Бельгиялық эксперт – «Қайраттың» ойыны жайлы: «Брюггенің» қателесуге құқығы жоқ
15 января, 10:15
Фото: Брюгге ФК
Бельгиялық HLN порталының сарапшысы Томас Таке ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы матчтан не күтетінін айтты.
Оның сөзінше, Бельгия Кубогынан шығып қалғаннан кейін Чемпиондар лигасындағы ойындар «Брюгге» үшін бұрынғыдан да маңызды бола түскен.
«Егер қалған матчтарда олар «Қайрат» пен «Марсельді» жеңсе, плей-оффқа өту ықтималдығы жоғары. Ал бір ойында ұтылса, бұл үлкен сәтсіздік болады. Мұндай жағдай чемпиондық жарыста да қысымды күшейтеді.
«Брюггенің» Бельгиядағы мәртебесі Германиядағы «Бавария» немесе Нидерландтағы «Аякс» секілді. Олар кемінде екі жылда бір рет чемпион атануға міндетті. Сондықтан жергілікті жанкүйерлер Астанадағы қателікті кешірмейді. Ал ұзақ әрі шаршататын сапарды ескерсек, матч оңай болмайын деп тұр. Менің білуімше, клуб басшылығы футболшыларға қажетті жағдайдың барлығын жасап жатыр», – деді Таке.
Сондай-ақ сарапшы «Брюггенің» жаңа бас бапкері Иван Леко жайлы пікір білдірді:
«Чемпионатта Леко командамен қатарынан үш матчта жеңіске жетіп, Ники Хайеннің қызметтен кетуіне наразы болғандарды тыныштандырды. Қазір бәрі орнына келгендей. Оның үстіне, Леко 2017-2019 жылдары да «Брюггені» жаттықтырған. Дегенмен, соңғы «Шарлеруаға» қарсы жеңіліс көп сұрақ тудырады», – деп қосты ол.
Бельгия Кубогының ширек финалында «Брюгге» сырт алаңда күтпеген жерден «Шарлеруаға» 0:2 есебімен есе жіберді. Қазір бұл команда турнир кестесіндегі қауіпті аймақтан небәрі төрт ұпай ғана алда тұр.
20 қаңтарда «Қайратқа» қарсы ойын алдында Леконың командасы тағы бір матч өткізеді. Қарсыласы – турнир аутсайдері саналатын «Ла-Лувьер». Соған қарамастан, «Ла-Лувьердің» ойыншылар құны 15,2 миллион еуроға бағаланады, бұл «Қайратқа» қарағанда (14,1 млн еуро) сәл қымбат.
Бұған дейін «Қызылжарда» ойнаған бельгиялық қорғаушы Брайан Ван Ден Богарт та «Қайраттың» «Брюггеге» қарсы матчтағы мүмкіндіктерін бағалаған болатын.
Читайте также
Главные новости
Директор из Молдовы с зарплатой в 10 млн устроил соотечественника в сборную Казахстана
2Алип – об отношениях с фанатами «Зенита»: часто узнают на улицах Петербурга
3Турнирная таблица
Актобе
Алтай
Астана
Атырау
Иртыш
Каспий
Кызылжар
Ордабасы
Елимай
Женис
Кайрат
Кайсар
Окжетпес
Тобол
Улытау
Жетысу
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Борнмут
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Кристал Пэлас
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Атлетико Мадрид
Вильярреал
Бетис
Сельта
Эспаньол
Реал Сосьедад
Атлетик Бильбао
Осасуна
Хетафе
Севилья
Жирона
Валенсия
Райо Вальекано
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Аугсбург
Унион Берлин
Гамбург
Боруссия М
Кёльн
Майнц
Санкт-Паули
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Рома
Комо
Ювентус
Аталанта
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Лацио
Парма
Кальяри
Торино
Дженоа
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Пиза
Верона
ПСЖ
Ланс
Лион
Марсель
Лилль
Ренн
Монако
Страсбур
Брест
Лорьян
Тулуза
Анже
Гавр
Париж
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлишер Аманжол