Шотландиядағы «Қайрат» жанкүйері – «Селтикпен» болатын матч жайлы: алматылықтарды бағаламауға болмай
17 августа, 20:30
Фото: Қайрат ФК
Шотландиялық блогер және алматылық «Қайраттың» көптен бергі жанкүйері Саймон Хилдич BorodAbata.kz тілшісі Әлім Динасыловқа берген сұхбатында Чемпиондар лигасының плей-офф раундындағы «Селтик» пен қазақстандық клуб арасындағы матч туралы пікірімен бөлісті.
«Селтик» команданы күшейтуді көздеп отыр
Хилдичтің айтуынша, шотландиялық клубтың трансферлері жанкүйерлерді қатты таң қалдырмаған.
«Менің ойымша, Киран Тирнидің қайта оралғанын қоспағанда, «Селтик» осы жазда құрамын күшейте алмады. Жанкүйерлер мен бас бапкер жаңадан келген ойыншыларды көбірек көргісі келеді, бірақ әлі ештеңе болған жоқ. Өткен маусымда тамаша өнер көрсеткен Николас Кюн клубтан кетті, оның орны қаььы білінейін деп тұр. Жотада (Жуан Фелипе) жарақат бар, бұл да команда үшін үлкен шығын», – деді ол.
«Бірінші матч көп нәрсені шешеді»
Клуб жанкүйері Глазгодағы алғашқы матч шотландиялықтар үшін шешуші рөл атқаратынына сенімді.
«Егер «Селтик» негізгі кезеңге шыққысы келсе, бірінші матчта текетірестің тағдырын шешуі керек. Әйтпесе, Алматыда өте қиын матч болады. «Қайрат» тарих жасап, соңына дейін күресуге дайын. Шотландиялық клубтардың Қазақстандағы статистикасы көңіл көншітпейді, сондықтан «Селтик» өз қарсыласын бағаламаса болмайды. Алматыдағы атмосфераны көріп жүрсіздер, ойыншылар бұған дайын болуы керек. Бірақ «Селтик Парктегі» еурокубок матчтарында қандай атмосфера болатынын бәрі біледі», – деді Хилдич.
«Қайратта» мықты құрам мен академия бар
Блогердің айтуынша, қазақстандық клуб бүгінде өте күшті ұжымға айналған.
«Қайрат» қазір бабында тұр, ең бастысы Глазгода интриганы сақтап қалу қажет. Егер мұны жасаса, турнирдің жалпы кезеңіне шығуы мүмкін. Клубтың керемет инфрақұрылымы бар, жетіспейтін жалғыз нәрсе – стадион. Клуб иесі Қайрат Боранбаев шын мәнінде керемет дүниелер жасауда. Атап айтқанда, «Қайрат» академиясы қазірдің өзінде Қазақстан футболының болашақ жұлдыздарын шығаруда», - деді Хилдич.
Сәтпаев феномені
«Қайрат» жанкүйері клубтың түлектерін де ерекше атап өтті.
«Дастан Сәтпаев жасына қарамай жақсы ойнауда. Ол үлкен талант. Болашақта «Челсиде» өзін көрсете алады деп ойлаймын, бірақ әзірге «Қайрат» оның ойынынан ләззат алуы керек. Әділет Садыбеков те қызық ойыншы. Өткен маусымда ауыр жарақат алғаны өкінішті, бірақ ол бірте-бірте қалпына келеді».
«Уразбахтиннің ерен еңбегі»
Хилдич «Қайрат» бапкерінің еңбегін назардан тыс қалдырған жоқ.
«Рафаэль Уразбахтинге алғыс айтуымыз керек. Ол өткен маусымда «Қайратты» чемпиондыққа жетелеп қана қойған жоқ, сонымен қатар әлемдегі ең мықты клубтық турнирге бір табан жақын тұр. Команда жеңілсе де, Еуропа лигасы олар үшін үлкен жетістік болады», – деп есептейді блогер.
«Алға, Қазақстан!»
Соңында шотландиялық азамат алматылық командаға сәттілік тіледі.
«Қайратқа» және клубтағылардың барлығына сәттілік тілеймін. Мүмкін, олар: «бір күні Орталық стадионда Чемпиондар лигасының әнұраны шырқалады» деген менің сөздерімді есіне алатын шығар», – деді Хилдич.
20-нан 21 тамызға қараған түні алматылық «Қайрат» Глазгода Чемпиондар лигасының плей-офф раундындағы алғашқы ойынын «Селтикке» қарсы өткізеді. Қарымта матч 26 тамызда Алматының Орталық стадионында өтеді.
Читайте также
Главные новости
Эксперт — о матче «Селтик»–«Кайрат»: у шотландцев нет опорника и бомбардира
2Турнирная таблица
Астана
Кайрат
Тобол
Актобе
Елимай
Окжетпес
Женис
Ордабасы
Жетысу
Кызылжар
Кайсар
Туран
Улытау
Атырау
Манчестер Сити
Сандерленд
Тоттенхэм
Ливерпуль
Ноттингем Форест
Арсенал
Лидс
Брайтон
Фулхэм
Астон Вилла
Челси
Кристал Пэлас
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Манчестер Юнайтед
Борнмут
Брентфорд
Бёрнли
Вест Хэм
Вулверхэмптон
Барселона
Райо Вальекано
Хетафе
Вильярреал
Атлетик Бильбао
Алавес
Эспаньол
Эльче
Бетис
Реал Сосьедад
Валенсия
Осасуна
Реал Мадрид
Севилья
Атлетико Мадрид
Леванте
Жирона
Сельта
Реал Овьедо
Мальорка
Кёльн
Хейденхайм
Байер 04
Бавария
Боруссия Дортмунд
Боруссия М
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Санкт-Паули
Майнц
Гамбург
РБ Лейпциг
Фрайбург
Хоффенхайм
Унион Берлин
Штутгарт
Вольфсбург
Вердер
Милан
Фиорентина
Рома
Аталанта
Болонья
Кальяри
Комо
Дженоа
Верона
Интер Милан
Ювентус
Лацио
Парма
Пиза
Сассуоло
Наполи
Торино
Удинезе
Кремонезе
Лечче
Монако
Осер
Анже
Лион
ПСЖ
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лилль
Брест
Лорьян
Метц
Нант
Ницца
Марсель
Париж
Ланс
Гавр
Әлім Динасылов

