«Динамо Сити» – фаворит»: «Астананың» экс-шабуылшысы – КЛ-дағы жеребе туралы
25 июня, 08:19
Фото: Аздрен Лулаку
Албания құрамасының және «Астананың» бұрынғы шабуылшысы Аздрен Лулаку ASnews.kz сайтына берген сұхбатында елордалық клубтың Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде албаниялық «Динамо Ситиге» қарсы өтетін кездесуінен не күтетінін айтты.
Жұптың фавориті туралы
«Меніңше, қазір «Астана» үшін ең бастысы – Албаниядағы матчта жеңілмеу. Ал өз алаңында, өз жанкүйерлерінің алдында жеңісті жұлып алу керек, өйткені «Астана» өз үйінде әрқашан өте жақсы ойнайды. Бізді екі мықты команданың тартысты ойыны күтіп тұр.
Әрине, мен бұл клубта өнер көрсеткен уақытта «Астана» еурокубоктарда алапат күш еді. Бірақ қазір де, барлық қиындықтарға қарамастан, команданың жақсы нәтижелерге қол жеткізуге әлеуеті мен сапасы жетеді. Мүмкін, бүгінгі таңда «Динамо Сити» фаворит сияқты көрінетін шығар, дегенмен «Астана» өз алаңында мықты ойнайды».
«Динамо» тарапынан болатын басты қауіп
«Тираналық клубтың шабуыл шебі өте қауіпті. Қарсыластың шабуылшылары үлкен мәселе тудыруы мүмкін. Осы себепті «Астананың» қорғаушылары өте сақ қимылдап, матчтың барлық 90 минутында барынша концентрацияларын жоғалтпауы керек».
Ойынға болжам
«Иә, өз алаңыңда ойнау факторының маңызы зор. Өз үйінде «Астана» әрқашан жақсы өнер көрсетеді, оның үстіне адал жанкүйерлер команданы алға қарай демеп отырады.
Болжамға келетін болсақ, менің ойымша, Албанияда командалар 1:1 есебімен тең ойнайды. Қазақстандағы қарымта матчта да тең есеп тіркеледі деп ойлаймын, сондықтан ойын пенальти сериясына дойын баруы әбден мүмкін. Қос командаға да сәттілік тілеймін», – деді Лулаку.
Елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне шығу үшін албаниялық «Динамо Ситимен» күш сынасады. Алғашқы кездесу 2026 жылдың 9 шілдесінде Тиранада, қарымта матч 16 шілдеде Қазақстанда өтеді.
Аздрен Лулаку қазақстандық жанкүйерлерге 2017 жылғы маусымдағы ойындары арқылы жақсы таныс. Сол жылдың бірінші жартысында албаниялық форвард «Астана» клубының намысын қорғап, барлық турнирлерде 19 матч өткізді (бір гол, екі ассист) және Қазақстан чемпионы атанды. Маусымның екінші бөлігін Лулаку қостанайлық «Тобылда» жалдау шарты бойынша өткізіп, ол жақта 13 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.
Читайте также
Главные новости
«Верю, что «Тобол» вернется в топы»: Сенхаджи – о дружбе с игроком «Реала», РПЛ и еврокубках
1«Это информационная атака на КФФ»: Маулен – о сливе зарплаты Байсуфинова и хаосе в сборной
3Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Улытау
Актобе
Астана
Елимай
Атырау
Женис
Жетысу
Кызылжар
Кайсар
Тобол
Иртыш
Алтай
Каспий
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов