Испаниялық футболшы – «Қайрат» – «Реал» ойыны жайлы: сенсация болуы мүмкін
24.09.2025 16:34
Фото: Мигель Анхель Хунко Мартинес
«Жеңістің» бұрынғы шабуылшысы Мигель Анхель Хунко Мартинес ASnews.kz тілшісіне «Қайраттың» Чемпиондар лигасының екінші турында «Реалмен» болатын ойыны туралы пікір білдірді.
«Бұл «Қайрат» үшін өте маңызды матч болады, өйткені, биыл «Реал Мадрид» өте күшті көрінеді. Бірақ бұл футбол – сіз ешқашан не болатынын білмейсіз, мүмкін сенсация болатын шығар. Өткен маусымда Чемпиондар лигасында не болғанын ескере отырып, «Реал Мадрид» барлық көшбасшыларын Алматыға әкеледі деп ойлаймын. Турнирдің жаңа форматында олар әр ойында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне мүмкіндігінше тезірек шығуды көздейді», – деді испаниялық футболшы.
Мика деген атпен танымал Мигель Анхель Хунко – испаниялық «Райо Кантабрия» клубының түлегі. Кәсіби мансабында «Альмудевар», «Сариньену», «Туделано», «Марино Луано», «Херес Депортиво» және «Химнастика Сеговиана» командаларында ойнады.
Ал Испаниядан тыс камбоджалық «Свайриенге», малайзиялық «Негри Сембилан» және финляндиялық «KTП» командаларында ойнады. Дәл сол «КТП» клубымен бірге ол Финляндияның жоғарғы дивизионына шығып, 2022 жылғы маусымның үздік сұрмергені және ойыншысы атанды.
Қазақстанда Мика «Жеңіс» сапында бес кездесу өткізіп, екі гол соқты. Кейінірек қос тарап келісімшартты бұзу туралы ортақ мәмілеге келді.
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Читайте также
Турнирная таблица
Астана
Ордабасы
Окжетпес
Кайрат
Елимай
Кызылжар
Улытау
Иртыш
Атырау
Актобе
Алтай
Женис
Кайсар
Жетысу
Каспий
Тобол
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Кристал Пэлас
Лидс
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Эспаньол
Валенсия
Жирона
Райо Вальекано
Севилья
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Хоффенхайм
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Лацио
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Брест
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов