«Қайрат» қорғаушысы – «Арсеналмен» болған матч жайлы: лайықты түрде ойнадық
29 января, 07:39
Фото: Егор Сорокин
«Қайрат» клубының қорғаушысы Егор Сорокин «Арсеналға» қарсы өткен Чемпиондар лигасының матчынан кейін ASnews.kz сайтына берген сұхбатында команданың ойынына баға берді.
«Жеңіске жете алмағанымызға қынжыламыз. Бірақ барлық жағдайды ескерсек — маусымның соңы, ұзақ үзіліс, қарсыластың деңгейі — біз лайықты түрде ойнадық деп ойлаймын. «Қайрат» әзірге мұндай топ-клубтармен көп ойнаған жоқ.
Біз соңына дейін күрестік, барымызды салдық. Ойын біз қалағандай болмаған шығар, бірақ қарсы тұрып, соққыға төтеп бергенімізге қуаныштымыз. Құдай қаласа, болашақта «Қайрат» Еуропада бәсекеге қабілетті командаға айналады», – деді қорғаушы.
Сорокин Лондонға арнайы келген жанкүйерлерге де алғыс айтты.
«Әрине, жанкүйерлердің үміті зор болды. Бұл – біздің алғашқы тәжірибеміз, сондықтан оларға нағыз мереке сыйлай алғанымызға қуаныштымыз. Жалпы алғанда, бұл Қазақстан футболы үшін үлкен серпін болды.
Бізді қолдап келген барлық жанкүйерге үлкен рахмет. Автобустан адамдардың қазақ туын ұстап, бізге қол бұлғап тұрғанын көрдік. Атмосфера керемет болды. Мұндай грандтарға қарсы Чемпиондар лигасында ойнау – әрбір футболшының арманы. Біз бұл деңгейге өз еңбегімізбен жеттік», – деп түйіндеді ол.
Чемпиондар лигасының сегізінші тур ойынында «Арсенал» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Лондондық клуб сапында Виктор Дьокереш (2-минут), Кай Хаверц (16) және Габриэл Мартинелли (38) гол соқты. Ал «Қайрат» құрамында Жоржинью 7-минутта пенальтиді сәтті пайдаланса, қосымша уақытта (90+4) Рикардиньо мергендік танытты.
«Арсенал» 24 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынды иеленді. Ал «Қайрат» бар болғаны бір ұпай жинап, соңғы орынмен турнирдегі жорығын аяқтады.
Матчтан кейін Сорокин алматылық клубтан кететінін растады.
Читайте также
Главные новости
Экс-бомбардир сборной Узбекистана: интересно, для чего «Астана» арендовала Абдурасулова
1Экс-легионер РПЛ – о тренере «Актобе»: в Кыргызстане не осилили требований Тарковича
3Игрок «Эльче» рассказал о казахе в «Барселоне»: всегда выделялся среди толпы
4Турнирная таблица
Астана
Ордабасы
Окжетпес
Кайрат
Елимай
Кызылжар
Улытау
Иртыш
Атырау
Актобе
Алтай
Женис
Кайсар
Жетысу
Каспий
Тобол
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Кристал Пэлас
Лидс
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Эспаньол
Валенсия
Жирона
Райо Вальекано
Севилья
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Хоффенхайм
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Лацио
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Брест
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов