Қазақ қақпашысы Қырғызстанға кетіп, чемпион атанды: ол Анарбековтың досы және Байсуфиновқа сенеді
23 ноября, 15:43
Фото: Азамат Жомартов
2025 жыл Атырау қақпашылары үшін тамаша кезең болды: Дулат Талыспаев Қазақстан жастар құрамасына Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде көмектесіп жатқанда, Темірлан Анарбеков «Қайратта» маңызды рөл атқарды. Осы тұста тағы бір қақпашыны ұмытпауымыз керек – «Барыспен» мансабындағы алғашқы кубогын жеңіп алған Азамат Жомартов.
ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 30 жастағы Атырау түлегі мына мәселелерге тоқталды:
- Қырғызстан Премьер-лигасы мен Қазақстан Премьер-лигасының айырмашылықтары;
- «Атырау» мен «Ордабасыдағы» тәжірибесі;
- «Қайрат» қақпашыларына берілген сыйлықтар;
- Қазақстан құрамасының қақпашылары жайлы.
— Азамат, чемпион атануыңызбен құттықтаймын. Маусым туралы айтып беріңізші.
— Шын мәнінде, клубтың құрылғанына бір жыл ғана болды. Басшылық оған көп ақша салды және бұл еңбектері ақталды. Чемпионат кезінде біз үш рет бапкер ауыстырдық: жазға дейін Александр Крестинин, содан кейін мені шақырған Мирлан Эшенов және Қанимет Аралбаев.
Факт: Transfermarkt және басқа да беделді порталдар Игорь Суровты қаракөлдік клубтың бапкері ретінде көрсеткенімен, іс жүзіндегі бұл қызметті директор - 41 жастағы Аралбаев атқаруда. Ресейлік маманға әлеуметтік желілердегі чемпиондық посттан да орын табылмаған.
— Чемпиондық үшін күрес қызу өтті: біз «Мурас Юнайтед» (60 ұпай – ред.), «Абдыш-Ата», «Дордой» (екеуі де 54) және жыл бойы бірінші орында тұрған «Алай» (49) командаларымен бәсекеге түстік. «Мурас Юнайтедтен» айырмашылығы, біздің командада украиналық легионерлер жоқ, негізінен жергілікті ойыншыларға басымдық беріледі. Мен Қайрат Жырғалбек уулу, Фархат Мұсабеков және Магамед Узденовті ерекше атап өтер едім — олардың барлығы бір кездері ҚПЛ клубтарына көмектескен.
— Бұл сіздің Қырғызстан Премьер-лигасындағы алғашқы қадамыңыз емес: бұған дейін «Қағанат» және «Алай» клубтарында ойнадыңыз. Соңғы бес жылда жергілікті чемпионат қалай өзгерді және ол біздікінен қандай айырмашылықтары бар?
— Қырғызстан инфрақұрылым тұрғысынан айтарлықтай прогресс жасады. Табиғи шөбі бар жаңа стадиондар салынды, ал прожекторлар өз деңгейінде жұмыс істеп тұр. Тағы бір айырмашылық – барлық ойындар кешкі сағат 7-де басталады — ояна салып, алаңға жүгіру деген мәселе жоқ. Жаңбыр жауып тұр ма, қар жауып тұр ма, бәрібір — олар уақытында матчты бастайды.
— «Қағанаттағы» мансабыңыз бір матчтан кейін аяқталды — COVID-19 пандемиясы кедергісін келтірді. Биыл титул жеңіп мақсатыма жеттім деп ойлайсыз ба?
— Иә, наурыз айындағы жаттығу жиынынан кейін мен «Алгиге» қарсы ойнадым, бірақ содан кейін чемпионат тоқтап қалды. Бірақ биыл бәріне нүкте қойылды жеп айта алмаймын (күледі).
— Қырғызстандағы тұрмыс жағдайлары мен қаржылық жағдай туралы не айта аласыз?
— Мұнда да ұқсас қалалар бар. Әрине, біздің қалалар үлкенірек, бірақ өмір сүру деңгейі шамамен бірдей. Шамамен айтқанда, Ош жергілікті Шымкентке ұқсайды, ал Бішкек Алматыны еске түсіреді. Қаржылық тұрғыдан алғанда, 2021 жылмен салыстырғанда қырғыздар да алға жылжыды. Клубтар Қазақстанға қарағанда аз төлейді, бірақ айырмашылық біртіндеп азайып барады. Енді барлығы ҚПЛ-ға кетуге асықпайды.

— «Барстың» негізгі қақпашысы - Қырғызстан құрамасының мүшесі, бірнеше қазақстандық клубтардың намысын қорғаған Марсель Исламқұлов. Онымен қарым-қатынасыңыз қалай?
— Біз жақын араласамыз және бір-бірімізді бауырдай көреміз. Бізде ешқашан дұшпандық болған емес, сондықтан бәрі керемет. Командадағы осындай қарым-қатынас «Барсты» тоғыз матчтық жеңіс сериясына әкелді.
— Сіз оны Орталық Азиядағы ең үздік қақпашылардың бірі деп айтар ма едіңіз?
— Иә, әрине. Оны кіммен салыстырарымды білмеймін, бірақ ол ең талантты қақпашылардың бірі.
— Сіз өз туған қалаңыздағы «Атырау» клубында көп жыл жүрдіңіз, бірақ бір рет қана ойнадыңыз. Өкінесіз бе?
— Әрине, өз туған қалаңыздағы клубта ойнамау – бұл нонсенс. Соншалықты көп жаттығамын... Жас кезімде негізгі құрамда ойнауға мүмкіндігім болған жоқ: тіпті қыздырыну былай тұрсын, алаңға шығуға дайындалмайтын едім. Бірақ «Атыраудың» сол кездегі нәтижелері жақсы болды. Біз Кубок финалына шықтық және маусымды үздік бестікте аяқтадық.
— Осы маусымда «Атыраудың» әр матч сайын гол жіберіп алғанын көргенде, «мен бастапқы құрамда болсам ғой...» деп ойладыңыз ба?
— Жоқ, олай ойламаппын (күледі). Қалай болғанда да, бәрі бірдей сынға ұшырайды – бір қақпашы не істей алады? Бірақ мен команданы қолдап, жанкүйер болып жүремін.
– Жерлесіңіз Темірлан Анарбеков 2025 жылы үлкен жетістікке жетті. «Селтикке» қарсы пенальти сериясын көргенде қандай сезімде болдыңыз?
– Мақтаныш сезімі. Темірлан – өте қарапайым жігіт, онымен бірге өз рахатымызға ойнай аламыз. Сондықтан жағдайдың осылай өрбігені жақсы болды. Оны өзімнің кішкентай інім сияқты көремін және ол үшін қатты қуаныштымын.
– Анарбековтың прогрессін қалай бағалар едіңіз? Көбісі оның Еуропаға кетуге дайын екенін айтуда.
– Ол дәл қазіргі сәтте еуропалық клубтардың бірін 100%-ға күшейте алады. Біз Темірланды үнемі қолдаймыз және бұл оның қолынан келеді деп үміттенемін.
— Жас футболшыларға көлік беру дұрыс па? Бұл олардың мінез-құлқы мен командадағы атмосфераға қалай әсер етуі мүмкін?
— Мүмкін, іштей біреу әділетсіздікті сезінер. Біраз уақыттан кейін «Қайратқа» микроавтобус берілгені жақсы болды — бұл спортта ешкімді бөліп-жаруға болмайды. Құдайға шүкір, Темірлан әлі де сол қалпында (күледі).
Факт: Қайрат Боранбаевтың айтуынша, Анарбеков пен Калмұрздан кейін Александр Заруцкийге де көлік кілті табысталған.
— «Ордабасыдағы» маусым туралы не айта аласыз? Клуб әлі де Мартинге сенім артпақшы. Бұған не дейсіз?
— «Ордабасы» осы жылғы бюджетін ескерсек, жақсырақ ойнауы керек еді. Мысалы, Бекхан Шайзада немесе Қазымұқан Төлепберген сияқты жергілікті қақпашылар тұрғанда шетелдік голкиперлерді неліктен алып жатқанын түсінбеймін. Жергілікті ойыншыға сенім артса болады ғой.
Мартинге келетін болсақ, басшылық онымен «Петрокубпен» болған матчтан (2024 жылы 0-1 – ред.) кейін келісімге келген болуы мүмкін. Егер олар оған тағы бір мүмкіндік берсе, мен мұны дұрыс шешім деп санаймын, себебі бапкерді және бүкіл құрамды жыл сайын ауыстырудың ешқандай мән-мағынасы жоқ. Үш немесе төрт маусымнан кейін ғана қорытынды жасау керек.

— Ұлттық құрамада бірінші нөмірлі қақпашы жоқ. Футболшы ретінде бұл қаншалықты ұтымды екенін айтыңызшы және бұл сізге формада болуға көмектесе ме?
— Бәрі бапкерге байланысты. Кейде бапкерлер қақпашыларды матч сайын ауыстырады, бұл сізді формада ұстауға көмектеседі. Кейбір бапкерлер тек бір қақпашыны пайдаланады, бұл әлгі голкипердің босаңсуына әкеледі. Сондықтан барлық қақпашылардың бәсекелескені дұрыс, сонда ең күштілері жеңіске жетеді.
— Мен сізбен жұмыс істеген бапкердің атын айтайын, ал сіздің міндетіңіз - оны бір сөйлеммен сипаттап беру. Александр Седнев.
— Оратор. Ол кез–келген адамның жүрегінен психологиялық тұрғыдан жол таба біледі.
— Виталий Жуковский?
— Ол командалық жұмысты бағалайды. Седневтен жас болғандықтан, кейде ойыншылармен тең дәрежеде сөйлеседі.
— Абдухалық Бөрібаев?
— Ол допты көп ұстап, пас алмасқанды ұнатады.
— Виктор Кумыков?
— Мен онымен тек жаттығу жиынынан өттім. Сондықтан ол туралы алғашқы ойым – 10 км жүгіру және спортзалда ауыр заттар көтеру.
— Константин Горовенко?
— Кирилл Кекерге өте ұқсас: тәсілдері, жаттығу процесі және тактикасы бірдей.
— БАҚ-тың хабарлауынша, ҚФФ ұлттық құрамаға жаңа бапкер іздеп жатыр, ал жанкүйерлер Байсуфиновтың қалуына қарсы емес. Сіз бұл лауазымға кімді лайық деп білесіз?
— Бұл федерацияның құзыретінде, бірақ менің ойымша, қазақстандық маманды сақтап қалу керек. Талғат Маруаұлы жігіттерді жақсы таниды және олармен қалай жұмыс істеу керектігін біледі.
— Сіздің «Барспен» келісімшартыңыз қараша айында аяқталады. Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?
— Егер жаңа ұсыныс түссе, осы клубта ойнауды жалғастырамын. Маған мұндағының бәрі ұнайды, соның ішінде табиғаты ерекше — Қаракөлдегі таулар Швейцария сияқты. Бізде барлық қажетті жағдайлар жасалған, ал команданың микроклиматы өте қолайлы. Мен осында қалуға дайынмын, бірақ басымдықты Қазақстанға беремін.
Читайте также
Главные новости
Казахстанец разрывает Европу: отказал Турции и не собирается играть за Бельгию
4Турнирная таблица
Кайрат
Астана
Тобол
Елимай
Актобе
Женис
Ордабасы
Окжетпес
Кызылжар
Улытау
Кайсар
Жетысу
Атырау
Туран
Арсенал
Манчестер Сити
Челси
Астон Вилла
Брайтон
Сандерленд
Манчестер Юнайтед
Ливерпуль
Эвертон
Кристал Пэлас
Тоттенхэм
Брентфорд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Фулхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Лидс
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Эспаньол
Хетафе
Атлетик Бильбао
Райо Вальекано
Реал Сосьедад
Эльче
Сельта
Севилья
Алавес
Валенсия
Мальорка
Осасуна
Жирона
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
РБ Лейпциг
Боруссия Дортмунд
Байер 04
Хоффенхайм
Штутгарт
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Вердер
Кёльн
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Аугсбург
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Майнц
Милан
Наполи
Интер Милан
Рома
Комо
Болонья
Ювентус
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Кремонезе
Аталанта
Торино
Лечче
Кальяри
Дженоа
Парма
Пиза
Фиорентина
Верона
Ланс
ПСЖ
Марсель
Лилль
Ренн
Лион
Монако
Страсбур
Тулуза
Ницца
Брест
Анже
Париж
Гавр
Лорьян
Нант
Метц
Осер
Әлишер Аманжол