Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы отандық футболды Қытай жүйесімен салыстырды
23.11.2025 13:53
Фото: Самат Отарбаев
Қазақстан Премьер-лигасының түрлі клубтарында өнер көрсеткен қақпашы Самат Отарбаев ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі бапкерлік жұмысы туралы айтып берді.
— Қытайда бір жылға жуық уақыт жұмыс жасап, Шыңжаңның U-18 және U-20 жасөспірімдер құрамаларында қызмет атқардыңыз. Жұмыс үрдісі жайында айтып берсеңіз.
— Негізі наурыз айында Эдуард Борисович Глазуновтың шақыруымен Шыңжаңға келдім. Басында U-18 құрамасында жұмыс жасадым. Яғни, Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялық өлкесінің үздік ойыншыларынан жасақталған команда. Құлжа, Алтай, Ақсу, Тарбағатай, Тұрпан, Қорла, және Хотан өлкелеріндегі жас дарындардан құралған. Қытай Халық Республикасында төрт жылда бір рет Олимпиада сияқты, ұлттық ойындар өтеді. Әрбір провинциядан бір команда шығады. Қытай спортшылары үшін ұлттық ойындар бәрінен де маңызды боп келеді. Бізді дәл осы жарысқа дайындалуға шақырған. Маусым айында іріктеу кезеңі өтті. Екінші орын алып, топтан шықтық.
Кейін, үздік командалар қазан айында Шэньчжэнь қаласында жиналды. Топтық кезеңнен шықтық, алайда 1/8 финалда ұтылып қалды. Ақырында, жетінші орын алдық. 18 жасқа дейінгі команданың жарысы тәмәмдалған соң, маған U-20 құрамасын баптауды ұсынды. Алайда бұл жігіттермен де ұлттық ойындарда жетінші орын алдық. Бұл сәйкестік пе, әйтеуір екі командамен жетінші орынға жеттік.
— Бұл футболшылар ары қарай қайда барады?
Шыны керек, бұл жігіттер ары қарай қайда баратынын білмеймін. Мүмкін, Шыңжаң өлкесінде жаңа клуб ашылады деген қауесеттер де бар. Қытайдың ең үлкен провинциясында клубтың болмауы қиын жағдай, өйткені егер де бұл жастар ары қарай клуб таппаса, мансабын аяқтауға мәжбүр болады. Олар футболдан басқа ештеңе білмейді һәм сабақтарын да оқымаған. Футбол болмаса, әке-шешелеріне көмектесіп, мүмкін саудамен айналысатын шығар. Осы уақытқа дейін ойнаған ойындары ештеңеге керек емес болып қалуы мүмкін. Шыңжаңда клуб ашпаса, бұл жастарға обал болады.
— Қазақстан мен Шыңжаң футболының өзгешеліктерін айтып өтсеңіз.
Қазақстан мен Шыңжаңның футболшыларын салыстырсақ, осы жердегі жігіттердің атлетизмі дамыған. Ұлттық ойындарға дайындық ретінді жастар тестілеуден өтеді. Егер де одан өте алмаса, жарысқа қатыса алмайды. Іріктеу кезеңінің алдында жүгіру, секіру, және белтемірге тартылудан сынақ өтеді. Қазақстандағы 18 жастағы футболшылардың жартысы тіпті он рет тартыла алмайды. Ал Қытайда нағыз атлеттер даярланады. Әр футболшы қанша рет тартылатынын санаймыз. Бір жағынан, Қытайдағы балалар креатив жағынан нашар келеді. Қазақстандағы ойыншыларда креатив дамыған, өйткені футбол ойнаудағы еркіндік бар. Шыңжаңдағы коммунизм, партиялық тәртіп болғасын, бұл тіпті футболдағы еркіндікке әсер етеді. Жастар өз ынтасымен жаңаша ойнаудан қорқады. Өмір бойына олар сондай болып қалған. Ал біздегі жігіттерге ұнады ма, олар істей салады. Креативтің еш жаман тұсы жоқ.
Самат Отарбаев түрлі жылдары «Ордабасы», «Қыран», «Ақтөбе» және «Тараз» клубтарының қақпасын қорғаған. 2013 жылы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған, алайда алаңға шықпады.
Қазіргі таңда 35 жастағы экс-қақпашы Қытайдағы Шыңжаң жасөспірімдер командаларында қақпашылар бапкері қызметін атқаруда.
Читайте также
Турнирная таблица
Астана
Ордабасы
Окжетпес
Кайрат
Елимай
Кызылжар
Улытау
Иртыш
Атырау
Актобе
Алтай
Женис
Кайсар
Жетысу
Каспий
Тобол
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Кристал Пэлас
Лидс
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Эспаньол
Валенсия
Жирона
Райо Вальекано
Севилья
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Хоффенхайм
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Лацио
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Брест
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов