«Челси»—«Бенфика»: Моуринью командасы Лондоннан ұпай әкетеді
30 сентября, 16:47

Фото: Жозе Моуриньо
30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні Лондондағы «Стэмфорд Бриджде» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші туры аясында «Челси» мен «Бенфика» кездеседі, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Челси»
Энцо Марескидің командасы үшін күз сәтсіз басталды. Алғашқы турда «синілер» Мюнхенде «Бавариядан» (1:3) жеңілді. Премьер-лигада да жағдай оңалмай тұр: «Олд Траффордта» «Манчестер Юнайтедке» (1:2) ұтылып, алғашқы минуттарда-ақ Санчес алаңнан қуылды. Келесі турда тағы бір қызыл қағаз (Чалоба) және «Брайтоннан» (1:3) жеңіліс. Соңғы кезеңдегі жалғыз жеңіс — Кубоктағы «Линкольнге» (2:1) қарсы матч.
«Бенфика»
Лиссабондықтар биыл батыл қадам жасап, бас бапкер ретінде Жозе Моуриньюді шақырды. «Особенныйдың» келуімен команда бірден серпін алды: Примейрадағы соңғы үш ойында екі жеңіс, бір тең нәтиже — АБС-ты 3:0, «Жил Висентені» 2:1 есебімен ұтты, «Риу Авемен» 1:1 тең түсті. Ал Чемпиондар лигасының алғашқы турында күтпеген жерден «Қарабахқа» (2:3) есе жіберді.
Фактілер мен сандар
- Соңғы 5 матчта «Челси» тұрақты түрде «екеуі де гол соғады» бәсін жапты.
- Лондондықтардың ойындарында қатарынан 5 рет «тотал 2,5-тен жоғары» ставкасы өтті.
- «Бенфика» соңғы 5 кездесудің төртеуінде жеңілген жоқ.
ASnews.kz болжамы
«Челсидің» қазіргі формасы күмән тудырады, ал Моуриньюмен «Бенфика» әлдеқайда жинақы көрінеді.
- Негізгі болжам: «Бенфика» жеңілмейді.
- Баламасы: екі команда да гол соғады — иә.
Читайте также
Главные новости
Бывший нападающий «Лестера» — о Сатпаеве: может стать суперзвездой в Англии
1Турнирная таблица













































































































