Оман—Қатар: қонақтар жеңіске жетуі тиіс
8 октября, 12:14

Фото: Қатар құрамасы
8 қазан күні Азия құрлығының Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің төртінші айналымын барысында Оман мен Қатар құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ASnews.kz.
Оман
Алаң иелері келесі кезеңге зорға өтті — олар Палестинаны небәрі бір ұпай айырмасымен артта қалдырды. Шешуші турда осы қарсыласпен тең түскеннен кейін (1:1) төртінші кезеңге жолдама алды. Алайда ендігі топта Омандағы жағдай күрделі — Қатар мен БАӘ сынды мықты қарсыластармен ойнау оңай болмайды.
Қатар
Азияның қазіргі чемпионы өткен кезеңде күтпеген жерден тек төртінші орынмен шектелді. Осыдан кейін команданы Хулен Лопетеги баптай бастады. Испаниялық маман тәжірибелі және әлеуеті жоғары құраммен жұмыс істейді және Қатарды топтағы көшбасшылыққа қайта әкелуді көздейді.
Фактілер мен статистика:
- Оман соңғы бес матчтың тек біреуінде ғана жеңілді.
- Қатар үш ойын қатарынан жеңіске жете алмады.
- Омандағы соңғы бес кездесудің барлығында екі команда да гол соқты.
ASnews.kz болжамы:
Кездесу тартысты өтеді, бірақ Қатардың деңгейі шешуші рөл ойнайды.
- Негізгі болжам: Қатардың жеңісі.
- Балама нұсқа: Екі команда да гол соғады — иә.
Читайте также
Главные новости
Экс-форвард сборной Уэльса — о раскладе в группе: Казахстан помог, но расслабляться нельзя
3Экс-защитник «Жениса» — о матче «Кайрата» в ЛЧ: преимущество на стороне «Пафоса»
4Турнирная таблица













































































































