Бельгиядағы қазақстандық маман – «Брюгге» жанкүйерлері жайлы: Борат үшін тұтқындау қажет
24 января, 16:13
Фото: Брюгге ФК жанкүйерлері
Бельгиялық «Левен» клубының диджитал-менеджері Қасым Халиев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Астанада «Борат» фильмінің кейіпкері ретінде жүрген «Брюгге» жанкүйерлерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді.
«Бельгияда бұл фильмді шынымен жақсы көреді. Мен жергілікті адамдарға Қазақстаннан келгенімді айтсам, олар бірден: «О, Борат!» деп айтады. Ал фильмнің шын мәнінде Румынияда түсірілгенін айтсаң, қатты таңғалады.
Бізде Average Rob деген блогер бар, оны осы елдегі ең танымал блогердің бірі деуге болады. Бір кездері ол ағасымен бірге Бораттың бейнесіне еніп, көпшілікке ұнайтын контент жасаған. Бірақ бұл жанкүйерлердің қамауға алынуы – дұрыс шешім.
Мен бельгиялықтардың иммигранттар мен туристерге: «Қонақ болып барған еліңді құрметтеуің керек» деп айтатынын жиі көремін. Алайда өздері сол қағиданы елемей жатады. Оларды тұтқындау әділ шешім болды», – деді Халиев.
«Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы матчтан (1:4) кейін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Бельгияның үш азаматы ұсталды. Олар мас күйінде «Астана Арена» стадионының трибуналарына арнайы шомылатын киіммен шыққан.
«Борат» – Саша Барон Коэн түсірген америкалық-израильдік псевдодеректі комедия. Фильмде ойдан шығарылған қазақстандық журналисттің бейнесі көрсетіледі. Бұл туынды Қазақстанды жағымсыз қырынан танытқаны үшін елде үлкен наразылық тудырған.
Қасым Халиев 2012 жылдан бері Еуропада тұрады. Алматы облысы Шелек ауылының тумасы Бельгия чемпионатындағы клубтың әлеуметтік желісіне жауап береді.
Бұған дейін бельгиялық сарапшы әрі журналист «Астана Аренадағы» оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.
Читайте также
Главные новости
Экс-президент «Локомотива» – о Самородове: хорошо смотрелся в последней игре
3Турнирная таблица
Актобе
Астана
Кызылжар
Кайрат
Иртыш
Ордабасы
Елимай
Женис
Кайсар
Окжетпес
Атырау
Улытау
Каспий
Алтай
Тобол
Жетысу
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Челси
Ливерпуль
Брентфорд
Эвертон
Борнмут
Фулхэм
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Кристал Пэлас
Брайтон
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Атлетико Мадрид
Вильярреал
Бетис
Сельта
Эспаньол
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Валенсия
Райо Вальекано
Севилья
Жирона
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Аугсбург
Гамбург
Унион Берлин
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Майнц
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Рома
Ювентус
Аталанта
Болонья
Сассуоло
Лацио
Удинезе
Парма
Дженоа
Кальяри
Торино
Лечче
Фиорентина
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Ренн
Лилль
Монако
Страсбур
Брест
Лорьян
Анже
Тулуза
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлишер Аманжол