Матч орталығы
Куртуа, Сафоновпен бір қатарда: Покатилов Чемпиондар лигасындағы үздік қақпашылардың қатарына кірді
15 қазан, 17:14

Фото: Стас Покатилов
«Сабах» қақпашысы Стас Покатилов Чемпиондар лигасы екінші турының қорытындысы бойынша ең көп сейв жасаған голкиперлердің алғашқы бестігіне кірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық қақпашы «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойында бес, «Славия Прагаға» қарсы матчта алты сейв жасады. Покатиловтың алдында 14 сейвпен Доминик Такач («Слован»), Ян Зоммер («Брюгге»), 12 сейвпен Диогу Кошта («Порту») тұр.
Ал Стаспен бірдей сейв жасаған қақпашылардың қатарында Тибо Куртуа («Реал Мадрид»), Матвей Сафонов (ПСЖ) және Зион Судзуки («Астон Вилла») бар.

Покатилов сенімді ойынының арқасында 9,7 баллмен SofaScore порталының нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасы екінші турының символикалық құрамына да енді.
«Сабах» турнирдегі келесі ойынын өз алаңында 20 қазан күні «Боруссия Дортмундқа» қарсы өткізеді.
Ернар Ламқадыров