«Қайрат»—«Ақтөбе»: алаң иелері жеңіске жетеді
13 сентября, 15:20

Фото: «Қайрат»—«Ақтөбе»
22 турдан кейін «Қайрат» пен «Астана» 46 ұпайдан жинап, көш басында келе жатыр. Енді әр ұпай чемпиондықтан айыруы мүмкін. Ал дәл қазір алматылықтарды ең маңызды сынақ күтіп тұр — команда өз алаңында «Ақтөбемен» кездеседі, деп хабарлайды ASNews.kz (BorodAbata)
«Қайрат»: Чемпиондар лигасынан алған серпін
Еуропадағы ертегі командаға күш-қуат әрі жігер берді. Соңғы турда алматылықтар мықты «Оқжетпесті» қысып, жеңісті жұлып әкетті (1:0), соққы саны да екі есе көп болды (14:7). Ең бастысы — ұзаққа созылған голсыз сериясын шабуылшы Жоржиньо үзді. Оның еншісінде биылдың өзінде алты гол мен жеті голдық пас бар.
«Ақтөбе»: қорғаныстағы саңылау
Өткен турда қызыл-ақтар «Жетісуды» (3:2) жеңгенімен, басты қорғаушысы Вэтэжелудан айырылды. Енді Николай Костов «Қайратқа» қарсы сол қапталда кімді шығаруды шешуі керек. Дегенмен, Вэтэжелумен де қорғаныс сенімді бола қойған жоқ: соңғы «құрғақ» ойынды ақтөбеліктер 20 шілдеде («Тобылға» қарсы, 0:0) өткізген. Ал алматылықтардың шабуылына қарсы тұру бұдан да қиынға соғады.
ASNews.kz болжамы
Алматылықтар айқын фаворит саналады. «Ақтөбе» соңғы кездері аутсайдерлерге қарсы да қиналып жүр, сондықтан Алматыда ұпай алу мүмкіндігі тым аз. Бәрі «Қайраттың» көшті сақтап қалатынын көрсетіп тұр.
Негізгі ставка: «Қайраттың» жеңісі
Балама: Тотал 2.5-тен көп
Читайте также
Главные новости
Турецкий агент – о казахстанских талантах: важно, чтобы им помогало правительство
1Эксперт — о матче «Кайрата» в ЛЧ: если они подготовятся, «Брюгге» будет плохо
3Алексей Шпилевский — о шансах «Кайрата» против «Реала»: можно ожидать сюрприз
4Турнирная таблица













































































































