Матч орталығы
«Тобыл» қазақстандық қақпашымен келісімшартты ұзартпақ
13 қазан, 16:11

Фото: Данил Устименко
Қостанайлық «Тобыл» 26 жастағы қақпашы Данил Устименкомен еңбек шартын ұзарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Биылғы маусымда Устименко қостанайлықтар сапында барлық турнирлерде 19 матч өткізді.
Еске салайық, тамыз айында қақпашыны өз қатарына қосуға самаралық «Крылья Советов» клубы қызығушылық танытқан болатын.
Айта кетейік, ойыншының трансферлік құны 350 мың еуроға бағаланып отыр. Сондай-ақ, Устименконың еншісінде 2024 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өткізген бір ойыны бар.
Қазақстан жастар құрамасының вингері «Ақтөбеге» көшуге жақын
Әлім Динасылов