«Манчестер Сити»—«Ньюкасл Юнайтед»: қалалықтар финалға қиындықсыз шығады
4 февраля, 14:25

Фото: «Манчестер Сити»—«Ньюкасл Юнайтед»
5 ақпанға қараған түні «Манчестер Сити» Ағылшын лига кубогының 1/2 финалындағы қарымта матчта өз алаңында «Ньюкасл Юнайтедті» қабылдайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Манчестер Сити»
Пеп Гвардиоланың командасы бұл кездесуге жұмыс режимінде, бірақ мінсіз формада емес күйде келеді. Соңғы бес ойында «Сити» екі рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең түсіп, екі матчта жеңілді. Дегенмен, өз алаңында «қалалықтар» әлдеқайда сенімді ойнайды және қарсыласына ойын тізгінін сирек береді.
Формасы толық тұрақталмаса да, «Сити» допты бақылау, тактикалық ұйымшылдық және құрам тереңдігі жағынан жоғары деңгейін сақтап отыр. Алғашқы матчтағы екі голдық басымдықты ескерсек, алаң иелері есепке ойнап, прагматикалық футбол көрсетуіне толық мүмкіндік бар.
«Ньюкасл Юнайтед»
Эдди Хау шәкірттері қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Соңғы бес матчта бар болғаны бір жеңіс, екі тең ойын және екі жеңіліс тіркелді. Сонымен қатар шабуылда айқын мәселелер байқалады — осы аралықта небәрі 4 гол соғылған.
Финалға шығу үшін қонақтарға барынша тәуекелге барып, ашық ойнауға тура келеді. Алайда «Манчестер Сити» секілді қарсыласқа қарсы мұндай тактика көбіне қорғаныстағы қиындықтарға алып келеді.
Фактілер мен сандар
- «Манчестер Сити» алғашқы матчта 2:0 есебімен жеңіске жетті
- «Ньюкасл» соңғы 5 ойында 5 гол соқты
- «Сити» өз алаңында қатарынан 9 матчта жеңілмей келеді
- «Ньюкаслдың» соңғы 5 ойынының 4-інде 3 голдан аз соғылған
ASnews.kz болжамы
Алғашқы ойынның нәтижесі мен командалар арасындағы класс айырмашылығын ескерсек, «Манчестер Сити» бұл матчта асығыстық танытпайды. «Ньюкасл» тәуекелге баруға мәжбүр, алайда камбэк жасауға ресурстары жеткіліксіз. Алаң иелері қарсыластықты сенімді түрде қажетті нәтижеге дейін жеткізеді.
- Негізгі болжам: «Манчестер Ситидің» жеңісі
- Альтернативті болжам: Матчтағы жалпы тотал 3.5-тен төмен
Өміржан Солтангельдинов