Матч орталығы

Хоккей
РесейКХЛ
АдмиралАдмирал
5:4Қос. уақытта
БарысБарыс
Теннис
ATPАлматы мужчины
Стефанос ЦиципасСтефанос Циципас
2:0Аяқталды
Михаил КукушкинМихаил Кукушкин
Хоккей
РесейКХЛ
СпартакСпартак
2:0Аяқталды
ЦСКАЦСКА
Теннис
ӘлемЭр-Рияд, выставочный турнир
Александр ЗверевАлександр Зверев
21:30Бүгін
Тейлор ФрицТейлор Фриц
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
КомоКомо
4:1Аяқталды
Манчестер ЮнайтедМанчестер Юнайтед
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ЛилльЛилль
2:4Аяқталды
ГалатасарайГалатасарай
Баскетбол
ЕуропаЕурокубок
СкайлайнерсСкайлайнерс
56:5804:10
ТенерифеТенерифе
Футбол
ИспанияЛа Лига
ЛевантеЛеванте
2:045+2
Атлетик БильбаоАтлетик Бильбао
Футзал
ӘлемФутзалдық әлем чемпионатының еуропалық іріктеуі
БельгияБельгия
2:1Үзіліс
СловенияСловения
Баскетбол
ЕуропаФИБА Еуропа кубогы, қыздар
Университарио Ферроль (Қ)Университарио Ферроль (Қ)
20:3002:38
Мерсин (Қ)Мерсин (Қ)
Баскетбол
ИспанияКороль кубогы
Альбасете БаскетАльбасете Баскет
37:3803:38
Гран КанарияГран Канария
Теннис
ЧелленджерЧелленджер Кали
Густаво ХейдеГуставо Хейде
0:01-сет
Хуан Пабло ВарильясХуан Пабло Варильяс
Теннис
ATPБрюссель мужчины
Готье ОнклинГотье Онклин
0:01-сет
Ян-Леннард ШтруффЯн-Леннард Штруфф
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
Реал МадридРеал Мадрид
00:00Ертең
ЛейпцигЛейпциг
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
БаварияБавария
00:00Ертең
АрсеналАрсенал
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
БрюггеБрюгге
00:00Ертең
ЛансЛанс
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
Астон ВиллаАстон Вилла
00:00Ертең
ВикингВикинг
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
БетисБетис
00:00Ертең
ФейеноордФейеноорд
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ИнтерИнтер
00:00Ертең
ШахтерШахтер
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
СпортингСпортинг
00:00Ертең
ЛАСКЛАСК

«ҚПЛ-ге көшкеніме өкінбеймін»: «Каспийдің» көшбасшысы Седько – Шойтымов, «Ертіс» және Беларусь құрамасы туралы

4 қыркүйек, 18:33

«ҚПЛ-ге көшкеніме өкінбеймін»: «Каспийдің» көшбасшысы Седько – Шойтымов, «Ертіс» және Беларусь құрамасы туралы

Фото: Павел Седько

Биыл премьер-лига сапы он белорус футболшысымен толықты. «Торпедо-БелАЗ» клубының экс-вингері Павел Седько «Ертісте» жұлдыз бола алмағанымен, «Каспий» сапында өз елінің жарқын өкіліне айналды. Солақай ойыншы нәтижелілік пен шешуші пастар бойынша чемпионат көшбасшыларының қатарында.

ASnews.kz басылымына берген сұхбатында ақтаулықтардың шабуылшысы:

  • бес дүркін чемпиондардың ішкі дағдарысы туралы айтып берді;

  • Шойтымовтың «Каспийден» кенеттен кеткенін еске алды;

  • Қазақстан мен Беларусь чемпионаттарын салыстырды.

– Павел, сіз маусымды Альшевскийдің «Ертісінде» бастадыңыз. Команда әр матчта ұтылып жатқан кезде бейімделу қаншалықты қиын болды? Кирилл Петровичтің Павлодарда жолы неге болмады?

– Біз жақсы бастадық – Шымкентте «Ордабасыға» қарсы (2:2) есепте 2:1 есебімен алда келе жаттық. Қарсыластың алдына чемпион атану мақсаты қойылғанын ескерсек, бұл – жаман нәтиже емес. Ал одан кейінгі ойындар – бір гол айырмасы болаған жеңілістер.

Ойын көрсеткіші бойынша «Ертіс» жақсырақ еді: допқа иелік етті, қауіпті сәттер тудырды, бірақ кей мүмкіндіктерде жай ғана сәттілік жетіспеді. Клуб басшылығы енді күте алмаған болар – нәтиже болмаған соң бапкермен қоштасуды жөн көрді. Иә, команда бірінші нөмірмен ойнады, бірақ футбол дегеніміз – жеңіс.

– Киім ауыстыратын бөлмедегі атмосфера қандай еді? Жанкүйерлер «Ертіске» көшбасшы жетіспеді деп топшылайды.

– Керемет болды. Жақсы жиналған ұжым Альшевскиймен бірден тіл табысып кетті, сондықтан жетіспеген жалғыз нәрсе – нәтиже. Қайта айтамын, ойын мен шеберлік тұрғысынан бәрі тамаша еді. Кейде солай болып тұрады.

Мен әлі күнге дейін «Ертіске» алаңдап жүрмін әрі клубқа сәттілік тілеймін. Онда өте керемет жандар жұмыс істейді. Жігіттер алға қойылған мақсатты орындап, премьер-лигада қалатынына сенімдімін.

Павел Седько «Ертіс» сапында

– Сіз «Каспий» сапында жарқырай түстіңіз – төрт гол мен үш ассист бар. Мұның сыры неде? Силла мен Ндомбазимен өзара түсіністік туралы айтып беріңізші.

– «Кенеттен жақсы ойнай бастадым» деп айтуға келмес – жай ғана қайта жүктеліп, өзімді еркін ұстай бастадым. Мен «Ертісте» нашар ойнаған жоқпын, бірақ ең жақсы ойынымды көрсете алмадым. Бұдан да жоғары деңгейде ойнай алатынымды білемін. Ал жігіттерге келсек, бәрі де мықты: қорғаныста да, шабуылда да аянбайды. Егер осы құрамды сақтап, нақты позицияларға бағытталған күшею жасасақ, келесі жылы жоғарырақ орындарға таласа аламыз.

Кеба мен Ноа – жылдам әрі жеке шеберлігі жоғары шабуылшылар, сондықтан біз алаңда өзара тіл табысуды тез таптық.

Салибамен ойнаған және Рибериді еске түсіретін Ндомбази – «Каспий» үшін топ-трансфер

– Ерлан Шойтымовтың сәтті серия кезінде кетуі таңқаларлық жағдай тудырды. Команда бас бапкердің ауысуын қалай қабылдады?

– Бұл өзіңнен бір бөлшегіңді жұлып алғандай әсер қалдырды. Ерлан Дарханұлы мені жеке өзі шақырған болатын. Алайда, бұл – өмір, әрдайым өзгерістерге дайын болуың керек. Мен өзім бірінші айналымды «Ертісте» өткіздім, ал қазір – мұндамын. Ең бастысы, адам өз жұмысын кәсіби түрде атқарып, жүз пайыз барын салуы тиіс. Қалғаны – Құдайдың қалауы.

Ұжымның маңызды мүшесінің кеткені жағымсыз әсер етті. Бапкер бізді әркім бір-бірі үшін соғысып, ұйымшыл әрекет ететіндей етіп біріктіре білді. Бір командалармен қарсы шабуылға негізделген ойын қойсақ, басқалармен допқа иелік етіп доминация орнаттық. Бұл – Дарханұлының еңбегі, бірақ ол командадан кеткелі біз «Елімаймен» тең түсіп (2:2), «Тобылды» жеңіп шықтық (1:0).

– 24 матч өтті, жергілікті инфрақұрылымның жағдайын қалай бағалайсыз?

– Мен жай ғана шетелдікпін, сондықтан баға беру – менің құзыретім емес. Бұл чемпионатты өзім таңдадым, ештеңеге шағымданбаймын. Кейбір стадиондар лық толы болады: матчтарға 10, 15, 20 мың адам келеді. Бәрі тамаша. Қазақстанда шоуды жақсы көретіні маңызды. Лига жарқын ойынымен және стандартты емес әрекеттерімен баурап алады.

– ҚПЛ-да техникалық, нәзік футбол көрсету оңай емес деген пікір бар. Осы көзқараспен келісесіз бе, әлде, керісінше, ешқандай қысым сезінбейсіз бе?

– Мен әрқашан техникалық элементтерді жақсы көргенмін – Рамазанға (Абылайханға) жасаған рабона пасын еске алыңызшы. Беларусьте де осындай нәрселерді жиі жасайтынмын: ұшып келе жатқан допқа соққы жасау, допты көтеру... Футбол – көрермен үшін, сондықтан оларды қуантып, тиімді ойнауға мүмкіндік болса, мен әрқашан қолдаймын.

Дерек: КПЛ-дің 19-турындағы «Женіске» қарсы матчта 28 жастағы белорус ойыншысының әсерлі пасы голға айналды (3:2).

– Жалпы алғанда, қай чемпионат бәсекеге қабілеттірек: Қазақстан ба, әлде Беларусь пе?

– Жарыс кестесінің жоғарғы бөлігін алатын болсақ, деңгейлері шамалас: екі біріншілікте де чемпиондыққа үш-төрт команда таласады. Бірақ кестенің ортасы мен екінші жартысы туралы айтатын болсақ, Қазақстан мықтырақ.

– Сіз өзбекстандық клубқа ауыса алатыныңызды мойындаған едіңіз. ҚПЛ-ды таңдағаныңызға өкінбейсіз бе?

– Ойымда түрлі нұсқалар болды, бірақ Кирилл Петрович тікелей шақырған соң ҚПЛ-ды таңдадым. Өкініш бар ма? Жоқ, керісінше – жаңа чемпионатқа келіп, жаңа таныстар тапқаныма қуаныштымын. Мұндағы футбол Беларусьтың жоғарғы лигасы мен ФНЛ-ден өзгеше. Менталитет те солай.

Жалғыз арманым – жоғарырақ орындар үшін таласу: чемпиондық, Кубок... Менің еншімде жүлделер аз емес (7 – ред. ескертпе), сондықтан олар үшін қалай күресу керектігін білемін. Қазақстанда бірдеңе ұтып алу үшін жұмысты жалғастыра беремін.

– «Тобылға» жерлесіңіз Виталий Лисакович ауысты. Көшер алдында сізбен ақылдасты ма?

– Ақылдасқан жоқ, бірақ Виталийді жақсы танимын. Біз жасөспірімдер мен жастар құрамасынан бірге өттік. Ол «Тобылға» өз орнын тапқан бойда үлкен пайда әкелетін талантты жігіт. Оған кедергі жасаудың қажеті жоқ – алаңда не істеу керектігін өзі де біледі.

– Оның бүлікші және «беларусьтік Балотелли» деген жаман атағында қаншалықты шындық бар?

– Виталик туралы тек жақсы пікір айта аламын. Менің ойымша, әрбір адамның ішкі дүниесі осындай. Біреу сабыр сақтайды, ал біреу – эмоциясын көрсетеді, сондықтан тек дұрыс жолын табу керек. Ол – білікті футболшы.

Павел Седько Беларусь ұлттық құрамасы сапында

– Бұл айда Беларусь құрамасы Ұлттар лигасында ойнайды. Виктор Гончаренкомен әңгімеңіз болды ма? Ұлттық команданың көшбасшысы болу мүмкіндігіңізді қалай бағалайсыз?

– Жоқ, Гончаренко мені қарастырып жатқан жоқ. Оның басқа үміткерлері бар. Бұл бапкер кезінде менің көшбасшы болуым екіталай. Соңғы рет ұлттық құрамада Карлос Алос кезінде ойнадым: Қазақстанға қарсы 4:1 және Ресеймен 4:1. Дәл сол бапкерден Ұлттар лигасының матчтарына шақырту алған едім, бірақ оқу-жаттығу жиынында жарақат алып қалдым.

«Құрама – демалыс орны емес»: Ван ’т Схип – Сәтпаевпен сөйлесуі, оқу-жаттығу жиыны, ҚПЛ және Ұлттар лигасы туралы

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  21 қазан, 20:33

Демченко Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыра ма? «Жеңістің» экс-бапкері өз жауабын айтты

1
ҚПЛ  21 қазан, 20:00

«Жанжал шешілді». «Жеңісте» Қуаттың клубтағы болашағы туралы айтты

2
ҚПЛ  21 қазан, 19:06

Исламбек Қуат «Жеңістен» кетеді: толығырақ

3
Еурокубоктар  21 қазан, 17:35

«Қайрат» жоқ жерден қауіп төндіре алады»: «Панатинаикос» бапкері Конференция лигасының матчы туралы

4
Еурокубоктар  21 қазан, 17:22

«Жеңіс үшін ойнаймыз»: «Панатинаикос» жартылай қорғаушысы «Қайратқа» қарсы матч туралы

5
ҚПЛ  21 қазан, 16:05

Иван Башич мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін: қызығып отырған клуб белгілі болды

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
28
21
4
3
38
67
2
ҚайратҚайрат
28
19
6
3
37
63
3
АстанаАстана
28
15
7
6
17
52
4
ОқжетпесОқжетпес
28
14
6
8
5
48
5
АқтөбеАқтөбе
28
13
6
9
7
45
6
ЕлімайЕлімай
28
12
8
8
2
44
7
ТобылТобыл
28
12
4
12
1
40
8
ҰлытауҰлытау
28
9
8
11
-7
35
9
КаспийКаспий
28
9
6
13
-8
33
10
ЖеңісЖеңіс
28
8
8
12
-9
32
11
АтырауАтырау
28
5
12
11
-10
27
12
ҚызылжарҚызылжар
28
7
6
15
-13
27
13
ЕртісЕртіс
28
6
8
14
-16
26
14
АлтайАлтай
28
6
8
14
-11
26
15
ЖетісуЖетісу
28
6
7
15
-18
25
16
ҚайсарҚайсар
28
4
12
12
-15
24