Топ матчтар
Қарағандыдағы «Өрмекші-адам»: «Шахтер» Marvel-дің әлемдік премьерасын креативті түрде пайдаланды
7 тамыз, 08:36

Фото: Өрмекші-адамның маскасын киіп, «Шахтердың» шарфын тағып келген жанкүйер
Қарағандылық «Шахтер» «Өрмекші-адам: Жаңа күн» (Spider-Man: Brand New Day) суперқаһармандық экшнінің әлемдік тұсаукесеріне орай әлеуметтік желілерде стильді маркетингтік интеграция жасап, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Өрмек тордағы автобус және бастапқы құрамдағы Том Холланд
Бірінші лиганың «Каспий М-ге» қарсы өз алаңындағы матчына кеншілердің медиақызметі «Shakhter Studios» брендімен Marvel франшизасының эстетикасына толықтай негізделген промо-материалдар сериясын дайындады:
«ERTEN» постері: Студия логотипі бар матч алдындағы анонста суперқаһарман маскасының линзаларында Қарағанды стадионының көрінісі шағылысқан.
«BUGIN» афишасы: Стадионның үстіндегі алып өрмек торға шырмалған «Шахтердың» клубтық автобусы.
Бастапқы құрам: 11 негізгі ойыншы жазылған графика, оның басты кейіпкері қолына Өрмекші-адамның маскасын ұстаған Том Холланд болды.
Трибунадағы атмосфера
Клубтың бұл идеясы тек әлеуметтік желілерде ғана емес, стадионның өзінде де қызу қолдау тапты: жанкүйерлердің бірі қарағандылық ұжымды қолдауға тура Өрмекші-адамның маскасын киіп, «Шахтердың» шарфын тағып келді.
Еске сала кетейік, бірінші лиганың 17-турындағы «Каспий Ж-ға» қарсы матч 84-минутта Андрей Ульшин соққан голдың арқасында «Шахтердың» 1:0 есебіндегі минималды жеңісімен аяқталды. Қарағандылықтар қатарнан 10-шы жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты (46 ұпай).
«Өрмекші-адам: Жаңа күн» (Brand New Day) туындысы – Marvel киновселеннаясы аясында Том Холланд басты рөлді сомдаған төртінші сола фильм. Әлемдік прокаттағы ресми релиз 2026 жылдың 6 тамызында басталды.

Қатарынан оныншы жеңіс: «Шахтер» «Каспий Ж-ны» ұтып, бірінші лигадағы көшбасшылығын нығайтты
Әлім Динасылов