Сәтпаев бастапқы құрамда: Алонсо «Вестерн Сидней Уондерерспен» өтетін матчқа «Челсидің» құрамын жариялады
28 июля, 13:33

Фото: Дастан Сәтпаев
17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Хаби Алонсоның басшылығымен өткізілетін «Челсидің» алғашқы матчында алаңға алғашқы минуттардан бастап шығады.
«Қайрат» түлегі Сиднейдегі бақылау кездесуінде лондондықтардың шабуыл шебінен орын алды.
Испаниялық маман Тосин Адарабиойо мен Лиам Делаптың тәжірибесін «көктердің» академиясынан шыққан жас таланттармен ұштастырып, эксперименттік құрамға сенім артты.
«Челсидің» бастапқы құрамы:
Қақпашы: Тедди Шарман-Лоу
Қорғаушылар: Джош Ачеампонг, Тосин Адарабиойо, Кайден Субулойе, Лэндон Эменало
Жартылай қорғаушылар: Реджи Уолш, Реджи Уотсон, Дарио Эссуго
Шабуылшылар: Лиам Делап, Дастан Сәтпаев, Райан Кавума-Маккуин
Аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы матч жазғы маусымалды турне аясында «көктер» үшін алғашқы ойындық сынақ болмақ. Еске сала кетейік, Сәтпаев тамыз айында 18 жасқа толғанда келісімшартқа ресми түрде қол қоюды күтіп, негізгі командамен бірге толыққанды дайындық жүргізіп жатыр.
Сәтпаевқа еріп Еуропаға кете ме? ҚПЛ-2026 маусымының басты таланты Жасұлан Әмір жайлы не білеміз?
Әлім Динасылов