тек тілді білмеуім болды. Ал ойыныма түркиялықтар риза болды. Маған бұл тәжірибе қатты ұнады. Жаңа орта, басқа лига, жаңа командаластар — енді бұл атмосфераны жақын арада бастан кешіргім келеді.
— Осы жылдың басында саған «Краснодар» мен «Зенит» қызығушылық танытуда деген ақпарат шыққан еді. Бұл қаншалықты рас?
— «Менімен ешкім байланысқа шыққан жоқ. Бәлкім тек «Астана» басшылығымен ғана байланысқан шығар. Әрбір шетелдік нұсқа мені қызықтыратынын айта кетейін. Футболшы тек басқа елде және жаңа жағдайларда ғана кәсіби тұрғыдан өсіп, прогресс жасай алады.

— Испаниялық «Лас-Пальмастың» қызыққаны ше? Бұндай да ақпарат болған
— «Лас-Пальмаспен» келіссөздер жүргізген агенттің маған хабарласқаны рас, менің қалауымнан тыс себептерге қатысты трансфер жүзеге аспады.
— Жақында ғана литвалық «Кауно Жальгиристен» ұсыныс болды деген ақпарат шыққан еді. Осы жайлы айтып өтсең. Бұл туралы не айтасың?
— Иә, ұсыныс әлі де бар. Қазір бұл бойынша менің агентім жұмыс істеп жатыр. Команданың Литва чемпионатында жеңіске жеткенін және Чемпиондар лигасында ойнайтынын білемін. Әрине, әрбір футболшы өзін сол деңгейде сынап көргісі келеді.
— «Астанамен» келісімшартың жыл соңында аяқталады. Клуб жаңа келісімшарт ұсынды ма?
— Қазіргі уақытта мансабымды Қазақстанда жалғастыру нұсқасын қарастырып жатқан жоқпын, дегенмен ҚПЛ-дың басқа командаларынан көптеген ұсыныстар түсіп жатыр.
— Жеке өзіңе келсек, өз бағыңды шетелдік лигаларда сынап көргің келеді ме? Бір сұхбатта осы жылдың соңында ойланамыз деп айтқан едің.
— Иә, шетелдік чемпионаттарда ойнау — кішкентай кезден бастап келе жатқан арманым. Осы арманымды орындау үшін қаншама тер мен қан төгіп жатырмын. Көптеген жарақаттар да болды. Алайда соған қарамастан, ақыр соңында мақсатыма жетемін деп сенемін және бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын.
— Өзің Еуропада ойнауға дайынмын деп есептейсің бе? Жаңа елге бейімделу, тіл үйрену, шетелдіктермен тіл табысу жағынан даярлығың қалай?
— Психологиялық немесе ментальды тұрғыдан ешқандай қиындықтар болмайтынына сенімдімін. Бейімделу мен қарым-қатынасқа келетін болсақ, мен ағылшын тілін екі жыл бойы үйреніп келемін, сондықтан бұл жағынан да ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын.
— Биыл Қазақстан U-21 жастар құрамасымен Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысып жатсың. Біздің команданың мүмкіндіктерін қалай бағалайсың? Топтан шыға аламыз ба?
— Әрине, бәрі біздің қолымызда. Сол себепті мен өзіме және командаластарыма сенемін.

— Англияға қарсы да ойын өткіздің. Қарсыластың деңгейін қалай бағалар едің? Біздің жігіттер мен олардікі жер мен көктей ме? Әлде бәсекелестік көрсетуге бола ма?
— Англиялықтар басқа деңгейде. Қазақстанда қазақ балаларын жаттықтырып, дайындайтын тек қана бір академия бар. Ол — «Қайрат». «Астанада» мен ғана емес, тіпті Басманов, Астанов, Кәрімов сияқты ойыншылар қосалқы құрамда отырады. Маңызды матчтарда алаңға шықпайды.
— Кейбір футбол жанкүйерлері сізді «Астананың» түлегі деп санайды, ал кейбіреуі «Тобылдың» академиясынан шыққан деп ойлайды. Бұл туралы не айтасыз?
Мен өзімді «Астананың» да, «Тобылдың» да түлегімін деп санаймын. Бұл екі клуб менің футболшы ретінде дамуыма және өсуіме сеп болды. Мен бір команданың еңбегін жоққа шығарғым келмейді; тек бірге жұмыс істеген адамдарға алғыс айтамын.
Читайте также
Главные новости
Защитник сборной Кыргызстана – о новом тренере «Актобе»: в Казахстане ему будет гораздо легче
1Нападающий «Леванте» – о матчах сборной Казахстана U-19: не смог сыграть из-за болезни
4Турнирная таблица
Астана
Ордабасы
Окжетпес
Кайрат
Елимай
Кызылжар
Улытау
Иртыш
Атырау
Актобе
Алтай
Женис
Кайсар
Жетысу
Каспий
Тобол
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Кристал Пэлас
Лидс
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Эспаньол
Валенсия
Жирона
Райо Вальекано
Севилья
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Хоффенхайм
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Лацио
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Брест
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов