Матч орталығы
Olimpbet бейілділік бағдарламасын ойынға айналдырды: Altyn Games жүйесі қалай жұмыс істейді
6 қазан, 13:22

Фото: Altyn Games
Жаңа бейілділік жүйесінде пайдаланушылар жинақталған ұпайларды қалай жұмсауды өздері шешеді: оларды шағын ойындарда көбейтуге, мәртебесін көтеруге немесе бағалы сыйлықтарға айырбастауға болады.
1 қазаннан бастап букмекерлік кеңсенің танымал көтермелеу бағдарламасы үйреншікті шеңберден шығып, Altyn Games – кейінгі сыйақылар пайдаланушының өз әрекеттеріне тікелей байланысты болатын геймификацияланған жеке экожүйеге айналды.
Altyn Games қалай жұмыс істейді
Пайдаланушы түрлі тапсырмаларды орындап, ішкі валюта – алтындарды алады. Оларды жинауға, шағын ойындарда көбейтуге немесе A-Market арнайы «Сыйлықтар витринасында» айырбастауға болады. Тапсырмалар базалық (жаңадан келгендер үшін тіркелу және идентификациядан өту) деңгейден бастап, апталық айналымға, жекелеген матчтарға немесе турнирлерге бекітілген тұрақты тапсырмаларға дейін өзгереді.

Бәс тігулер сериясы және мәртебелер жүйесі
Күнделікті белсенділікке ерекше назар аударылған: күн сайын кемінде 100 теңгеден бәс тігу бонустық серияны іске қосады. Қатарынан бес күн 200 ұпай, он күн – 500, одан әрі әрбір келесі бес күн үшін 500 алтыннан әкеледі. Ең болмағанда бір күн жіберіп алған жағдайда, серия жойылады. Сондай-ақ, аптасына 38 000 ұпайға дейін жинауға мүмкіндік беретін айналым бойынша үйреншікті тапсырмалар да сақталған.
Ұпайлардан бөлек, Altyn Games-те күйіп кетпейтін мәртебелер жүйесі енгізілген. Ойыншының жолы «Мыс» деңгейінен басталып, «Қола», «Күміс», «Алтын» арқылы ең жоғарғы – «Гауһар» деңгейіне дейін жалғасады. Мәртебенің әрбір көтерілуі үшін бонустық алтындар (10 000-нан 250 000 ұпайға дейін) беріледі, олардың жарамдылық мерзімі – 30 күн.

Сыйлықтар және премиалды KHAN CLUB
Жиналған алтындар A-Market дүкенінде фрибеттер мен озық техникаға айырбасталады. Қазірдің өзінде дүкенде iPhone 17 Pro, Samsung Galaxy S26, PlayStation 5 Slim және iPad қолжетімді.

Сонымен қатар, үлкен айналымы бар (аптасына 10 млн теңгеден бастап) клиенттер үшін элиталық дивизион – KHAN CLUB іске қосылды. Премиалды бағдарлама қатысушылары жоғары кэшбэк, басым қызмет көрсету, жеке менеджердің қызметтері және жабық іс-шараларға шақыртулар алады.
Бірнеше жыл бойы Olimpbet-тің негізгі бейілділік бағдарламасы салалық сыйлықтармен бірнеше рет марапатталған «Бонус-клуб» болып келді. Оның аясында компания ай сайын клиенттерге шамамен 1 млрд теңге аударып отырды. Жаңа бейілділік бағдарламаларының егжей-тегжейін букмекерлік кеңсенің сайтынан, қосымшасынан және әлеуметтік желілерінен білуге болады.
Ахмет Ержанов